«Қылмыс жағдайы: қазіргі ахуал мен көрсеткіштер»​

2025 жылдың 6 айында (2024 жылдың 6айымен салыстырғанда) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) сәйкесоблыс көлемінде 2 578 (2 773) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген немесе қылмыс -7,0%-ға азайған, оның ішінде қылмыстар саны 9,6%-ға (2 298ен                2 078-ге) азайған, теріс қылықтар 5,3%-ға (475тен 500ге) жоғарылаған.

Осы қылмыстарды санатқа бөлсек:

орташа қылмыстар 810нан 695ке немесе 4,2%-ға;

онша ауыр емес қылмыстар 568ден 564-ке немесе 0,7%-ға;

– аса ауыр қылмыстар 71-ден 38-ге немесе 46,5%-ға азайған.

Ал  ауыр қылмыстар 773тен 781-ге немесе 1,0%-ға жоғарылаған.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 78,8%-ды (76,5%) құрайды. Оның ішінде аса ауыр қылмысты ашу пайызы 100,0%, ауыр қылмыстың ашылуы 88,1% құраған.

Аталған мерзімде жеке адамдарға қарсы 515(364), отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы 13 (19), адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы 17 (26), меншікке қарсы 1180 (1233), қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы – 144 (251) құқықбұзушылық тіркелген.

Жалпы тіркелген қылмыстардың 32,0%алаяқтық қылмыстары құрап отыр.

Алаяқтық қылмыстары 23,8% (665-тен 823-ке) жоғарылаған, оның ішінде Жетісай, Отырар, Сайрам, Келес, Шардара аудандарында төмендеген, ал басқа аудандардың барлығында жоғарылаған.

Интернет-алаяқтық қылмыстары 66,0% (203-тен 337-ге)  жоғарылаған.

Интернеталаяқтықтың басым көпшілігі Кентау қаласында 583,3% (6-дан 41-ге), Бәйдібек 300,0% (1-ден 4-ке), Сарыағаш 137,5% (16-дан 38-ге), Түлкібас 280,0% (5-тен 19-ға) Созақ 600,0% (1ен 7ге) аудандарында жоғарылаған.

Ұрлық қылмыстары 35,5% (335тен 216ға)төмендеген, ең көп төмендеу Сарыағаш 52,2% (46-дан 22ге), Қазығұрт 74,0% (23-тен 6-ға), Арыс 44,4%                 (9ан 5-ке), Төлеби 40,0% (20дан 12ге) аудандарында және Түркістан қаласында   26,5% (68-ден 50ге).

Мал ұрлығы  31,4% (51-ден  35-ге) төмендеген, ең көп төмендеу Төлеби 83,3% (6дан  1-ге), Ордабасы – 40,0% (5-тен 3ке), Жетісай – 37,5% (8ден                    5-ке), Келес – 100,0% (2ден  0ге) аудандарында орын алған.

Адам өлтіру қылмыстары 33,3% (21ден 14ке) және адам өлтіруге оқталу 22,2% (9дан 7-ге), аталған қылмыстар барлық қала, ауданда орын алған.

Тонау 16,7% (18ден 15ке), қорқытып алу қылмыстары 35,7% (14тен 9ға) төмендеген,  төмендеу барлық аудандарда орын алған.

Ағымдағы жылдың жартыжылдығында 135(163) өз-өзіне қол жұмсау деректері  тіркелген немесе 17,2%-ға төмендеген, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен жасалғандар саны 19 (22).

Өз-өзіне қол жұмсауға оқталу деректері – 28,2%-ға (181-ден 130-ға) төмендеген, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен жасалғандар саны 19 (22).

Аталған мерзімде қоғамдық орындарда жасалған құқұықбұзушылықтар саны деректері  –18,0%-ға (560-тан 459-ға), көшеде жасалғандар саны – 17,6%-ға (398-ден 328-ге), мас халде жасалғандар саны – 8,7%-ға (195-тен 178-ге), топпен жасалған құқықбұзушылықтар – 39,9%-ға (193-тен 116-ға) төмендеген, ал отбасы-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар саны 370,8%-ға (24-тен 113-ке) жоғарылаған.

Сонымен қатар, елімізде тіркелген қылмыстар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңqamqor.gov.kz порталынан алуға болатындығын назарларыңызға саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*