Жаңа Конституция азаматтардың өзекті сұранысына жауап береді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері өңірлерде тұрғындармен кездесуді жалғастыруда. Бүгін олар Түркістан облысына келді.


Түркістан қаласындағы конгресс-холлда мыңнан астам адам жиналды. Зиялы қауым өкілдері, дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер, ардагерлер, жастар және волонтерлер – әр түрлі жастағы азаматтар мен мамандық иелері Коалиция мүшелерінің жаңа Конституция жобасы жөніндегі пікіріне құлақ түріп, өз ойымен бөлісті және сұрақтарын қойды.

Киелі Түркістан төрінде, ғасырлар бойы мемлекеттіліктің іргетасы қаланған түркі әлемінің бесігінде ел ертеңіне қатысты мазмұнды әрі ашық диалог өрбіді. Қатысушылар қазақ қоғамының құқықтық негіздерін айқындаған алғашқы заңдар жинағының бірі – Тәуке ханның «Жеті жарғысы» осы киелі топырақта дүниеге келген еске алды. Сондықтан осынау мәртебелі мекенде ұрпақтар сабақтастығы мен ел тағдыры алдындағы жауапкершілік айрықша сезіледі. Кездесу барысында жаңа Конституцияның басымдығы – кең қоғамдық диалогтың нәтижесі әрі кәсіпкерлер, жастар, аға буын, зиялы қауым және мәдениет қайраткерлері сынды қоғамдағы барлық топтың өзекті сұранысына берілген жауап екені ерекше атап өтілді. Құжат саяси жүйе архитектурасын қоғам мүддесіне сай түбегейлі жаңғыртып, «мемлекет адам үшін» деген жаңа базалық конституциялық қағидатты жүзеге асыруға бағытталып отыр.


Коалиция мүшесі Жақсыбек Құлекеев жаңа Конституция қабылдаудың тарихи маңызына тоқталды. Ол жаңа Ата заң қазақ мемлекеттілігінің мыңжылдық тарихи сабақтастығына сүйеніп, «Қасқа жол», «Ескі жол» және «Жеті жарғы» дәстүрлерін жалғастыратынын атап өтті. Ата заңды жаңарту – уақыт талабы және мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген тұрақты дамуына кепіл болуға тиіс.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көп мемлекеттегі демография мәселесіне және әлемдегі құндылықтар дағдарысына, жас ұрпақ тәрбиесіне цифрлық платформалардың ықпалы артып отырғанына назар аударды. Сондықтан Ата заңда адами капиталды қалыптастыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға және отбасы институтына қолдау көрсетуге ерекше мән берілді.

Конституцияда некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітетін норма азаматтар тарапынан ерекше қолдау тапты. Бүгінде әлемде негізгі ұғымдардың бұзылуы отбасы институтын әлсіретіп отыр. Осыған байланысты, Ата заңда неке тек ер мен әйел арасында қиылатыны, оның бала өміріне және ел болашағына негіз болатыны нақты бекітіледі. Бұл – отбасын қорғауға және жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге бағытталған нақты қадам.

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналғанын еске салды. Қоғамда кең қолдау тапқан адал еңбек, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сынды құндылықтар бүгінде жаңа Конституция жобасында көрініс тапты.

Түркістандықтар құжаттың қарапайым әрі түсінікті тілде жазылғанын және қоғамның берік бағдарын айқындайтынын жеткізді. Іс-шара соңында Түркістан облысының тұрғындары 15 наурызда өтетін референдумға келіп, жаңа Конституцияны қолдауға ниетті екендерін мәлімдеді. Жаңа Ата заң – мемлекеттің қарқынды дамуының, тұрақтылықтың, келісім мен алдағы күнге деген сенімнің кепілі.

Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуғаболады: постаматтар қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулікбойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беругеарналған автоматтандырылған постаматтарқамтамасыз етеді.

Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшықарқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар азамат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Қазіргі таңда еліміздің 10 өңірінде жалпы саны 14 постамат жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Олардың қатарында туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар, сондай-ақ аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Семей, Тараз және Түркістан қалаларының тұрғындары постамат қызметін ең көп пайдаланған.

