Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Respublica қандай пайымда?

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.

«Экономикалық өсім ресурстар көлеміне емес, институттардың сапасына, ережелердің тұрақтылығына және меншік құқығының қорғалуына байланысты болмақ. Жаңа Конституция дәл осы институционалдық негізді бекітеді», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смолякова мемлекет пен бизнес әріптестігінің философиясына тоқталды. «Конституция мемлекетке және жеке тұлғаға тиесілі меншікті тең қорғауды бекітеді және адал әріптестіктің жаңа қағидаттарын қалыптастырады», – деді Екатерина Смолякова.

«Халық» пен «Байтақ» неге назар аударды?
Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударды.

«Жаңа Конституция – мемлекеттің адамға арналғанын мойындауды және әлеуметтік мемлекет болу міндеттемесін алуды білдіреді», – деді Магеррам Магеррамов.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат Әміртаев экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне тоқталды. «Қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен әрбір азаматтың конституциялық міндетіне айналады», – деді ол.
Өз кезегінде, «Байтақ» партиясының мүшесі Тәңірберген Бердоңғаров Конституция мәтініне «Миранда ережесінің» енгізілуін оң бағалады. «Бұл норманың конституциялық мәртебе алуы үнсіз қалу құқығы мен адвокат көмегіне жүгіну құқығын азаматтарды қорғаудың іргелі кепілдігіне айналдырады», – деді Тәңірберген Бердоңғаров.

«Ақ жол» Ата заңнан қандай үміт күтеді?
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының атынан оның төрағасы әрі Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сөз сөйлеп, пропорционалды сайлау жүйесіне көшу қадамын қолдады.

«Пропорционалды сайлау жүйесі саяси әртараптандыру мен көппартиялықты дамытуға жағдай жасайды», – деді Азат Перуашев. Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясының мүшесі Дания Еспаева жеке меншікті қорғау мәселесіне назар аударды.

«Мемлекетке және жеке тұлғаға тиесілі меншік тең конституциялық қорғауға ие болады. Ал мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері үшін өтемақы төленуге тиіс», – деді Дания Еспаева.

ЖСДП не деп көсілді?
Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов жаңа редакция адам өмірінің елеулі бөлігі цифрлық кеңістікке ауысқанын ескеретінін айтты.

«Жаңа Конституцияға сәйкес, цифрлық ортадағы жеке өмір де қорғалады. Адамның жеке деректері оның үйі мен жеке хат-хабарымен бірдей деңгейде қорғауға алынады», – деді Асхат Рақымжанов.

Ал оның фракцияласы Нұрлан Әуесбаев отбасы институты мен бақытты балалық шақты қорғауды күшейту мәселесіне тоқталды. «Отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады. Бұл – келер ұрпақтың құқықтық кепілі», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Осылайша, партияаралық диалог алаңы жаңа Конституция жобасын талқылауда саяси ұстанымдардың кең ауқымын көрсетіп, көрермендерге елдің алдағы дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша партиялардың көзқарастарын салыстыруға мүмкіндік берді.

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда тұрғындарды хабардар ету мақсатында дауыс беруге шақыру қағаздарын тарату жүзеге асырылуда.


Аталған шаралар Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сәйкес ұйымдастырылуда. Комиссия мүшелері әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, референдум күні дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады.
Түркістан облысында 948 референдум учаскесі бар, оның ішінде 26 жабық референдум учаскесі жұмыс істейді.
Референдумды өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
2026 жылғы 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт жүргізіледі.
21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдары, сондай-ақ референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер жарияланады.
22 ақпанда дауыс беруге арналған тізімдер референдум комиссияларына ұсынылады.
27 ақпан мен 4 наурыз аралығында азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарланады.


12–14 наурыз аралығында учаскелік комиссияларға бюллетеньдер жеткізіледі.
14 наурыз – тыныштық күні.
15 наурыз – дауыс беру күні.
Түркістан облыстық референдум комиссиясы азаматтарды өз таңдауын жасап, референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдайтын заманауи Мұрал пайда болды.

Сарыағаш қаласындағы Майлы Қожа көшесіндегі тұрғын үйдің қасбетіне көркем сурет салу қоғамдық бастаманың жарқын үлгісі болды.

Мұралдың ашылуы 1 наурыз – көктемнің бірінші күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күніне орайластырылды.

Жұмыстың негізгі идеясы – жаңа Конституцияның мәнін түсіндіру, азаматтық бірлік сезімін нығайту және ұлттық құндылықтарды еске түсіру.

Жаңа Конституция – еліміздің өміріндегі маңызды кезең. Ол мемлекеттік басқаруды жақсартуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы тығыз ынтымақтастыққа бағытталған.

Сарыағаш өзінің емдік минералды суларымен бұрыннан танымал: жыл сайын мұнда мыңдаған адамдар емделуге және демалуға келеді. Туристік әлеуеті жоғары қала үшін жайлылық қана емес, сонымен қатар әдемі көрініс маңызды.

