Түркістан облысында есірткі контрабандасы 7-ден 58 фактіге артқан

2023 жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 158 дерек тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 42 дерекке өскен, – деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы өңір көлемінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының кезекті отырысында айтылды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Әмірбековтің айтуынша Түркістан облысында есірткі контрабандасы 7-ден 58 фактіге артқан. Заңсыз айналым барысында 105 кг 647 гр есірткі тәркіленіпті.  Ал, 2022-2023 жылдарына арналған бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары мен студент жастар арасында 22 мыңнан астам қатысқан 44 нашақорлыққа және есірткіге қарсы шара өтізілген.

Айта кетейік, аталған штабқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық етеді.

 

Пышақпен қорқытып, 5 миллион теңге бопсалаған

Төлеби ауланы Леңгір қаласының тұрғынын белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған, – деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші Түркістан облысы Полиция департаментіне арызданған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі “Қорқытып алу” бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кіріседі. Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылған.

Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны.


Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталуда.

 

 

ДЕПУТАТ УӘДЕСІН ОРЫНДАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданынан сайланған депутат халыққа берген уәдесін орындады. Ол ауданға қарасты Үңгіртас көшесіне өз қаражаты есебінен арнайы техника жалдап, жолдарды тегістеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халық қалаулысы Ерболат Жабаев бұған дейін тұрғындармен кездесуде айтылған ұсыныс-тілектерін назарға алып, нақты іске кіріскен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шакырылымдағы Қазақстан Республикасы Парлам енті Мәжілісінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сайлау алдындағы уәделер мен бағдарламаларды орындаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалу керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлының идеясын қолдау, сайлау алды бағдарламада көрсеткен уәделерін орындау мақсатында Төлеби аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев аудандағы жол мәселесін ретке келтіруде.
Бүгінде ауыл тұрғындары көптен көрген жол азабынан құтылып, сертіне берік депутатқа алғыстарын жеткізді.