ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 18 ШАҚЫРЫМ ӨЗЕН БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасының “Жасыл толқын” шеңберінде аудан көлемінде жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар қатысып, Сайрамсу өзені жағалауын күл -қоқыстан тазартты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аудан аумағын абаттандыру мақсатында сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты.

Игі шараға ат салысқандар 18 шақырым өзен жағалауын шыны, пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық шарасына 10 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.

Сондай-ақ, аудан халқы тұрғылықты мекенжайындағы балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақ, аллеяларды тазалап, қоқыстар арнайы орынға жеткізілді. Еріктілер, жастар аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері тазаланды. Бұдан бөлек, аудандық, облыстық маңызы бар жол бойларына көшеттер отырғызылып, қураған талдар кесіліп, әктелді.

 

Түркістан қаласы Ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне Тоймахан Шоқан Баймаханұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға қала әкімі аппаратының басшысы Әлібеков Қуаныш Нұржанұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Тоймахан Шоқан Баймаханұлы 1992 жылы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет саласында жинақтаған мол тәжірибесімен танылған білікті маман.

Еңбек жолы:
• 2013–2014 жж. – Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінің инспекторы;
• 2014–2015 жж. – Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының Ұйымдастыру бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы;
• 2015–2016 жж. – Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
• 2016–2021 жж. – Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;
• 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін – Түркістан қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

Ол түрлі деңгейдегі әкімшілік құрылымдарда абыройлы еңбек етіп, өзінің кәсіби біліктілігін, ұйымдастырушылық қабілетін және жауапкершілік қасиетін іс жүзінде дәлелдеген.

Басшылық қызметінде Тоймахан Шоқан Баймаханұлы ішкі саясаттың негізгі бағыттарын жүйелі түрде дамытып, қоғамдық ұйымдармен тиімді әріптестік орнатуға және тұрғындармен байланысты нығайтуға баса мән беретін болады.

Жаңа басшыға зор сенім білдіріліп, алдағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз.

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА 600 АДАМ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Сауран ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шара Түркістан – Кентау автомобиль жолының бойында, атап айтқанда Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің аумағында өтті.

Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін өкілдері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар — барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында ұзындығы 21 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналды. Сонымен қатар ретсіз өскен ағаш бұталары кесіліп, ағаш түптері әктелді. Жалпы тазалық жұмыстарына 20 дана техника жұмылдырылды.

Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, аудан аумағында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де осындай ауқымды экологиялық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұялы байланыстың базалық станциясынорнату және пайдалануға беру

Базалық станциялар – ұялы радиобайланыс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар әрекет ету аймағындағы ұялы телефондармен байланыста болады және сигналды қабылдау және беру режимінде жұмыс істейді. Электромагниттік сәуле – бұл базалық станцияның антенналарынан шығатын электромагниттік толқындар.

Ұялы байланыстың базалық станциясын орнату және пайдалануға беру – ұзақ және бақыланатын процесс, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық деңгейіндегі қатаң қағидалармен реттеледі. Базалық станцияны орнатуға ЭМӨесептеулерінің нәтижелері көрсетілген, санитариялық-қорғаныш аймағының шекаралары және құрылыс салуды шектеу аймағы көрсетілген жобалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары береді. Базалық станцияларды кез келген ғимараттар мен құрылыстарға орналастыруда қойылатын негізгі талап үй-жайда да, аумақта да электрмагниттік өрістің шекті рұқсат етілген деңгейін (10 МкВт/см2 аспайтын) қамтамасыз ету болып табылады.

 ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-19 бұйрығына сәйкес, базалық станция антенналары кез келген үлгідегі қолданыстағы құрылыстарға және арнайы салынатын діңгектерге орналастырылады. Жоғары сапалы ұялы байланысты қамтамасыз ету үшін базалық станциялардың антенналарынан таралатын негізгі электромагниттік энергия бір сәуледе жиналып, жақын маңдағы үйлермен қиылыспайтын етіп жіберіледі. Электромагниттік энергияны ұялы байланыстың барлық базалық станциясы емес, тек оның антенналары ғана шығарады және олар тәулігіне 24 сағат тұрақты қуат шығармайды. Базалық станциялардың қуаты осы базалық станцияның әрекет ету аймағында бір уақытта сөйлесетін немесе мобильді интернетті пайдаланатын адамдарға байланысты. Сондықтан түнде электромагниттік сәуле деңгейі нөлге тең болады.

Егер ұялы байланыстың базалық станциялары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдармен берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес орнатылса, сондай-ақ пайдалану кезінде санитариялық қағидалардың талаптары сақталса, онда антенналардан таралатын электромагниттік сәуле халық денсаулығы үшін қауіпті болып табылмайды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н. Нышанов

Әсемдік салоны мен шаштаразға барған кезде нені білу қажет?

Қазіргі таңда тері тұтастығын бұзатын манипуляциялар — татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг және басқа да косметологиялық қызмет түрлері кең таралған. Алайда бұл қызметтер санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. Олардың қатарында вирусты гепатит В және С, папилломавирус, стафилококк, стрептококк, фолликулит, дерматит, абсцесс, тері мен тырнақ саңырауқұлақтары, педикулез, қышыма және басқа да аурулар бар. Инфекция, көбінесе, зақымдалған тері мен шырышты қабық арқылы немесе дұрыс зарарсыздандырылмаған құралдар арқылы жұғады.

Косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсететін орындарда мына санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс:

Мұндай нысандар тұрғын үйлерде жеке кіреберісі болған жағдайда ғана орналасуы керек;
Жертөле қабаттары тек қосалқы немесе көмекші бөлме ретінде қолданылады;
Косметикалық кабинеттер ыстық және салқын суы бар раковинамен, қажетті құрал-жабдықтармен, бір реттік материалдармен қамтамасыз етілуі қажет;
Қызмет көрсету барысында келушініңденсаулығына зиян келтірмейтін және жеке ерекшеліктерін ескеретін тәсілдер таңдалуы тиіс.

