Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тұрғыны Гүлнәр Жақсыбаева бизнес бастау жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанып, өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр.  Бұған дейін өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайта дамытып,  қажетті жабдықтарды алған жеке кәсіпкер күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Алдағы уақытта  нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
 
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр.  Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.

 

Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.

 

 

Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде,  өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*