Айта кетейік, постамат арқылы құжат алу тәртібі қарапайым. ХҚКО-да өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алу тәсілін таңдап, оны автоматтандырылған пункт арқылы алуға келісім беруі қажет. Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін, оны үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы уақыт ішінде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.

2026 жылы постамат арқылы құжат беру қызметінің құны 518 теңгені құрайды.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, постамат қызметі азаматтарға дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін кеңейтеді. Бұл қызмет әсіресе жұмыс уақытында ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін тиімді.

Анықтама: постамат орнатылған ХҚКО мекенжайлары

АстанаКерей, Жәнібек хандар көшесі, 4
Астана – Республика даңғылы, 43
Алматы (Медеу ауданы) – Марков көшесі, 44
Алматы (Әуезов ауданы)Жандосов көшесі, 51
Алматы (Алатау ауданы)Нұркент шағынауданы, 5/17
Шымкент (Әл-Фараби ауданы)Жангелдин көшесі, 13А  
ТаразТөле би даңғылы, 89Г
ҚордайБатыс тұрғын алабы, 25
ҚарағандыТәттімбет көшесі, 709
Қызылорда – Астана даңғылы, 46
Павлодар – Павлов көшесі, 48
Түркістан – 160-ықшамаудан, 236-құрылыс
Семей – 408-көше, 21-ықшамаудан
КөкшетауӘуезов көшесі, 189А

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезектіалдын ала брондауға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалы электрондық кезек талонын алдын ала брондау жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Байдибек пен Созақ аудандарының халыққа қызмет көрсету бөліміндерінде іске қосылады.

Жаңа қызмет азаматтарға бару күнін және уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау жасалғаннан кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, дайын құжаттарды беру жәнеөзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы қызметтербұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Айта кетейік, ерекше жағдайларда және алдынала брондау мүмкіндігі болмаған кезде қартадамдарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар, сондай-ақшетел азаматтарына арналған бір жұмыс орнықарастырылған.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасынпайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылыавторизациядан өту қажет екенін еске саламыз(қосымша App Store және Google Playплатформаларында қолжетімді).

Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалды кеңейту алдында тиісті жетілдірулер енгізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық режим аясында алдын ала брондаужүйесінің сұранысы мен тиімділігіне талдаужүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша қызметтіодан әрі енгізу және функционалын кеңейтужөнінде шешім қабылданады.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА TELEGRAM БОТ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында өткен жылы «EgovKZBot2.0» telegram бот платформасы іске қосылған.

Бұл бот платформасының басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.

Атап өту қажет, бот платформасы арқылы Департаментпен
2025 жылы 113 азаматқа, жыл басынан 12 азаматқа тиісті түсіндірмелер берілген.

Келіп түске өтініштердің басым көпшілігі әлеуметтік салаларға қатысты болған.

Мәселен, telegram бот платформасына Түркістан қаласының тұрғыны «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты шағыммен жүгінген.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген Медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.

Өз кезегінде, жедел медициналық жәрдемді шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бигаданың келу уақыты 10 минуттан 60 минутқа дейінгі уақытты құрайды.

Бұл ретте, өтініш иесіне жедел медициналық көмектің мүлдем келмегені анықталып, Департаменттің ықпалымен қызмет алушыға медициналық көмек көрсетілді.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram»мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.

_______________________________________________________

Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.

ХҚКО-на кезекті брондау
1414 операторымен байланысу
Уәкілетті органға өтініш
Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу
Көрсетілетін қызметтер
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Egov mobile жүктеу
Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру
Таяудағы ХҚКО
Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс
Бот туралы
Баптаулар

Егерде Сіздің Департаментке қандайда бір шағымыңыз болса, тelegramбот арқылы жүгіне аласыз, нәтижесімен Сізге 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

НАУРЫЗБАЙАБЫЛАЙХАН ДАҒЫСТАНҰЛЫ