МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің міндеттерінің бірі – тиісті әкімшілік

-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтужөніндегі шараларды тұжырымдау.

Бәрімізге мәлім, Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы № 872 Жарлығы қабылданған.

Аталған Жарлықта белгіленген мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында, 2022 жылдан бастап Департамент тарапынан өңірлік деңгейде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл атқарылып жатқан қызметте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшінмемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын; артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды;алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді жою жөніндегі міндеттер қойылып отыр.

Кедергілерді анықтау кезең-кезеңімен жеке дара тақырыптық бөліністерге сәйкес жүргізіліп келе жатыр.

Жалпы бүгінгі күнге дейін республика көлемінде Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен 550-ден астам бюрократиялық кейстер мен оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар әзірленді.

Өз кезегінде, жыл басынан Департаментпен Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша «Құрылымдық және аумақтық департаменттер директорларының (басшыларының) орынбасарларының болу орындылығы», «Субсидиялар беру кезінде қолданылатын субъективті критерийлерді және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алып тастау», «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық», «Мемлекеттік органдарда кадр, қаржы және заң қызметтерін орталықтандыруды жүргізу тиімділігінің мониторингі формализмді барынша азайту және басқару шешімдерінің сапасын арттыру», «Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілерін анықтау және азайту», «Өңірлік даму» бағыттарына қатысты жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша 52 ұсыныс жолданған.

Сондай-ақ, су ресурстары және ирригация салаларын бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 56 ұсыныс жолданған.

Мәселен, Депаратментпен қазіргі таңда облыс көлемінде өзекті тақырып болып саналатын «Атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді оңтайландыру бағыты» бойынша талдау жүргізіліп, арнайы прблемалық мәселе анықталды.

____________________________________________________________________

Облыстағы барлық аудандар мен қаладағы құрылысы аяқталған нысандардың дербес және мемлекеттік қабылдау актілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығының 79-1 тармағына сәйкес жүргізіледі.

Бұйрықтың 79-1 тармағында – тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеу үшін «Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.

Өз кезегінде, Түркістан қаласындағы «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалы атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді жүзеге асырады.

Қазіргі таңда, облыста әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты, қабылданатын объектілер, яғни, жеке тұрғын үйлер, мемлекеттік нысандар, кәсіпкерлік бағыттағы объектілер, инфрақұрылым жүйелері және т.б. нысандар пайдалануға қабылдануда.

Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық объектілер тіркеуге өткізілген.

Алайда, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін, жеке және заңды тұлғалар облыс орталығы – Түркістан қаласына барып, тіркеуге мәжбүр болып жатыр.

Бұл тұста, түсірілген атқарушылық геодезиялық түсірілімнің немесе құжаттардың қате болуына байланысты 2-3 рет барып келу, шалғай жатқан аудандардың тұрғындарына қиындық туғызуда.

Осыған орай, дайын болған атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу «Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет веб-порталына онлайн түрде құжаттарды қабылдау қызметін іске қосу немесе  қағаз  жеткізгіште қабылдау бойынша әр ауданның халыққа қызмет көрсету орталықтарына «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалының маманын құжат қабылдау бойынша өкілі ретінде отырғызу ұсынылды.

Нәтижесінде, атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін Түркістан қаласына бармай онлайн немесе тұрғынның тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан орталыққа барып тапсырады. Сонымен қатар, тіркеу қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізіледі.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығы мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бюрократия мен
әуре-сарсаңның белгілерін анықтау мен азайтуға бағытталған.

НАУРЫЗБАЕВ Абылайхан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.

Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие.

Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.  

Атап өту қажет, 2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Енгізілген өзгертулерге сәйкес, қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз, яғни қайта өтініш беруінсіз олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктері пайда болды.

Аталған өзгерістен кейін, Департаменттің ден қою шараларымен 117 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қайта өтініш берусіз қалпына келтірілді.

Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимаратмекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