Түркістан облысы Жетісай ауданында болған жанжалға байланысты жаңа деректер пайда болды,деп хабарлайды ТАQ.KZ ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода оқиғаның Жетісай ауданында орын алғаны айтылған болатын. Яғни орталық саябақтардың бірінде болған жанжалдың аяғы сұмдық оқиғаға ұласқан еді. Т есімді азамат А есімді азаматты ұрғаннан кейін, А есімді азамат Т есімді азаматты өз көлігімен қағып, оның денсаулығына зақым тигізген. Видеода зардап шеккен азаматтың аяғы сынғанын айтады. Бүгінде бұл оқиғаға байланысты қос тарап видео үндеу жариялап, бір-бірінен кешірім сұрады. А есемді азамат көлікпен не себепті қаққанын айтты. Толығырақ, @TAUELSIZ AQPARAT ютуб каналынан көре аласыздар…
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлзат Шайхұстанова облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен салынған жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған, қазіргі таңда жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап отырған І топтағы мүгедектігі бар баспана иесіне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғын үй кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.
– Біздің жағдайымызды, жеткізген мұң-мұқтажымызды елеп, ескеріп осы игі істі ұйымдастырып отырған облыс әкіміне, аудан басшысына үлкен рахмет. Қатты қуанып отырмын. Бақытты болыңыздар, – деді қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі Гүлзат Темірханқызы.
Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Бау -бақша өсіруге арналған жері бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Мүгедектік арбамен үйіне кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған.