Түлкібас ауданының Балықты округіне қарасты Абай ауылының тұрғыны Нақыпбеков Ерлан Мейірбекұлы «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруде. Ол, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие жобасын естіген соң, әкімдікке тиісті құжаттарын өткізіп, қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде 39 жастағы азаматтың құжаттары мақұлданып, жеңілдетілген несиемен 5 000 000 млн теңге көлемінде қаржы алған.
Бүгінде, ауыл тұрғыны Ерлан Мейірбекұлы  құс шаруашылығын дамыту мақсатында 585 бас бройлерлік тауықтар, балапан басып шығаратын 3 инкубатор сатып алған. Қазіргі таңда рет-ретімен инкубатордан балапандар басып шығуда.
Кәсіпкер құстардың басын көбейтіп, аудан төңірегінде сатылымға шығарып, бизнесін дамытуды жоспарлап отыр. Тиісінше кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, үй құстарына күтім жасау, жем-шөбін уақытылы беру және алдағы уақытта құс етін өндіру секілді бастамаларды да қолға алмақ.
Шаруашылық иесі жобаның ұйымдастырушыларына отбасының атынан ризашылықтарын білдіріп отыр. Себебі, кәсіп бастау жанұяның тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беруде.
«Қазіргі таңда, елімізде еңбек етемін деген адамға мемлекеттен қолдаулар өте көп. Тек жалқау болмау керек деп ойлаймын. Жеңілдетілген несиелер де беріліп жатыр. Құс шаруашылығын бастау иядеясын жүзеге асыру менің арманым еді, енді қазір кәсібіме айналып отыр. Мақсатым да бар. Осы істі өркендетіп, табысымды арттырып, жаңа бастамаларды қолға алсам деген ниеттемін», дейді Ерлан Нақыпбеков
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы бастау алғалы бері Балықты округі көлемінде жалпы 69 азамат қатысуға ниет білдірсе, 50 азаматтың өтінімі мақұлданған.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*