Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс тұрғындарын жеке қабылдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.
Облыс әкімі орынбасарының қабылдауына жазылған азаматтар мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, жастар саябағын салу және ескерткіш орнату мәселелерін көтеріп, қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай кеш өткізу, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мәселелерін қозғады. Кенесары ханды жас ұрпаққа дәріптеу жөнінде де ұсыныс берілді.
Жалпы қабылдауға жауапты тұлғалар қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуі қарастырылды.
«Ашық әкімдік» кеңсесіне келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұхият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүретінін жеткізді. Сондай-ақ оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.