Дорожно-транспортных происшествиях с пострадавшими за 10 месяцев 2026 года

дорожно-транспортных происшествиях

с пострадавшими за 10 месяцев 2026 года

 

За 10 месяцев 2026 года по Туркестанской области зарегистрировано 993 (1032) дорожно-транспортных происшествий (далее – ДТП), количество которых в сравнении с аналогичным периодом прошлого года снизилось на   –3,8%.

Количество пострадавших в результате ДТП снизилось на –7,0% (с 1528до 1421), из них число раненых снизилось на –6,9% (с 1285 до 1196), количество погибших снизилось на –7,4% (с 243 до 225).

Несовершеннолетних ранено 390 (382) –рост на 2,1%, погибло 51 (43) – рост на 18,6%.

Наибольшее количество дорожно-транспортных происшествии совершаются на дорогах районного значения (всего 217 ДТП) и в населенных пунктах (всего 635 ДТП).

В разрезе районов данные по регистрации ДТП с пострадавшими выглядят следующим образом: в г.Туркестан-138, Сайрамском-133,Жетысайском-109, Арысском-71, Тюлькубасском-66, Созакском-60,Сарыагашском-57, Келесском-51, Шардаринском-51, Ордабасинском-44,Сауранском-41, Толебийском-39, Отырарском-31, Казыгуртском-29,Махтааральском-27, Байдибекском-24, г.Кентау-22.

Основными причинами ДТП все также остается несоблюдение Правил дорожного движения (превышение скорости, установленной ПДД или дорожными знаками; непредоставление преимущества пешеходам или иным участникам; несоблюдение правил маневрирования; несоблюдение правил встречного разъезда, или обгона и другие).

Уважаемые граждане Туркестанской области, а также гости и туристы просим быть предельно внимательными, строго соблюдать требования правил дорожного движения.

Настоятельно призываем переходить дороги только в установленных для этого местах, не использовать услуги такси на автомобилях с правосторонним рулевым расположением руля, не совершать превышение скоростного режима и опасные маневры на загородных дорогах.

Также напоминаем, детальную информацию об аварийности на дорогахстраны можно посмотреть на портале Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры республики Казахстан«https//gis.kgp.kz» в разделе «Карта аварийности».

 

Департамент Комитета по правовой

статистике и специальным учетам

Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

2026 жылдың 10 айында зардап шеккендермен болған жол-көлік оқиғалары туралы

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында – 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда –3,8%-ға төмендеген .

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны –7,0%-ға (1528–ден 1421-ге) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны –6,9%-ға (1285-тен 1196–ға дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны –7,4%-ға (243-тен 225–ке дейін) төмендеген.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 390 (382) –2,1%-ға өскен, ал қаза тапқандар саны 51 (43) өсім 18,6%-ды көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында (217 ЖКО) және елді мекендер аумағында орын алуда (635 ЖКО).

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Түркістан қаласы – 138, Сайрам – 133, Жетісай – 109, Арыс – 71, Түлкібас – 66, Созақ – 60, Сарыағаш – 57, Келес – 51, Шардара – 51, Ордабасы – 44, Сауран – 41, Төлеби – 39, Отырар – 31, Қазығұрт – 29, Мақтаарал – 27, Бәйдібек – 24,Кентау қаласы – 22.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, оң жақ рульді орналасуы бар автомобильдерде такси қызметтерін пайдаланбауға, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырамыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz»порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Президент Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту, көлік қатынасын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.

Түркістан облысы географиялық орналасуы жағынан маңызды көлік дәліздерінің бойында орналасқан. Өңір арқылы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржол бағыттары өтеді. Бұл облыстың сауда, өндіріс және логистика орталығы ретінде дамуына мүмкіндік береді.

Бүгінде облыста автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдету және жол бойындағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Әсіресе, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарының шекаралық орналасуы логистикалық қызметтерді дамыту үшін маңызды мүмкіндік қалыптастырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, қаптау және экспортқа жөнелту орталықтарын көбейту осы әлеуетті тиімді пайдалануға жол ашады.

Алдағы кезеңде заманауи қоймалар, көтерме-тарату орталықтары, көлік сервистері мен жүк терминалдарын дамытуға басымдық беру қажет.

Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы тауар айналымын жеделдетіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Түркістан облысының транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану – өңір экономикасын әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі.

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

Сарапшы: Туризм саласының маманы

Президент Жолдауында экономиканың жаңа бағыттарын дамыту, инвестиция тарту және қызмет көрсету саласының әлеуетін арттыру міндеттері белгіленді. Осы тұрғыдан алғанда Түркістан облысының туристік мүмкіндіктері ерекше назар аударуға лайық.

