Түлкібас: АЭС-тың салыну ықтималдығы мен қажеттілігі туралы жиын өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейде қыркүйек айының 12 – жұлдызында сағат 12 00 де мәжіліс залында мектеп ұжымының қатысуымен 6-қазан күні өтілетін референдумға байланысты және Қазақстан Республикасының аумағында АЭС-тың салыну ықтималдығы мен қажеттілігі туралы жиын өтті.

Жиынды мектеп-лицей директоры Н. А. Сағындықов ашып үгіт насихат тобының лекторы С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Керимкулов Біржан Джамболовичке сөз берді. Біржан Джамболович өз баяндамасында әлемнің дамыған елдері АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея , Жапония елдері Атом энергиясын тұтынып жатқан экологиясы таза экономикасы өнеркәсібі дамыған көшбасшы елдер екенін айтып өтті.

Қазақстанда заман ағымынан қалмай көмір, мазут, газды көп қажет ететін энергияны тұтынуды азайтып АЭС салынғандығын дұрыс деп санайтынын жеткізді. Жиналысты қорытындылаған мекеме басшысы 6-қазан 2024 жылы әр бір ұжым мүшесі өзі бекітілген сайлау учаскесіне барып өзінің азаматтық позициясын білдіруге шақырды.

ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ӘЛЕМДІК ДЕРЖАВАҒА АЙНАЛУЫНА СЕБЕП БОЛҒАН НЕ?

ҚХР-да атом энергиясын пайдалану туралы шешім 1970 жылы қабылданды. Ал, осы бағыттағы жұмыстар бұрын да жүргізілген. Елдегі алғашқы атом ректоры салыстырмалы түрде жақында — шамамен 30 жыл бұрын ғана жұмысын бастаған. 1991 жылы Циньшань атом электр станциясы Қытай еліндегі алғашқы АЭС болып есептеледі.

Алайда, келесі онжылдықтарда Қытай атом энергетикасындағы көптеген әлемдік көшбасшыларды қуып қана қоймай, басып озды. Қазір бұл ел атом энергетикасының жалпы белгіленген қуаты бойынша да, өндірілетін электр энергиясы бойынша да әлемде үшінші орында тұр. 2023 жылғы жағдай бойынша елде жалпы қуаты 57 гигаватт болатын 18 атом электр станциясы мен 55 реактор жұмыс істеп тұр. Елдегі атом энергетикасы электр энергиясының шамамен 5 пайызын өндіреді, бірақ бұл үлес 2035 жылға қарай 10 пайызға дейін өсіп, тағы 24 реакторды іске қосқысы келеді.

Атом инфрақұрылымын дамытуға деген қызығушылықтың күрт өсуіне не себеп болды? Қытай үкіметі қарқынды дамып келе жатқан экономиканы энергиямен қамтамасыз ету үшін көмір электр станцияларын жаппай пайдаланудан туындаған экологиялық жағдайды түзетуге тырысады.

ҚХР — «жасыл», яғни күн және жел энергетикасына әлемдегі жетекші инвесторлардың бірі. Ел көмірді жағу арқылы қалалардың атмосфералық шығарындыларын азайтуға тырысады. Қытай билігі мен ғалымдарының пікірінше, атом энергиясы ҚХР алдына қойған өршіл міндетке — 2060 жылға қарай ауадағы көміртегі шығарындыларын толық бейтараптандыруға көмектесуі керек.

Сонымен қатар, Қытайдағы Атом энергиясы арқылы олар басқа елдерге отынға тәуелділікті азайтуға тырысады.

Бахадир Ирсметов,
Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА НЕ СЕБЕП?

Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды.

Қазіргі таңда, Қытайда 50 жылу электр орталығы жабылуда. Соңғы екі жылда олардың энергия балансындағы үлесі 13 пайызға дейін қысқарды. Олар атомдық энергия блоктарымен ауыстырылады. Қазіргі уақытта атом электр станциясының үлесі 5 пайызды құрайды. Жақын арада оны 10 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Айта кету керек, Атом энергоблоктары электр энергиясын өндіріп қана қоймай, мегаполистердің жылыту жүйелерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды бу мен сутегімен қамтамасыз етеді екен.

Алибаев Раимжан Артықбайұлы — «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, ҚХА мүшесі.