Тыйым салынған заттарды өз еркіңмен тапсыр – қауіпсіз болашаққа қадам бас

Бас көлік прокуратурасы суық қаруды заңсыз алып жүру, сақтау және өткізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Бұл ретте, заңсыз сақтаудағы қаруды және басқа да тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Көлік прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырады.

Қарусыз қоғам — қауіпсіз болашақ.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1235848?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr

Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті

6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады.

Осындай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі акцияға қатысқан барлық азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатты сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.