Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты мектептерінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Заң және Тәртіп» құндылығы тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: құқықтық тәртіп ұғымдарын түсіндіру. Жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, қоғамдағы құрметтің маңыздылығын талқылау. Бірыңғай сабақтарда құқықбұзушылықпен күресу және тәртіпті сақтаудағы жастардың өзіндік бағдарын анықтауына жол көрсететін тәлім-тәрбие беру жоспарлары жүзеге асырылды. Яғни, құндылықтарды талқылау: Жауапкершілік: Өз ісіне есеп берудің маңыздылығы. Әділдік: Барлығына бірдей әділдікпен қарау. Адалдық: Іс-әрекетте шыншыл және ашық болу. Құрмет:Басқаларды және олардың құқықтарын бағалау.
Осындай іс-шараның бірі Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты Максим Горький атындағы 1-ші мектеп гимназиясында ұйымдастырылды. Тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша эссе жазу байқауы 1-4, 5-9, 10-11-ші сыныптарда ережеге сәйкес жүзеге асырылды.
« – Әділетті қоғамды қалыптасыру тәрбиеден бастау алады. Келешек ұрпақтың санасына жауапкершілік пен адалдықтың ұғымын сіңіру арқылы, оларды құқық бұзушылықтардан аулақ болуға үндейміз. “Заң және тәртіп”бағытында: сен қоғамдық тәртіп орнатуға қандай үлес қоса аласың? Заң мен тәртіп сақтау үшін не істеу керек? Заңды орнату қоғамның дамуына қалай әсер етеді?, деген сауалдар қойып, шәкірттердің ой-пікірлерін білеміз. Сондай-ақ, сен үшін адал азамат деген кім?, қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?, ар-ождан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді тақырыбында эсселер жаздырдық. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сәуле Нүрденованың сабақ беретін сынып оқушылары осы байқауда ерекшеленіп жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда Бақбергенқызы Нұрай-10″д”сынып оқушысы, Қошанбаева К.-9″ә”, Мұратбек Кәусар.Асилхан, Ажар-9″ә”, Абдизакир Айдана-9″ә”сыныбы, Умирзакова Жасмина,Нұржау Сағи,Орынбек Адема-9″д”, Бейсенбек Алтынай,Асанхан Кәусар,Сәрсенбек Сабина-9″е. Сол сияқты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ақжарқынның шәкірттері де сыни тұрғыдан ойлау,жазу сауаттылығын басшылыққа ала отырып жүлдегер атанды: Тұрсынбек Балжан.Есен Кәмшат-9″а”сынып, Медет Балауса мен Махамадова Гүлнара 9″б”, Алтай Айару-10″а”сынып оқушысы. Ал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айнұр Мұратбеваның оқушылары да бұл байқауда “Жүзден жүйрік “атанды. Олар Холбай Ализат пен Кабулов Султан.» – деді директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Ахметқызы Абилдаева.
Жалпы, қылмыс деген ұсақ құқық бұзушылық пен ортақ тәртіпке бағынбаудан бастау алады.Бүгінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен оларға қатысты жасалатын қылмыстардың көбі ата-ананың перзенттерін қадағалаусыз қалдыруы салдарынан орын алып жатады. Ата-ана бақылауынан тыс қалған бала зиянды әдеттерге әуестеніп, тәртіп бұзуға бейім келеді. Бұл жағдайға рухани қажеттілікті естен шығарып, перзенттерінің болашағын материалдық қажеттіліктермен ғана бағамдайтын кейбір ата-аналар кінәлі екені жасырын емес. Міне, осындай олқылықтардың алдын алу бағыты бойынша Жетісай ауданында оңтайлы жоспарлар жасалып, бүгінде өз нәтижесін беріп жатыр.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторлары мен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің, Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, оған қарасты жалпы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұстаздарының қатысуымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес түнгі профилактикалық рейдтік шаралар да ұйымдастырылуда. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейдтік шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігін ескертіп, оларға мүлдем темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы, сонымен қатар, елдегі карантиндік ахуалға байланысты енгізілген шектеулер жайында түсіндіру жұмыстары да ұдайы жүргізілуде.
Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген әр түнгі рейдтік шара барысында, үй-жайынан тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, олардың заңды өкілдеріне хаттамалар толтырылдады. Түсініктемелер алынып, ҚР ӘҚтК-нің 442 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыстар жүргізіледі. Айта кетейік, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 442 баптың 1 бөлігінде қаралып ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Ал, ойынхана иесіне кәмелетке толмаған тұлғаларды кіргізгені үшін 132 бабының 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл салынатын болады, дейді полицейлер. Сондықтан Жетісайдың тәртіп сақшылары азаматтарды құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.