Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жоспарға сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін қарап, алдағы жоспарларды талқылауда.
Кестеге сәйкес, мәслихат төрағасы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айтнұр Мырзагелдінің есебін тыңдады.
Басқарманың мәліметінше, 2025 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер, «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» индикаторы және «Ауылдық елді мекендерді сапалы мобильді интернетпен қамту» аумағы 95,2% пайызға, «Тұрғын үйлерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту» аумағы 39,8% пайызға жеткізу жоспарланған.

«Ақпарат және байланыс» саласында Түркістан облысында 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 8,8 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111,7 %-ды құрады.
Қазіргі таңда, облыс аумағында индикаторлардың мобильді интернетпен қамту аумағы 95,7% пайызды және үй жағдайындағы интернетпен қамту аумағы 42,7% пайызды құрайды.
Түркістан облысы аумағындағы жалпы 801 елді мекеннің 333 АЕМ 4G және 408 АЕМ 3G технологиялық ұялы байланыс интернет желісімен, 28 АЕМ 2G байланыс желісімен және 421 АЕМ-де талшықты оптикалық байланыс желісімен (бұдан әрі – ТОБЖ) қамтылған.
Қалған 32 АЕМ-де халық санының 250 тұрғыннан аз болуына және табиғи-географиялық күрделі жағдайларға байланысты байланыс және интернет желісімен қамтуға ұялы байланыс операторларының техникалық мүмкіндігі жоқ.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ұялы байланыс желісі жоқ 8 АЕМ ұялы байланыс операторларының жаңа базалық станциясын орнату жоспарына енгізіліп, жыл соңына дейін сапалы байланыс және интернет желісімен қамтылатын болады деп күтілуде.
Осы ретте, облыс аумағында 38 АЕМ халық саны 250-ден төмен болғандықтан министрліктің бекіткен критериіне сәйкес келмегендіктен ұялы байланыс операторларының міндеттемелеріне енбей қалған болса, халық саны 250-ден жоғары тағы 14 АЕМ сапалы мобильді интернет желісімен қамтуды қажет етеді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы облыс аумағында 79 елді мекенде ұялы байланыс және мобильді интернет желісінің сапасы артты. Атап айтқанда, 64 елді мекенде жаңа базалық станция іске қосылып, 15 елді мекеннің қолданыстағы базалық станциясына (2G немесе 3G) модернизация жасау жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, қолжетімділігі қиын ауылдық елді мекендерде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының №6 «КЖҚ қызметтерін ұсыну үшін ғарыш байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдық пункттерге дейін спутниктік арналарды ұйымдастыру» іс-шарасы шеңберінде облыс аумағындағы 8 ауылдық елді мекендерінде (Арыс қаласының Бұлақ, Ақтас, Дарбаза және Қазығұрт ауданының Өгем, Келес ауданының Тартоғай, Түлкібас ауданының Иірсу, Шардара ауданының Құйған, Отырар ауданының Қостерек ауылдық елді мекендері) «Jusan Mobile» АҚ тарапынан заманауи OneWeb спутниктік жүйесінің станциясы орнатылып, қоғамдық Wi-Fi интернеті жергілікті тұрғындардың қолдануына берілді.
Жалпы, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген. Алдағы уақытта бұдан қарқынды түрде жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысыТоқтар Усубалиевтың есебін қарап, алдағы жұмыстарды талқылады.
Басқарма басшысының айтуынша облыс бойынша коммуналдық салада жалпы ағымдағы жылы 220 нысан құрылысы іске асырылуда.
Осы нысандардың ішінде 121 нысанқұрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде. Атап айтқанда, басқарма тарапынан 1 нысан, аудан, қала әкімдіктері тарапынан 120 нысан тапсырылатын болады.
2025 жылы ауыз су саласы бойынша жалпы 66 нысанның құрылысына бюджеттен 45,8 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде, ағымдағы жылы 38 нысанды аяқтап, пайдалануға берілсе, қалған 28 нысан 2026 жылға өтпелі.
Жалпы ауыз су саласындағы құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда, облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен тұрақты штаб отырысында қаралуда.
Облыс көлемінде кәріз жүйелерімен қамту саласында 16 жобаның құрылысына 7,4 млрд. теңге бөлінген.