Химиялық заттарды қолданғанда олардың технологиясы, құрамы, концентрациясы және әсер ету уақыты міндетті түрде сақталуы керек. Қолданылатын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы шарт.

Қанмен жанасуы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаппен жүргізілуі тиіс. Егер қызметкердің қолында ашық жара, сызат, іріңді бөртпе болса, қорғаныш құралдарын (пластырь) қолдануы қажет.

Маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтер жеке жинақтармен орындалуы керек. Мұндай қызметтер кезінде тері мен шырышты қабық зақымдалуы мүмкін болғандықтан, барлық кезеңде қауіпсіздік шаралары толық сақталуы тиіс. Манипуляция алдында және кейін тері зарарсыздандырылуы қажет.

Құралдар бу, құрғақ ауа немесе химиялық әдіспен стерильденіп, таза жағдайда сақталуы керек. Педикюр кезінде аяқ астына салынатын жастық әр қолданғаннан кейін дезинфекциялық ерітіндімен сүртіледі. Қолға немесе аяққа арналған ванналар әр келушіден кейін жуылып, өңделеді.

Пеньюарлар тек таза сүлгімен немесе бір реттік жаға, лентамен бірге қолданылады. Әр келушігетаза киім-кешек (сүлгі, ақжайма, басқалар) берілуі тиіс. Таза және пайдаланылған киім бөлек сақталып, пайдаланылғаны қайта қолданылмайды.

Тарақтар, щеткалар, қайшылар әр келушіденкейін жуылып, дезинфекциялануы қажет. Электр ұстаралары мен косметикалық құралдардың пышақтары әр қолданған соң дезинфекция ерітіндісімен екі мәрте өңделуі керек. Барлық жуғыш және дезинфекциялау заттары арнайы жерде сақталады.

Қанмен ластанған қол немесе қолғап сабынмен жуылып, дезинфекциялануы тиіс. Қанменластанған қолғаптар арнайы ерітіндіге салынып, кейін жойылады.

Қызметкерлер жеке бас тазалығын сақтауықажет. Терінің тұтастығын бұзатын қызметтердікөрсететін мамандар жұмысқа орналасарда жәнежыл сайын В және С гепатиттеріне тексерілуі тиіс.

Эпидемияға қарсы шаралар, тазалау жәнезарарсыздандыру жұмыстары үшін жауапкершілікнысан әкімшілігіне немесе иесіне жүктеледі.

 

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшыорынбасары А. Еркінбекова

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ЕЛДІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕТІН ПЛАТФОРМАҒА АЙНАЛДЫ

Биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құзырлы органдарға бірқатар тапсырма берді. Сонымен бірге ел басшысы өз кезегінде жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылғанын, үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарғанын, оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар екенін алға тартты. Әрі реформалар қатарында пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланғанын, биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтынын, түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін бергенін де атап өтті.

Ұлттық Құрылтайда көтерілген ұсыныс-талаптар мен Парламент арасындағы рухани байланыс жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, Ұлытаудағы жиында 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға екпін берілсе, 2022 жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзету енгізіп, ұлық мерекенің қайта салтанат құруына заңдық негіз жасады. Түркістандағы Құрылтайдан кейін «Балалар кітапханасы» атты жаңа жоба дүниеге келді. Жалпы айтқанда, Ұлттық Құрылтай қазақтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ.

Фаез Файзидинов,
Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі

ТҮРКІСТАН: 109 ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ 37 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ ОРЫНДАЛҒАН

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Өтініштердің басым бөлігі коммуналдық сұрақтар бойынша түсіп, 1 күнмен 7 күннің аралығында орындалады. Тұрғындар тарапынан жыл басынан бері 37 298 өтінім түсіп, 36 913-ы дер кезінде жабылған. Ал 385 өтінім орындалу барысында тұр.

Облыс әкімдігінің тапсырмасымен өтіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін арнайы «109» мониторинг тобы құрылған. Қазіргі таңда аудан-қалалардағы тұрғындармен кездесіп, арыздардың уақытылы орындалуы қадағалануда. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мақсатында баннерлер жасалып, өңірдегі бильбордтарға ілінді. Алдағы уақытта Астанадағы іКОМЕК109 мекемесімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Онда бөлімнің жұмысын жандандыру тұрғысында өзекті мәселелер талқыланады.

Айта кетейік, өтініштерді 109 номерінен бөлек, facebook.com, instagram.com әлеуметтік желілеріндегі Байланыс Орталықturkistan_oblysy.109 мекенжайы, whatsapp желісіндегі +7 701 13 13 109 ұялы байланыс номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр өңірінен келген түрлі сала мамандары, қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен экономистер қатысты. Президент құрылтай барысында салық реформасы мен оның қоғамға ықпалы туралы айта келе, бұл реформаның еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін аса қажетті екенін жеткізді.

Құрылтайда Ұлттық құрылтай мүшелері еліміздегі әлеуметтік теңдік, әділеттілік және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қол жеткізу қажет шараларды талқылады. Сонымен қатар, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының маңызы да ескеріліп, халықтың ұсыныстары мен пікірлері негізінде көптеген жаңа бастамалар ұсынылды.

Сонымен қатар, Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынатындығын айтты. Перзидент Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқандағын жеткізді. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен «Бейнеу–Бозой -Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған. Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылатын болады. Сонымен қатар, «Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды.

Бекзат Хабибов, Кентау қаласы Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Кентау қаласы мәслихатының депутаты