Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, алаяқтардан сақтану мәселелері талқыланды.

Мақтаарал ауданында интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқиғаларына тосқауыл қою, құқықтық тәртіп пен ұлтаралық татулықты сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Аудан прокуратурасының бастамасымен өзекті тақырыптарды қамтыған кеңейтілген жиын өтіп, маңызды ұсыныстар мен кеңестер айтылды. Жиынға аудан прокуроры Айтболат Досаев пен аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров төрағалық етті. Сонымен қатар, кент – ауылдық округтердің әкімдері, мектептердің директорлары, құқық қорғау органдары мен жауапты бөлімдердің мамандары қатысты. Аудан прокуроры құқықтық мәдениетті бала кезден қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Құқықтық сауаттылық қоғамдағы құқықтық мәдениеттің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда құқықтық сауаттылықтың деңгейі әртүрлі. Бұл құқықтық мәдениеттің дамуында кедергі болатын факторлардың бірі болып табылады. Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болғанымен құықтық сананың мәні, оның бағалығы, қызметі біршама тұрақты болып қала береді, ал оның азаматтардың санасына әсер етудің мазмұны мен тактикасы, объектілері, нысаны және амалдары ауысып отырады. Тек шынайы демократия жағдайларында құқықтық білім беру кәсіби мамандардың мақсатты бағытталған және арнайы ұйымдасқан қызметі болуы мүмкін. Ол өзі көп мақсатты, қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді. Құқықтық білім беру жүйесінде құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған бірқатар бағдарламалар мен тренингтер жүргізілуде. Дегенмен, мүндай шаралар барлық халыққа бірдей қолжетімді емес. Құқықтық білім беру жүйесі мен ақпараттық ресурстарды жетілдіру үшін интернет-ресурстар, мобильді қосымшалар мен құқықтық кеңес беру қызметтері үлкен рөл атқаруы да мүмкін.» – деді аудан прокуроры Айтболат Досаев

Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді жеңуіміз қажет, оған көпшіліктің таңқалуын тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі, яғни бұл жерде жемқорлық, заңды басынушылықтар, заңға немқұрайлы қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек. Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын кеңейтуде немесе қоғамдық сананы құрудың негізі — адамгершілік және әлеуметтік әлемді тұрақтандыру арқылы, яғни барша азаматтардың қолдауымен барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров халықты алаяқтардан сақтанып, арбауына түспеуге шақырды. Аталған жиында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

« – Алаяқтықтың құрбаны болмаудың пайдалы кеңестерін атап өткім келеді. Кез-келген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей ақиқат ретінде қабылдамаңыз. Оған әрекет етуден бұрын оның шындыққа жанасатындығын ойластырыңыз. Достарыңыздан әлеуметтік желі арқылы алған хабарламалардың өзіне күмәнмен қараңыз. Олардың аккаунттары бұзылған болуы мүмкін. Орасан табысты уәде еткендерге сенбеңіздер! Бұлар мың теңге беріп милиондап табыс табу және ғажайып жеңілдіктер туралы ұсыныстарға қатысты. Аз салыммен мол табыс табудың жұмыс жоспарын ойлап тапқан адамға, оны сізбен бөлісудің қажеті қанша? Барлық жеңілдіктер – жақсы ойластырылған маркетингтік тәсіл. Бір де бір сатушы тауарды құнынан төмен бермейді! Жеке мәліметтерді нақты қажеттіліксіз жариялауға болмайды. Егер де күмәнді ресурстарда сізден мәліметтерді енгізуді сұраса, келіспеңіз! Тәжірибелі алаяқтар аздаған ақпараттың өзін өз пайдасына айналдыруы мүмкін. Бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға және қоңырауларға назар аудармаңыз! Егерде сіз ақша жіберу, ссылкаға көшу, қайта қоңырау шалу ұсыныстарының хабарламаларын алған болсаңыз. Ол хабарламалар қызықтыратын, қорқытатын немесе шаттандыратын болса да , назар аудармаңыз! Ғаламтордағы алдаудың барлық тәсілін атап беру мүмкін емес! Қылмысты ашылу жетістігінің кепілділігі болып полиция органына уақытылы хабарлау, болған жағдайды нақты және толық суреттеу болып табылатынын атап өткіміз келеді.Бұл бағытта тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңінен насихаттау жүргізіліп жатыр.» – деді аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров.

Сондай-ақ бұл күні прокуратура, полиция және ТЖ қызметі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен де бөлісті. Дін, ұлтаралық келісім, тәрбие және профилактика бағытындағы ұсыныстар айтылды. Жиын соңында нақты тапсырмалар жүктеліп, әр сала жұмысы бақылауға алынатыны айтылды. Қоғам тұрақтылығы — ортақ міндет. Бұл бағытта бірлескен жүйелі жұмыс жалғасын табады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*