Түркістан – халықаралық деңгейде танымал тарихи-мәдени орталық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Арыстанбаб кесенесі, Сауран қалашығы және өңірдің табиғи туристік орындары ішкі және шетелдік саяхатшылар үшін үлкен қызығушылық тудырады.

2025 жылы облысқа келген туристер саны шамамен 304 мың адамды құраса, 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 143 мыңнан асты.

Туристер ағынының артуы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, көлік қызметі, гидтер мен қолөнер шеберлерінің жұмысына оң әсер етеді.

Дегенмен туризмді дамытудың келесі кезеңінде туристік бағыттарды әртараптандыру, аудандардағы тарихи нысандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, халықаралық жарнаманы күшейту және сапалы сервисті қалыптастыру маңызды.

Туризм – тек тарихи орындарды таныстыру емес, ол жаңа жұмыс орындарын ашатын, шағын және орта бизнесті дамытатын экономиканың маңызды саласы.

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыт өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Түркістан облысында да цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, білім беру ұйымдарын цифрлық жүйелермен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерге интернет тарту бағытында нақты шаралар қолға алынған.

Цифрландырудың тиімділігі тұрғындардың күнделікті өмірінен көрінуі керек. Мәселен, ауыл тұрғыны мемлекеттік қызмет алу үшін аудан орталығына бармай-ақ, қажетті құжаттарды онлайн рәсімдей алуы тиіс. Сол сияқты білім беру мен медицина саласындағы цифрлық шешімдер де қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қоғамдық қауіпсіздік және өңірлік жоспарлау салаларына енгізудің әлеуеті зор.

Цифрлық даму – тек технологиялық жаңару емес, ол халықтың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыратын маңызды құрал.

Қазақстан жол диагностикасына жапондық технологияларды енгізу мүмкіндігін қарастырады

Қазақстанда автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін бағалау мен инфрақұрылым сапасын бақылаудың жаңа цифрлық тетіктерін енгізу мәселесі қарастырылуда. Осы бағытта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Жапонияның Aero Toyota Corporation компаниясымен ынтымақтастық орнатып, жол диагностикасына озық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты бастады.

Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – Mobile Mapping System (MMS) мобильді картографиялау жүйесін Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу. Бұл технология жол инфрақұрылымы туралы кең көлемді кеңістіктік деректер жинап, оларды цифрлық форматта өңдеуге және талдауға мүмкіндік береді.

MMS жүйесі арқылы жолдардың техникалық сипаттамаларын, геометриялық параметрлерін және жол бойындағы инфрақұрылым нысандарының орналасуын бағалауға болады. Жиналған деректер жол жағдайын кешенді зерделеуге, ықтимал ақауларды анықтауға және инфрақұрылымның цифрлық моделін қалыптастыруға негіз болады.

Жобаның бастапқы кезеңінде жапондық мамандар Ұлттық орталыққа сараптамалық және консультациялық қолдау көрсетеді. Бұл кезеңде MMS жүйесін еліміздің климаттық және жол жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктері, оны қолдануға қажетті техникалық талаптар мен жұмыс әдістемесі қарастырылады.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибені зерделеу, жолдарды диагностикалау, мониторинг жүргізу және цифрлық паспорттау бағытындағы озық тәсілдерді отандық тәжірибеге енгізу мәселелері талқыланады.

Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану жол инфрақұрылымының нақты жағдайы туралы мәліметтерді жүйелеуге, деректердің дәлдігі мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолдарды салу, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде қабылданатын техникалық шешімдердің негізділігін күшейтіп, сапаны бақылау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ынтымақтастық аясында жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру, зертханалық бақылауды жетілдіру және саладағы технологиялық тәжірибе алмасу мәселелеріне де назар аударылады. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отыр.

Консультациялық кезеңнің қорытындысы бойынша жапондық компания MMS жүйесін қолдануға қатысты әдістемелік және техникалық ұсыныстар қамтылған есеп әзірлейді. Бұл құжат Қазақстанда аталған технологияны енгізудің тиімділігін бағалап, оны одан әрі қолдану жөніндегі шешімдер қабылдауға негіз болмақ.

Осылайша, халықаралық ынтымақтастық отандық жол саласын цифрландыруға, диагностика мен сапа бақылау жүйесін жетілдіруге және автомобиль жолдарының жай-күйін бағалауда заманауи технологияларды қолдануға бағытталған.

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК баспасөз қызметі