Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді. Полиция полковнигінің айтуынша: “Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жұмыс орнында атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар сақтаған тұрғынды анықтады.”
Күдікті ретінде Кентау қаласындағы көлік жөндеу орнында жұмыс істейтін жергілікті тұрғын ұсталған. Ер адамнан “Лидер ТТ” маркалы травматикалық тапанша мен 5 дана патрон табылды.
Әрі қарай тінту шаралары оның жұмыс орнында, яғни көлік жөндеу орталығында жүргізілді. Жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 дана аңшы мылтығын, әрқайсысының салмағы 0,5 кг болатын 3 пакет түтінді ұнтақ, “Байкал-Күзетші” травматикалық тапаншасы, 1 граната, 35 дана оқ-дәрілер мен 1 дана жарылыс қорапша тәркіленді.
Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшыларымен кентаулық тұрғын осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргені анықталуда.