Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов  жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүргенін айтады. Ол, алдағы ойында жеңіске жетуге бар күшін салатынын атап өтті.

«Бізге өз жанкүйерлеріміз ерекше қолдау білдіріп келеді. Оны сезініп жүрміз. Алдағы ойында бізге жанкүйерлер толық болған стадион кедергісін жасай алмайды. Кездесуді жанкүйерлер асыға күтіп жүргені белгілі. Олардан көптеген хат келеді. Біз өз күшімізге сенеміз. Қарсылас құрама тәжірибелі футболшылар бар. Грекия — өте мықты құрама. Біз олардан сескенбейміз», — дейді ол. 

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды.  Жеңімпаз 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі.

 

«Аталған ойынның маңызды екенін барлығы түсінеді. Оларға көп қысым жасаудың қажеті жоқ. Осыған байланысты Словениямен болған ойынмен салыстырғанда мінезімді аздап өзгерттім. Біз Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында көптеген өзгеріс енгізіп, жаттығу процесін реттедік. Айта кетсем, мен ойын тағдырын пенальти арқылы шешуді қаламаймын. Оны өз мансабымда бірнеше мәрте сезіндім. Жаттығу мен ойында пенальти тебу мүлдем басқа нәрсе. Бізде оны сәтте орындай алатын футболшылар бар. Қалай болғанда да, олардың психологиялық дайындығына байланысты деп ойлаймын. Қақпашылар туралы айтатын болсақ, бұл мақсатта біраз жұмыс атқарылды», — деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев. 

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*