Үкіметтің кеңейтілген жиынынан кейін журналистердің сауалына жауап берген энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасының қымбаттайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ТАQ.KZ тілшісі
Министрдің айтуынша, Қазақстан сұйылтылған газды қымбаттатуға мәжбүр және алдағы үш ай ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге қымбаттайды.
«Қазір газдың бағасы әр аймақта әртүрлі. Бастапқыда аса қатты қымбаттамайды деп ойлаймын – 5-10 теңге, одан артық емес. Бірақ кейін өзіндік құнын ақтайтындай бағаға шығамыз, – деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, үкімет бәсекелестікті қорғау агенттігімен және депутаттармен бірлесе отырып, бірнеше жыл ішінде сұйылтылған газ бағасын кезең-кезеңмен нарық бағасына «сәйкестендіреді».
Бөлісу