Соның ішінде 14 жоба қалаларда іске асырылып жатса, 2 жоба ауылдық елді мекендерде іске асырылуда.
Газдандыру саласында 2025 жылы 80 нысанның құрылысына 20,0 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде ағымдағы жылы 46 жоба (43 елді мекен, 73 мың халық) құрылысы аяқталған. 34 жоба 2026 жылға өтпелі.
Нәтижесінде, газдандыру деңгейі облыста 88,9% құрайтын болады.
Электр қуатымен қамту саласында 2025 жылы жалпы саны 47 нысанның құрылысына 6,9 млрд теңге бөлінді (53 елді мекен, жалпы саны 110,4 мың халық).
Оның ішінде 25 нысанның құрылыс ағымдағы жылы аяқталса, 22 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі.
Бүгінгі күнге, 19 нысанның құрылысы аяқталып, 16 елді мекенде тұратын 35,0 мың халық тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Қалған 6 нысан құрылысы ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларында аяқталмақ.
Жалпы бұл салада атқарылған жұмыстар айтарлықтай. Дегенмен, өзекті мәселелер де бар. Мәслихат төрағасы осы мәселерді шешу бойынша тиісті жұмыстарды үйлестіруді ұсынды.

Сондай-ақ, Нұралы Әбішов Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қуатжан Жұматаевты қабылдады.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырымды құрайды.
Басқарманың мәліметінше 2025 жылы облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 млрд.теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан н/е 1241,5 шқ. жолдар мен көшелер қамтылуда. Жыл қорытындысымен 233 нысан н/е 951,4 шқ. пайдалануға беріледі деп көзделуде.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 94,7%-ге жеткізу жоспарлануда.
Есепті кезеңде басқарма, аудан, қала әкімдіктері мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТОФ-ның арасында 123,4 млн.теңгеге келісімшарт түзіліп, филиал тарапынан жалпы 1063 дана сынама алынып, 376 сынама сәйкес келмеді.
Жол құрылыс сапасын арттыру мақсатында облыс тарапынан жол құрылысының нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін сынамалары бойынша жауапты мердігер мекемелерге 40-қа жуық ескерту беріліп, жалпы 18,4 млн.теңге айыппұл салынып, мердігер мекемелер есебінен 52 920 м2 (10 шқ) немесе 421,4 млн.теңгенің асфальт жабындысы бұзылып, қайта салынды.
Алдыңғы жылдарға қарағанда жол құрылысының нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар саны 30%-ға азайып отыр.
Жалпы, мәслихат төрағасы қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін тиісті жұмыстарды жалғастыруды және қысқа дайындықты ұйымдастыруды ұсынды.
Бұдан бөлек, мәслихат төрағасы Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму бақармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың есебін тыңдады.
Басқарма басшының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары қорытындысы бойынша 1 256,8 млрд. теңге өнім өндіріліп, негізгі көлем индексі – 113,4% құрады. Аталған салада 350 ден аса кәсіпорын жұмыс жасап, 36,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазуда 2025 жылы қаңтар – қазанда 574,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың қаңтар – қыркүйекімен салыстырғанда нақты негізгі көлем индексі – 115,1% құрады. Жыл қорытындысымен жоспарға қол жеткізу күтілуде.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Салада 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылға өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 58,7 млрд.тг
1 426 жұмыс орнын қамтумен 18 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен жалпы құны 38,1 млрд. теңгеге 1002 жұмыс орнымен 9 жоба іске қосылды.
Шағын өндірістік парктер құрылысы да жүзеге асырылуда. «Өндірістік парк» құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда электр энергия – 4,9 МВт, газ – 882 м3/сағ, су мен кәріз жүйесі, көгалдандыру және асфальт жолдары жүргізілген.
Одан бөлек, индустриялық аймақтарда жалпы құны 152,3 млрд теңге болатын, 6 017 жұмыс орнын құруды көздейтін 96 жоба орналасса, қазіргі таңда жалпы құны 39,5 млрд теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 2 609 адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы, барлық басқармаларда көптеген жұмыстар атқарылған. Өз кезегінде, мәслихат төрағасы осы жұмыстарды ары қарай жандандыруды ұсынды.