«ҚАЗЫҒҰРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан «Қазығұрт» индустриалды аймағында 4,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 249 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде индустриалды аймақта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 123 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, жаңа өндіріс орындарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қазығұрт» индустриалды аймағын аралады. Жаңа жобалармен танысып, жұмысты пысықтады. Жауапты тұлғаларға тың жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту керек екенін айтып, жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына серпін береді. Қазіргі уақытта «Билол» ЖК тарапынан 3 гектар аумақта болат шарларын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның жылдық қуаттылығы – 5000-6000 тонна. Зауыттың құрылысы 80% аяқталып, құрал-жабдықтары орналастырылуда.

Сонымен қатар биылғы мамыр айында 2 жобаның құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, «TIMUR.LES» ЖШС жиһаз, жұмсақ полиуретанды көбік және бағдарланған бөлшектер тақтасын шығаратын зауыт салуды қолға алды. Зауыт іске қосылғанда жылына 10 мың дана жиһаз өндіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «AGRO irrigation» ЖШС су үнемдеуге арналған полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт салмақ. Инвестиция құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жобаның жылдың қуаттылығы – 10 000 тонна. Қазіргі уақытта кәсіпорындар салуға қажетті жер телімдері рәсімделіп, инвесторлар зауыттардың құрылыс жұмыстарына кіріскен. «Сапа 2002» ЖШС 150 гектар жерге жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек, «Көрік ШҚ» ЖШС 2018 жылдың қазан айынан бастап алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаруда. Жоба қуаттылығы жылына – 1 мың тонна. 2019 жылдың қараша айында «CG Foods Central Asia» ЖШС тез әзірленетін тағамдар өндірісін іске қосқан. Өндіріс қуаттылығы жылына – 1100 тонна. Кәсіпорын өнімдерін Қазақстаннан бөлек, Ресей және Орта Азия елдеріне экспорттауда. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылған. Индустриалды аймақта «Асыл» ЖШС-нің автоматтандырылған ауыз су жүйесі және капсулалалар өндірісі іске қосылған. Сонымен қатар «Сабит» шаруа қожалығы «Ағанай» су қоймасына 200 мың шабақ тастап, балық өсірумен айналысуда. Жалпы Қазығұрт ауданында 2025-2030 жылдар аралығында құны 55,1 млрд. теңге болатын 45 жобаны іске асырып, 1 364 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, тамақтану және сауда салаларында жүзеге асырылатын болады. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту үшін, 35 гектар жер аумағына «Қазығұрт» индустриалды аймағы құрылып, кәсіпкерлерге жағдай жасалуда.

Өнеркәсіп саласында құбыр, гидротурбина, керамикалық өнім, бұрғылау қондырғыларын жасап шығаратын, мал қалдықтарын өңдеу секілді жаңа жобаларды іске асыру жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласында сүт фермалары, мал сою цехы және мал бордақылау алаңдары, балық шаруашылығы, жылыжай жобаларын жүзеге асыру, өнім сақтау қоймасын салу көзделген. Ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімі көлемін арттыру үшін Тұрбат ауылында 60 гектар жер аумағына «Тұрбат агроиндустриалды аймағы құру жоспарлануда. Аталған аймақта 3,8 млрд. теңгеге жылыжайлар бой көтеріп, 416 адам жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазығұрт ауданының әкімі кәсіпкерлерімен кездесіп, жеке инвестициялық жобалар негізінде ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік меморандумына қол қойған болатын. Бұл бастама Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес аймақтарда жұмыспен қамту шаралары бағытында жүзеге асырылып отыр. Мұндай меморандумдар кәсіпкерлермен тиімді қарым-қатынас орнатуға, экономикалық даму мен жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Серіктестік меморандуның мақсаты – кәсіпкерлердің міндеттері мен жергілікті экономиканың өркендеуіне және кәсіпкерліктің дамуына оң әсер ету, жеке инвестициялық жоба аясында ашылатын жаңа жұмыс орындарына жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Бірінші тарап Қазығұрт ауданы, екінші тарап Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, үшінші тарап «Hubei Renfeng Environmental Protection New Materials Co., Ltd» ЖШС, “Сапа-2002” ЖШС, “Қараша Агро” ЖШС, “Қайып ата” ЖШС, “Maxsimus food” ЖШС, “Hubei Renfeng” ЖШС, “Сайдусман ата” ШҚ, “Билол” жеке кәсіпкерлігі және төртінші тарап Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильділігі орталығы» өзара серіктестік меморандумына қол қойған еді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*