Жаңа мурал оны одан да тартымды етіп және қала тұрғындары мен қонақтары үшін танымал фотосуретке айналды.

Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

28 ақпанда Астанада жаңа Конституциясы жобасына арналған Партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасыныңәлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTubeарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Партияаралық диалог спикерлерге қойылатын нақты регламенті мен айқын міндеті бар, 4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы.

Диалогқа Қазақстандағы 7 партия атынан14 спикер қатысты. Олар модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

Спикерлер Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымды дамыту басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі, азаматтардың цифрлық құқығы және негізгі шешімдер қабылдау кезіндегі жалпыхалықтық референдумның рөлі сынды бірқатар мәселеніталқылады.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының 3-бабына қатысты сұраққа жауап бере отырып, бұл бапта алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің стратегиялық қызмет қағидаттары Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы, ғылым мен білім басымдығы бекітілгенін мәлімдеді.

«Жаңа Конституцияның 3-бабы туралы айтқан кезде, біз мемлекеттік саясаттың іргетасы туралы ой қозғаймыз. Бұл жай ғана құндылықтар тізімі емес, ол – құқықтық бағдар. Заңдар мен биліктің барлық тармағының шешімдері соған сәйкес келуге тиіс», – деді Айдос Сарым.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ҮнзилаШапақ жаһандық трансформациялар мен технологиялық өзгерістер жағдайында Конституцияны жаңғырту қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, Ата Заңды жаңғырту мемлекеттің құқықтық тұрғыдадамуының қисынды кезеңі.

«Конституцияны жаңғырту құқықтықтұрғыда дамудың табиғи әрі қисынды көрінісі. Жаңа жоба демократиялық институттарды нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Үнзила Шапақ.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетінін айтты. Соған сәйкес, мемлекет адамға қызмет етуге тиіс.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды екені бекітілді. Бұл білім мен ғылымды дамыту және азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді», – деді Серік Егізбаев.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули ДайрабаевКонституцияға өзгерістер енгізудің жаңа тәртібіне – жалпыхалықтық референдум арқылы шешім қабылдау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Бұл түпкілікті шешімді халыққабылдайтынын бекітеді», деді Жигули Дайрабаев.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.

«Экономикалық өсім ресурстар көлеміне емес, институттардың сапасына, ережелердің тұрақтылығына және меншік құқығының қорғалуына байланысты болмақ. Жаңа Конституция дәл осы институционалдық негізді бекітеді», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясыфракциясының мүшесі Екатерина Смоляковамемлекет пен бизнес әріптестігінің философиясына тоқталды.

«Конституция мемлекетке және жекетұлғаға тиесілі меншікті тең қорғауды бекітеді және адал әріптестіктің жаңа қағидаттарын қалыптастырады», – деді Екатерина Смолякова.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі МагеррамМагеррамов жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударды.

«Жаңа Конституция – мемлекеттің адамға арналғанын мойындауды және әлеуметтік мемлекет болу міндеттемесін алуды білдіреді», – деді МагеррамМагеррамов.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат Әміртаевэкологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне тоқталды.

«Қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен әрбір азаматтың конституциялық міндетіне айналады», – деді ол.

Өз кезегінде, «Байтақ» партиясының мүшесі Тәңірберген БердоңғаровКонституция мәтініне «Миранда ережесінің» енгізілуін оң бағалады.

«Бұл норманың конституциялық мәртебе алуы үнсіз қалу құқығы мен адвокат көмегіне жүгіну құқығын азаматтарды қорғаудың іргелі кепілдігіне айналдырады», – деді ТәңірбергенБердоңғаров.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының атынан оның төрағасы әрі Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сөз сөйлеп, пропорционалды сайлау жүйесіне көшуқадамын қолдады.

«Пропорционалды сайлау жүйесі саяси әртараптандыру мен көппартиялықты дамытуға жағдай жасайды», – деді Азат Перуашев.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясының мүшесі Дания Еспаеважеке меншікті қорғау мәселесіне назар аударды.

«Мемлекетке және жеке тұлғаға тиесіліменшік тең конституциялық қорғауға ие болады. Ал мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері үшін өтемақы төленуге тиіс», – деді Дания Еспаева.

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов жаңа редакция адам өмірінің елеулі бөлігі цифрлық кеңістікке ауысқанын ескеретінін айтты.

«Жаңа Конституцияға сәйкес, цифрлық ортадағы жеке өмір де қорғалады. Адамның жеке деректері оның үйі мен жеке хат-хабарымен бірдей деңгейде қорғауға алынады», – деді Асхат Рақымжанов.

Ал оның фракцияласы Нұрлан Әуесбаевотбасы институты мен бақытты балалық шақты қорғауды күшейту мәселесіне тоқталды.

«Отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады. Бұл келер ұрпақтың құқықтық кепілі», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Осылайша, партияаралық диалог алаңы жаңа Конституция жобасын талқылауда саяси ұстанымдардың кең ауқымын көрсетіп, көрермендерге елдің алдағы дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша партиялардың көзқарастарын салыстыруға мүмкіндік берді.