Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының Шымкент қаласындағы өкілдігінде Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов, азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға жазылған Әлімбетов Асылхан Әбілұлы Бәйдібек ауданының тумасы. Ол, жеке шағын шаруашылықпен айналысатын тұлғаларға қаржы мәселесі жағынан мемлекет тарапынан көмек көрсету туралы ұсынысын білдірді. Қабылдауда өтініш иесіне келген мәселесі бойынша мемлекет тарапынан қандай көмектер берілетіні туралы түсіндірілді. Жалымбетова Нұргүл Жақсыбайқызы Кентау қаласы, Балабүрген ауылының тұрғыны, көп балалы ана. Көп балалы аналарға берілетін жәрдем ақы туралы сұрағын қойды. Аталған мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нақты түсіндірілді. Айтен Нұржан Сайрам ауданы, Тассай ауылының тұрғыны. Жер учаскесіне кезекке тұру мәселесі туралы көкейде жүрген сауалын айтып келді. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тұрғынға ақпарат түсіндірілді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы кеңестердің жұмыс жиындары жалғасуда. Бүгін партиялық алаңда, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкерлік және экономика аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің жетекшісі Ғани Райымбеков кеңес отырысын өткізді. Кеңесте партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында Сауран және Ордабасы аудандарында атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалды.
– Ауыл – қазақтың жаны, рухани тірегі екенін айтты, ауыл шаруашылығын дамыту тек экономикалық мәселе ғана емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасын көтерумен ұштасып жатқан ұлттық мәселе. Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы экономиканың басқа салаларына серпін беретін негізгі сала екеніне тоқталып, елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ, нарыққа экологиялық таза өнім шығаратын берекелі өлке,-деді Ғани Ахылбекұлы.
Кеңес отырысында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру бағытында нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
Жиынға жетекшілік еткен кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков ауыл – қазақтың жаны, рухани тірегі екенін айтты, ауыл шаруашылығын дамыту тек экономикалық мәселе ғана емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасын көтерумен ұштасып жатқан ұлттық мәселе екеніне назар аударды. Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы экономиканың басқа салаларына серпін беретін негізгі сала екеніне тоқталып, елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ, нарыққа экологиялық таза өнім шағаратын берекелі өлке екенін жеткізді. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында осы мәселелер нақты белгіленгенін айта отырып, партияның кешенді бағдарламасын іске асыруда аудан әкімдіктерінің жұмысы бүгінгі кеңес отырысында сараланатынын мәлімдеді.
Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Сауран ауданында биыл 49 индикаторға қол жеткізу жоспарланғанын атап өтті. Межеленген жұмыстардың ішінде 24 тармақ толығымен орындалғанын, қалған тармақтары жыл соңына дейін атқарылатынын мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығын дамытуда 9 индикатор белгіленіп, айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін арттыру жоспары биылға 60 гектар болса, нақты 91,8 гектар жер қайта айналымға қосылып, жоспар артығымен орындалғаны белгілі болды. Ауыспалы егістіктің көлемін арттыру жоспары да артығымен орындалып, нақты 15 100 гектарға жеткен. Агроөнеркәсіптік кешенге ылғал үнемдеу технологиясын 814,5 гектарға енгізу жоспарланған болса, нақты 3 150 гектарға енгізілген. Жылыжай алаңын кеңейту жоспары 96,6 гектарға орындалған. Ауылшаруашылық тракторлары мен техника паркін жаңарту бойынша 97 жаңа техника алынған, жоспар жыл соңына дейін толық орындалатыны айтылды.
Салада атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасаған Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатхан партияның Сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жалпы 58 іс-шара жоспарланса, соның 48 іс-шарасын атқару 2025 жылы көзделгенін жеткізді. Бүгінге дейін кешенді жоспардың 20 тармағы толықтай іске асқанын, қалған тармақтарының орындалуы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.