ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол – Анарбай Мырзахметов.

Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.

Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.

Анарбай Мырзахметов – «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған.

–  мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті.

– Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5% пайызға өсіп, 406 миллиард теңгені құрады. Өсім полипропилен және уран қосылыстары өндірісінің ұлғаюымен байланысты.

Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда.  Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химиялық өнімдерді шығаруға бағытталған.

КҮН САНЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Оның 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда.