АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ КӨМІРТЕГІ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АЗАЙТУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ

Қазақстан үшін төмен көміртекті энергия көздеріне көшу барынша өзекті болып табылады. Өйткені ел парниктік газдар шығарындыларының ең көп көлемі бойынша әлемде екінші орынды алады. Себебі елімізде электр энергиясының 77%-дан астамы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларында (ЖЭС) өндіріледі.

Парниктік газдар шығарындыларының мұндай көлемін тек төмен көміртекті энергия көздерін пайдалану арқылы ғана азайтуға болады. Біздің жағдайда бұл атом электр станциясын (АЭС) іске қосу. Бұл үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар. Біріншіден, ел табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында және жыл сайын әлемдік атом энергетикасының қажеттілігінің 40%-ға жуығын жаба отырып, уран өндіру саласында көшбасшы орында. Әлемдегі кемінде әрбір үшінші ядролық реактор қазақстандық уранмен жұмыс істейді деген ұқсастық келтіруге болады.
Барлық факторларды ескере отырып, атом энергетикасы климаттың өзгеруімен күресу және көміртегі шығарындыларын азайту үшін маңызды құрал болып табылады. Елімізде жаңа атом электр станцияларын салу CO ₂ шығарындыларын қысқартып қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті, экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.

АЭС-ТІҢ ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Атом энергетикасының қарқынды дамуын жаһандық жылынуға қарсы күрес құралдарының бірі деп санауға болады. Мысалы, сарапшылардың пікірінше, Еуропадағы Атом станциялары жыл сайын шамамен 700 миллион тонна СО2 шығарудан аулақ болады. Ресейдің жұмыс істеп тұрған атом электр станциялары жыл сайын атмосфераға шамамен 210 миллион тонна көмірқышқыл газының шығуына жол бермейді. Осылайша, атом энергетикасы электр генерациясының қуатты негізгі көзі бола отырып, декарбонизацияға ықпал етеді.

Атом электр станциясы-бұл электр энергиясын өндіруге арналған қажетті ғимараттар, жүйелер, құрылғылар, жабдықтар мен құрылыстар кешені. Станция отыны ретінде уран-235 пайдаланады. Ядролық реактордың болуы атом электр станцияларын басқа электр станцияларынан ажыратады.

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, дамуында қиындықтары бар балаларды кешенді сүйемелдеу моделінің авторы Майра Сүлеева Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің жұмыс барысымен танысқан Майра Сүлеева ұжым мүшелеріне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың игілігі үшін қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Саналы ғұмырын мүгедектігі бар азаматтардың сауығуы мен қолайлы жағдай жасауға арнаған білікті маман қызмет көрсетуде жаңа нысанның мүмкіндігі жоғары екендігін атап өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева оңалту орталығы қазан айының соңында пайдалануға берілетіндігін айтты.

«Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Біздің міндет – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету. Сауықтыру орталығында медициналық, педагогикалық еңбекке баулу және т.б бағыттарда бір мезетте 200 азаматқа қызмет көрсетілетін болады. Ғимаратты толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталу бойынша жұмыстар атқарылуда», — деді Әсия Құралқызы.

«Кеңес» орталығының әдіскері, педагогика (дефектология) магистрі Татьяна Цифутина оңалту орталығының қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға дайын екендігіне тоқталды. Алматы қаласынан арнайы келген қонақтар сондай-ақ 50 орындық мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылыс барысымен танысты.

Орталықтың құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталып, 2025 жылдың I тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа орталық ғимаратына Төлеби ауданы, Тасарық ауылында орналасқан тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «№ 4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ні орналастыру (көшіру) жоспарлануда.

ТҮРКІСТАН: «ОБЛЫСТЫҚ ДӘРІГЕРЛІК ДЕНЕ-ТӘРБИЕСІ ДИСПАНСЕРІ» ӨҢІР СПОРТШЫЛАРЫ ҮШІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Қазіргі таңда әлемдік спортта бәсекелестік өте жоғары. Ал мұндай жарыстарда жүлделі орындарға ие болу үшін спортшыларымыздың денсаулығы мықты болуы қажет. Ол үшін Түркістан қаласында «облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері» қажырлы еңбек етіп келеді. Диспансерлік орталық ұжымы спортшылардың спорттық жарыстарға қатысуы үшін медициналық тексеру және емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Диспансерлік орталық Түркістан облысына қарасты 72 спорт мектебінің, оның ішінде жоғары жетістіктерге ие болып отырған ҚР Ұлттық құрама командаларының спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеруден өткізеді. Сондай-ақ, Түркістан облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін түрлі жарыстарда алғашқы медициналық қызмет көрсетеді.

