Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимовтің жетекшілігімен уақытша депутаттық комиссия жұмысы жалғасуда.
Комиссия мүшелері облыстық денсаулық сақтау мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына қарасты Түркістан қаласында орналасқан бірқатар мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысып, саладағы өзекті мәселелерді зерделеді.
Атап айтқанда, депутаттар Түркістан қалалық орталық ауруханасына, №1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін «Жігерлі жүрек» орталығына барып, мекемелердің материалдық-техникалық базасын, қызмет көрсету сапасын және мамандардың жұмыс жағдайын көрді.

Уақытша депутаттық комиссия құрамына енгізілген облыстық денсаулық сақтау мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары өздері жетекшілік ететін салалардағы өзекті мәселелер жөнінде баяндап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Алмкс Алтайұлы көтерілген мәселелерді жан-жақты талдап, тиісті ұсынымдар әзірлеу және оларды облыстық мәслихат деңгейінде қарау қажеттігін атап өтті. Комиссия жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.