Алмас Салимов: 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – бұл тек көктемнің келуі ғана емес, жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, мейірім мен үміттің символы. Бұл күні табиғатпен бірге адамзат та түлеп, жаңа мақсаттарға қадам басады. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған әрбір ақ тілек қабыл болып, әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ орнайды.

Бабаларымыздан қалған осы қасиетті мереке – ұлттың рухани тірегі, салт-дәстүріміздің айнасы. Біз осы құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа аман жеткізуге міндеттіміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әр үйге құт-береке, шаттық пен қуаныш әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен,
Алмас САЛИМОВ Түркістан облыстық мәслихат депутаты

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*