«Диспансер алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін барлық дәрі-дәрмек және антисептикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оған қоса спорттық медицина бөлімінде 10 білікті дәрігер, 20 мейіргер, хирург, травматолог, офтальмолог, оториноларинголог, стоматолог, кардиолог мамандар спортшылардың денсаулығын тексереді. Мекемеде тұрғындарды ақылы түрде медицаналық тексеруден өткізу мен дәрігерлерден кеңес алу бойынша да қызмет алу қарастырылған», — деді Түркістан облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері МКҚК директоры Дәулет Жүнісов.

Диспансер соңғы үлгідегі озық медициналық технологиялармен жабдықталған. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдана отырып, спортшыларға жоғары сапалы қызмет көрсетіледі. Өңірлік диспансердің еліміздің спорт саласын дамытуда қосар үлесі мол.

АЭС САЛУ — ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ИМПОРТЫНА ДЕГЕН ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТАДЫ

АЭС не үшін қажет десеңіз, ол еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіміз үшін қажет. Атап айтқанда, АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Ал, пайдасына келсек, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Тағы бір пайдасы, АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасы көтеріледі.
Ақиқатына үңілсек, АЭС-тер қазіргі таңдағы электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Әлемде таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген. «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс» деп Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осынау кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі саналатын референдум алдында азаматтарымыз жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдайды деген сенімдемін.

Талғат ИСХАҚОВ – жеке кәсіпкер

АЭС-ТІ СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫМЕН САЛЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Соның ішінде бұл бастаманы Семей полигонымен салыстырып жатқандар да бар. Ядролық отынды қару ретінде пайдалану мен бейбіт мақсатта қолдану – бір-бірімен мүлде үйлеспейтін түсініктер. Сондықтан, тұрғындардың радиациядан зардап шегу қатері жоқ екенін айтуға тиіспіз.
Енді біреулер Чернобыль мен Фукусима апаттарын мысалға келтіреді. Біріншіден, Чернобыль АЭС-ы 1977 жылы салынған болса, Фукусима стансасы 1971 жылы іске қосылған. Олар сол кездегі ең мықты технологиялармен салынған бірінші буындағы реакторлар болатын. Қазір дәуір басқа, технология содан бергі кезеңде қарыштап дамыды. Бізде салынатыны ІІІ және ІІІ+ буындағы реакторлар болады. Екіншіден, Чернобыльдегі апат адам салғырттығынан орын алса, Фукусимадағы апат мұхиттағы цунамидің салдарынан болды.
Жаңа буын стансалар 9,2 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатындай боп салынады. Атом стансаларының салынуы МАГАТЭ – Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің тікелей қадағалауымен іске асады. Жобасы, салынуы, іске қосылуы және жұмыс істеп тұруы – түгелдей халықаралық мамандардың бақылауында болады.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ — «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты

АЭС-ТЕН ЭКОЛОГИЯ ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ

Экономика мен энергетика саласы әртүрлі сала болғанымен, бір-біріне тәуелді. Экономиканы энергетикасыз, энергетиканы экнономикасыз елестету қиын. Яғни, энергетика дамымаса, экономикада да алға жылжу болмайды. Қуат көзі бір сағатқа өшсе, бірнеше сала зардап шегеді. Сондықтан бүгінде адамзат энергетикаға өте тәуелді. Экономикамыз гүлденіп, алға бассын десек, бірінші кезекте энергетика саласын дамыту керек. Өйткені алдымызда энергия жетіспеушілігі сынды әлемдік мәселе күн тәртібінен түспей келеді. осы мәселені шешудің бір жолы – ғылым жетістігі саналатын АЭС салу екенін дамыған мемлекеттер әлдеқашан мойындаған.

2050 жылға қарай барлық әлем елдерінің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт-қа дейін өседі деген болжам бар. Бұл қазіргі қажеттіліктен 2 есе көп. Ал АЭС – базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі. Атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді. Олар көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі. Сондықтан экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Мәселен, қуаттылығы 1 000 МВт болатын атом электр стансасын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.
Атом энергиясы – қазіргі жаһандық жылынумен күресу құралдарының да негізі. Мысалы, Еуропадағы атом электр стансалары жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларының алдын алады.