Мақтаарал ауданында тәртіп сақшылары қарауыз қалып, көліктерге кедергі келтіріп жүрген ірі қараларды қуып, арнайы айып тұраққа апаруда, -деп хабарлайды Taq.kz сайты
Жолда қараусыз жүрген төрт түлік жол көлік оқиғасына алып келетін қауіптің бірі. Сондықтан, полиция қызметкерлері көліктерге кедергі келтіріп жүрген ірі қараларды қуып, арнайы айып тұраққа апаруда. Ал қараусыз жүрген төрт түлік мал иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен яғни Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып жатыр.
Сондықтан, тәртіп сақшылары сыртта қараусыз жүрген малдың адам өмірі үшін өте қауіпті екенін және қараусыз жүрген мал ұрыларға оңай олжа екенін ескертеді.
Бөлісу