«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалыны қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар аудандағы құрылыс алаңшаларының жұмысы, жол, асфальт төсеу, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралуына ықпал жасау жайлы болды.
Қарабау елді мекенінен келген ауыл биі Зұлыпхар Сүлейменов салынатын кіші стадионның құрылысының басталуы жайлы сұрады.
Мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстарының жақын арада басталатындығы айтылды.
Сонымен қатар, Қарабау елді мекеніндегі ФАП-қа барар жолға асфальт жабындысы төселуі қажет екендігін жеткізді. Аудандағы жауапты мекемеге мәселені оң шешуді тапсырды.

Жібек жолы елді мекенінен келген тұрғын Бақтияр Ешмұратов облыстық маңызы бар жолдардан елді мекендерге кіретін жолдарды асфальт жабындысын төсеу керектігін фото суреттерімен көрсетті және жазбаша өтінішін қалдырды.
Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында арнайы мамандармен мәселенің басына барып көру керектігін ұсынды.
Қала тұрғыны Гүләйша Анарбаева ішкі көшелерін орталық кәріз құбырларына қосу жайлы мәселе көтерді.
Кәріз мәселесінің құжаттары сараптаудан шыққан, келесі жылға қаржысы қаралып құрылыс жұмыстары жасалатындығы жайлы жауапты мекеме басшысы тарапынан жауап берілді. Жомарт Әбдібаев бақылауда ұстауды тапсырды.

Жаңақұрылыс елді мекенінен келген ауыл биі Даулет Тұрсынбаев су құбырын жүргізілгеннен кейінгі жолдарды жөндеу және байланыс операторларының қондырғыларын орнату жайлы өтініш білдірді.
Жол жөндеу жұмысының қаржысы қаралған келесі жылға орындалады, байланыс операторлары жайлы өтініш беруін сұрап, ары қарай оң шешілуіне ықпал жасайтындығын айтты.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиев спорт комплексінің және асфальт жабындысын төсеу бойынша әзірленген құжаттарының пайдалану мерзімі өтпей жатып құрылыс жұмыстарының қаржысын қарауға ықпал жасауды сұрады.
Жомарт Әбдібаев құжаттарын алып, толық өз бақылауына ұстайтындығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, халық қалаулысы ауданда және қандай түйіні шешілмей тұрған мәселелер бар екендігін сұрап, ықпал жасайтындығын айтты.