“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды

2 мамыр күні, Түркістан облысы Сауран ауданында «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары басталды.Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде өтті. Жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.

Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Оқу семинарына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалима Жантөреқызы, жоба сарапшысы Жандос Әзімбай, аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.


Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Жандос Әзімбай жүргізді.
— Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.


Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, — деді Жандос Әзімбай.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Айта кетейік 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табатын болады, Сонымен қатар, еліміздің 8 өңірінде тегін курс оқулары ұйымдастырылған. Тұрғындарды оқыту 3 топқа бөлу арқылы, 5 күн бойында жалғасады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*