КЕНТАУЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДА БІР ТОННА БАУЫРСАҚ ТАРАТТЫ

Тарихы бай, тағлымы терең Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері басталды.
Бүгін Этноауылда ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдар насихатталып, «Қаратау тәжі» ұлттық аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы көрмесі және шеберлік сағаттары көпшіліктің көзайымына айналса, «Қаратау жауһарлары» өлке тарихынан сыр шертетін көрме және фотоаймақ келген қонақтарға таныстырылды.
Одан бөлек, жастар сауық-сайран құрып «Алтыбақан» ойынын көрсетсе, жас ақындар айтыс өнерінен сынға түсті. Кентау қаласының халықтық атағы бар «Шапалақ» театры «Аңых астары» атты көріністер көрсетіп елдің ыстық-ықыласына бөленді. Кентау қаласынан шыққан қала мақтаныштарының «Аңыз адам» көрмесі мен «Дәстүрлер даналығы» ұрпақ тәрбиесіне терең мән берілетін салт-дәстүрлеріміздің ерекше түрлерінен қойылымдар көрерменге жол тартты.

Түркістан төрінде осылайша ашық аспан астында мәдени шараны барынша жан-жақты көрерменге ұсынған кентаулықтар «БауырсақFest» ұйымдастырып келген қонақтарға бір тонна бауырсақ таратты.
Айте кетейік, Кентау қаласының мәдени күндері 12 қыркүйекте сағат 10:00-ден ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ұлттық ойындар, батпырауық ұшырудан сайыс басталады. Кешке танымал жарық жұлдыздары АқботаНұр Сейтмаханбетова, Kayl Рух лақап атымен танымал жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Кештің көркін ашатын жүргізушілер Түркістан театрының мықты майталмандары Ақсұлтан Әнуарбек, Гүлзада Айтбаева.

ЖАС ҒАЛЫМДАР АЭС-ТІҢ ПАЙДАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы ғылымда жаңа бағыт құруға мүмкіндік бермек. Талқылауға ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталықтың және отандық жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Қазіргі атом энергетикасына қатысты әртүрлі тақырыптар талқыланды. Жиында ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды әзірлеуден бастап, әлемнің әртүрлі елдеріндегі кадрларды даярлау жүйелері сөз болды. Жас ғалымдар атом өнеркәсібін құратын дамушы елдердің тәжірибесіне ерекше назар аударды. Қазақстанға қатысты Энергетиканың жаңа түрі жердің табиғи байлығын, атап айтқанда, қазіргі уақытта шикізат ретінде экспортқа шығатын уранды барынша толық және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Медеу Әбішев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі:

– Қазіргі уақытта біз Қазақ ұлттық университетінде Ядролық инженерлерді дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін біз ядролық физиктерді дайындадық, бірақ физиктер мен инженерлер әртүрлі. Сондықтан біз осы қондырғыларда тікелей жұмыс істейтін инженерлік кадрларды даярлауға көштік. Бұған бізден басқа тағы 6 оқу орны қатысады.

Ақмарал Ғаниқызы — Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ КҮШ БІРІКТІРУІ ТИІС

Бүгінде Орталық Азия елдерінде электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Мәселе қыста гидроэлектростанциялардың жұмысы тоқтаған кезде күшейе түседі. Ал, бұл өңірдегі елдер бұл міндетті бірлескен күш-жігермен шешуі тиіс, деп есептейді зерттеу бастамалары орталығының директоры Бақтиер Эргашев.

«Шешімдердің бірі — атом энергетикасын дамыту. Осының арқасында Орталық Азия өңірінің мемлекеттері ұзақ мерзімді перспективада өздерін сенімді энергия көзімен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, жаңа өндірістерді іске қосуды жолға қоюға мүмкіндік тумақ.

Естеріңізге сала кетейін, Өзбекстанда алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданды. Ол Джизак облысында Тузқан көлінің жанында салынады.

Қошқаров Раимжан Саттарович — Түркістан қалалық өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1 041 мектеп, 21 интернат ұйымы және 1 425 балабақша асханамен, буфетпен қамтамасыз етілген. Осы нысандардың асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балаларға таратылатын тамақтардың дайындалу технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігі нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.

«Білім беру нысандарындағы тамақтың сапасы, қауіпсіздігі, дайындалуы, жиһаздармен жабдықталуы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық-гигиеналық, техникалық жағдайын мүлтіксіз орындау — мектеп директорлары мен асханаларды жалға алып қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің міндеті. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру — бұл үлкен жауапкершілік»,- деді спикер.

Сондай-ақ, Нұрбек Садықбекұлы білім беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облыстық білім басқармасымен бекітілетінін жеткізді. Жалпы ас мәзірі әзірленетін кезде балалардың жас санаты, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімі екендігіне мән беріледі. Сонымен қатар, мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі керек.