Белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы бір қызды өлімнен құтқарып қалды. (Видео)

Түркістан облысындағы үйлердің бірінде түнгі уақытта екі тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап ТАQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Тәртіп сақшыларының бірі белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы Бейбарыс Серікбаев болып шықты. Оқиға Төлеби ауданында болған. Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлайды. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, сол жерге жетеді.
Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.

Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермекші болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын анықтайды.
Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған жоғалған қызды табады.

Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырады. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастайды. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс алып, жедел жәрдем шақырады.
Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды осылайша құтқарып қалады.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мәнжайы әлі де анықталуда.
Анасы тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірімен қоштасуы мүмкін еді.

 

 

Полиция қызметкері Есенғали Асқарбеков 2006 жылдан 2007 жылға дейін Өскеменде әскери борышын өтеп, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ІІО-да жұмыс істейді. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.
Бейбарыс Серікбаев белгілі әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың ұлы. Маэстро өзінің туған қаласы Арыс қаласында 51 жасында жол апаты кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиғадан кейін жас жігіт өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруға шешім қабылдады. Бейбарыс 2022 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқаруда.

 

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*