Адам өмірін құтқару-жоғары және жауапты миссия. Қазіргі таңда апатты жағдайға тап болғанда, адамға қол ұшын созу кез-келгеннің қолынан келе бермесі анық. Осыған орай, өзгенің өмірін сақтау үшін, өз жанын шүберекке түйіп қызмет етіп жүрген азаматтарымыздың жұмысымен танысу үшін, бүгін Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне барды. Мақсаты өңірдің ТЖД техникалық дайындығын көру.

Халық қалаулылары Сүлеймен Арыстанов, Қалыйма Жантөреева, Бекарыс Шойбеков заманауи техникалармен жабдықталған мекеменің жаңа ғимаратын аралап, жұмысымен танысты. Депутаттарға алдымен, №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алдында өрт сөндіру автокөліктері мен авариялық құтқару жабдықтары таныстырылды.

Аралаудан кейін, дағдарыс орталығында Департамент аппаратының басқарма, бөлім бастықтарымен арнайы кездесу өтті.
Облыста жалпы саны 40 өрт сөндіру депосы бар. Мекемеге қосымша нормаға сәйкес тағы да 31 өрт сөндіру депосы қажет етіледі.

Қазіргі таңға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністері мен ведомствалық бағынысты мекемелерімен қоса штат саны 1632 қызметкерді құрайды. Сонымен қатар, 203 өрт сөндіру техникамен меншіктелген.

Жалпы, 2024 жылдың 3 айында Түркістан облысының аумағында 141 төтенше жағдай орын алған. Зардап шеккендер саны 34 адамды құраса, қайтыс болғандар саны — 8. Материалдық шығыны 261 млн. 420 мың теңгені құрады. «112» шұғыл қызметінің телефондарына азаматтардан 56959 және «101» нөміріне 27 909 қоңырау келіп түскен.
2023 жылы лизингтік бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен жалпы соммасы 2 млрд. 569 млн. 837 мың 250 теңгеге 25 бірлік өрт техникасын сатып алынған.

Құтқарушы қызметкерлермен өткен жиында, облыстық ТЖД бастығы Асқар Даулетбайұлы, депутаттарға 2024 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстардың барысын баян етті. Мекеме жұмыстарының нәтижесіне тоқталды. Өз сөзінде, бүгінгі таңда химиялық қауіпті объектілерде апат орын алған жағдайда, химиялық зақымдану төнуі мүмкін аумақта тұратын халықтың 83,3% жеткілікті жеке қорғаныс құралдарының қоры сақталған.
Азаматтық қорғаныс саласы есептік кезеңде облыс аумағында тұрғындарды жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді үйрету мақсатында әртүрлі деңгейде 8 556 оқу-жаттығу мен жаттығулар өткізілген.
Облыс бойынша өрт қауіпсіздік саласында 48 124 объект бақылауда тұр. Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында су шаруашылық мекемелерімен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстардың су режиміне күнделікті мониторинг жүргізілуде,- деп атап өтті.

Кездесуде су қоймаларындағы адам өлімінің негізгі себебі – бұл ережелерді сақтамау, шомылуға бейімделмеген жерлерге суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік сусындарды ішу. Себептер мен мәселе белгілі, сондықтан түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу керек,-деп атап өтті Нұралы Әлмаханұлы. Сонымен қатар, шомылу маусымының жақындап келе жатқандығын ескерсек судағы қайғылы оқиғаларды, өрт жағдайларын болдырмау үшін, қаламыздағы БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, ескерту шараларын жүргізу қажет. Иә,бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерінің беделі жоғары. Бұл жауапты, қиын мамандық. Игеру кез-келген адамның қолынан келмейтіні анық. Сіздердің абыройлы қызметтеріңіз, бұл құтқарылған адам өмірімен өлшенеді ,- деген мәслихат төрағасы құтқарушылардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Профилактикалық мақсатта ТЖД мамандары күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, азаматтарды отпен жұмыс істеу кезінде қауіптен сақтандырып, жеке сектор бойынша рейдтерге шығады.
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексереді, тұрғындармен әңгімелеседі, тұрғын үйді өртке қарсы жабдықтаудағы кемшіліктерді анықтайды.

Кездесу соңында департамент бастығы жұмыс барысымен танысуға ниет білдіріп келген депутаттарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Құрметті тұрғын! Сіз де өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз! Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*