Түркістан облысы энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл саясат — елдің ұлттық энергетикалық стратегиясы мен өңірлік дамудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қалыптасуда. Түркістан облысы 2029 жылға дейін энергетика саласына 60 миллиард теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат электр энергетикасы инфрақұрылымын жаңғыртуға, желілік жүйелерді реконструкциялауға, жаңа және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталады. Осы жұмыстар миллиондаған тұрғындарға сапалы әрі тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және халықты қажетті инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды шаралардың басым бағыттары болып саналады.
Облыста жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылы Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын «Шәуілдір» күн электр станциясы салынды. Бұл – өңірдің жаңартылатын энергия саласындағы маңызды жетістігі болды. Сонымен қатар, Облыста 278,6 МВт жалпы қуаты бар 24 жоба іске асырылған, бұл облыстың энергия балансына жаңартылатын көздерден электр өндіруді арттыруға мүмкіндік береді. Биыл Төлеби, Жетісай аудандарында инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған 110 киловолттық «Алатау», «Жетісай» қосалқы станциялары іске қосылды. Сонымен қатар Ордабасы, Түлкібас аудандарында 220 киловолттық «Бадам», «Хим комплекс» қосалқы станцияларының құрылысы іске асырылуда. Сондай-ақ, «Samruk-Energy» компаниясы Сауран ауданында 300 МВт қуатты күн электр станциясын және 90 МВт/360 МВт сағаттық энергия сақтау жүйесін салу жобасын жүзеге асыруда. Бұл Қазақстанның жасыл энергетикаға көшу стратегиясына толықтай сай келетін нақты бастамалар.
Одан бөлек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС осы жылы инвестициялық бағдарламаға сәйкес, 6 дана 110-35 кВ-тық қосалқы станция, 357 шақырым электр желісіне, 89 трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Осындай жүйелі жұмыстардың атқарылуында энергетика саласының мамандарының да еңбегі орасан. Сондықтан елімізде қызметтерінде қиындығы қатар жүретін сала қызметкерлерінің мерейін үстем ететін мерекелік күн де белгіленген.
Түркістан қаласында Энергетиктер күніне арналған арнайы мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында сала мамандарына құрмет көрсетіліп, облыстың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан еңбеккерлер марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
«– Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Cіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті күшейту, жаңа қуат көздерін дамыту – негізгі стратегиялық міндет екенін атап өтті. Энергетика – өңірдің тұрақты дамуын айқындайтын маңызды бағыт. Облыста бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Өңірлерге жарық пен жылудың үздіксіз берілуі, өндіріс орындарының қалыпты жұмыс істеуі, әлеуметтік нысандардың толыққанды қызмет атқаруы – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы деп білемін. Сіздердің халыққа жарық пен жылу жеткізу жолындағы қызметтеріңіз әрдайым құрметке лайықты. Біз бүгін саладағы үздік мамандарды арнайы марапаттайтын боламыз. Бұл – еңбектеріңізге деген шынайы алғыс пен құрметтің айқын белгісі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз ең жоғары кәсіби қызыметтеріңіздің арқасында өңірімізде энергетиалық қауіпсіздік мен тұрақтылық қамтамасыз етіліп келеді. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін,» – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.
Мерекелік шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар еңбек адамына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалін, «Еңбек сіңірген энергетик» және «Құрметті энергетик» төсбелгілерін табыс етті. Сонымен қатар сала үздіктері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» Құрмет граммотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар Түркістан облысы мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа Облыс мәслихатының Грамотасын табыстады. Сонымен қатар Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Сариева сала мамандарына алғысын жеткізіп, аяндай еңбек етіп жүрген азаматтарды Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Алғыс хатымен марапаттады. Марапатталған азаматтардың қатарында электргаз дәнекерлеушісі, инженер, тас қалаушы, менеджер, қосалқы станция қызметінің аға шебері, сылақшы-бояушы, электрослесарь, оператор сияқты еңбек адамдары бар.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы 2030 жылға қарай энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізуді жоспарланған. Бұл облыста да қолдауға ие ұлттық мақсаттардың бірі. Аталған бағытта өңір энергетикасының маңызды нәтижелері бар. Яғни, энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту және инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту — күн электр станциялары мен жобалар облыстың энергетикалық балансына елеулі үлес қосып жатыр. Сонымен қатар, энергия тиімділігін арттыру бағытында азаматтық секторда нақты жобалар жүзеге асырылуда. Түркістан облысында энергия тиімділігі саясаты — тұрғындарға сапалы, үнемді және тұрақты энергия ресурстарын қамтамасыз етумен бірге, экологиялық таза энергияны дамытуға бағытталған кешенді бағыт болып отыр. Бұл бағыт елдің ұлттық стратегияларымен үндесіп, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына серпін беріп келеді.
