Түлкібас ауданында бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы 4 округте пилоттық жоба шеңберінде өткізілуде. Атап айтқанда «Балықты, Мичурин, Рысқұлов, Шақпақ» округтерінде. Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2,5% жеңілдетілген несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтері.
Аталған жобаға қатысушы Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі Көкбұлақ ауылының тұрғыны Н.Сембаев.
Төрт баланың әкесі  жобаға қызығушылық танытып, оның ұсынған жобасы мақұлданып, 5 000 000 млн теңге көлемінде 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алған.
Құс шаруашылығын дамыту мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы облысы, Іле ауданындағы кәсіпкерлерден 480-ге жуық бас (Линда) тұқымды Қазы балапандарын алған. Қалған қаржыны сол қазыға арналған жем-шөп пен инкубаторға жұмсаған.
Линда тұқымды қазы құсының еркегі өсіп жетілгенде 10 келіге дейін ет берсе, ал ұрғашы тұқымы 8 келіге дейін ет береді. Кәсіпкер сұхбат барысында үй құстарының басын одан әрі көбейтіп, бордақылаумен айналысатындығын жеткізді. Сонымен бірге осы бағдарлама арқылы өз кәсібін өркендетуге мүмкіндік алғанын жеткізді.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*