ТҮРКІСТАНДА МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІКТІҢ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТЫЛАДЫ

Түркістанда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Осман империясынан кейінгі кәсіби Республиканың негізін қалаған танымал мемлекет қайраткері, саясаткер және реформатор Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылмақ.
Бұл келісімге Түркістан қаласы әкімдігі мен Стамбұл қаласы Малтепе провинциясы арасындағы меморандум негізінде қол жеткізілмек.
Ескерткішті орнату жұмыстарын Түркия Республикасы толық қаржыландыратын болады. Қазіргі таңда ескерткіш бой көтеретін орынжай белгіленіп жатыр. Екі ел арасындағы достық қатынасты нығайту мақсатында Малтепе аймағының мэрі Али Кылыч бастаған бір топ түркиялық делегат Түркістанға келіп, қала әкімдігінің басшылығымен, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым және БАҚ өкілдерімен кездесті.
Басқосуда Анадолы мен атажұрттың рухани-мәдени байланысын нығайту жайы сөз болды. Рухани мазмұны мол шарада түркі бірлігін ұлықтаған әндер орындалды.
Еске сала кетсек, Түркияның бірінші президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1881 жылы дүниеге келген. Ол Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп өзгерткен тұлғалардың бірі болды. Әлемдік деңгейдегі танымал тұлға 1938 жылы өмірден озған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қонаев қаласындағы казинолар жабылмайды

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Taq.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша ойынқұмарлық, тек Қазақстанда емес әлемде бар. Ал, Қоневтағы казиноларды көшіру емес, қосымша тағы ойын-сауық секілді абаттандыру, кинотеатр, аквопарк және сауда орталықтарын ашу бойынша талаптар қойылыпты.

«Ойын субъектілері Қонаев және Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан. Казинолар бүгінде жұмыс істеп тұр, оларды көшіру жоспарда жоқ. Ойынқұмарлық деп жатырсыз, ол тек Қазақстанда емес әлемде бар. Біз жұмыс істеп жатқан казиноларға талап қойып жатырмыз. Тек казино ретінде ғана емес жалпы ойын-сауық орындары секілді абаттандыру. Шетелде белгіленген казино бір бөлек, кинотеатры, аквопаркі, басқа да ойын-сауық немесе сауда орталықтарына айналдыруға да болады» , дейді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, Қонаевтағы казиноларды көшіру жоспарда жоқ. Себебі, ойын бизнесі облыс қазынасына қыруар қаражат түсіреді екен. Яғни, казинолардың салығы 95 млрд теңгеге жуықтайды.

“Бүгінгі таңда оларды ауыстыру жоспарымызда жоқ. Осы ойын бизнесінде 3500-нан астам жұмыс істеп жатыр. Оның төңірегінде жүрген 3000-ға жуық басқа да адамдар бар. Жалпы 7 мыңға жуық адам істейді. Бізде 61 мың халық тұратын болса, оннан бірі осында жұмыс істейді деуге болады. Жыл сайын 80 миллиард пен 95 миллиардтың арасында салық түседі. Бұл – біздің жергілікті бюджетке түсетін үлкен қаражат”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағанын хабарлаған еді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 36 қызметкері бар. Ал, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистердің казиноға қатысты қойған сауалына «жабылмайды» деп жауап берді.

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиясы жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес беру мақсатында және азаматтардың арыз-өтініштері бойынша халыққа тегін құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облыстық нотариаттық палата мүшесі Абилпаттаев Бауыржан Бақытжанұлы, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Ағабеков Бейбітбек аудандық филиал ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау өткізді.
Заңгерлік кеңес беруге арналған қабылдауда аудан тұрғындары тарапынан онлайн несие мәселесі, алимент өндіру және мұрагерлік жайында туындаған қиындықтар бойынша сұрақтар болды.
Тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық кеңестер берілді.

Cайлаудың алдында халыққа берген уәделердің орындалуына мониторинг басталды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалдында халыққа берген уәделерінің орындалуына мониторингті бастады

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңес төрағасы Қосмамбетов Ержан Төлебекұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға кеңес мүшелері, депутаттар, облыстық бақарма басшылары мен қоғамдық бірлестік өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық фииалы жанындағы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңес облыстық партия филиалы жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Кеңестің негізгі мақсаты партияның Түркістан облысы бойынша 2023 — 2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау», «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Қолжетімді сапалы медицина» бағыттары бойынша іске асырылуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара әрекет етіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1) «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекіту туралы және «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының «Қолжетімді сапалы медицина» және «Ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау» бағытында айқындалған міндеттердің орындалуы туралы.
Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына сайлауалды берген уәделердің орындалуы және медицина саласындағы құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасына мін беруді ұсынды. Айта кетсек, Түркістан облысында 95229 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр. Республика бойынша бұл көрсеткіш 14 пайызды құрайды. Оның 83 173 ересектер болса, 12 056 мүгедектігі бар балалар.
Бүгінгі күні, облыс бойынша аудан, қалаларда қоқанда жалпы 43 инватакси мен 50 әлеуметтік таксилер қызмет көрсетуде. Облыс бойынша 2023 жылға әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 776 нысанды бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңға соның 581 нысаны бейімдеу шараларымен қамтылды. Сонымен қатар, жалпы сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 28 жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланса, оның 10 нысаны 2024 берілмек.

 

Сонымен қатар, балалардың жазғы демалыс уақытысын жазғы сауықтыру лагерлерінде сапалы әрі тиісті дәрежеде демалуына қатаң бақылау қажеттілігі туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылды. Жиын барысында аталған мәселелер толық талқыланып, біршама қатысушылар ойларын ортаға салды, пікірлерін айтты. Барлық тақырыптардың өзектілігі ашылып, жан-жақты талқыланды. Жиналыс барысында айтылған ұсыныс-тілектердің барлығы хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта кеңес мүшелері тарапынан қосымша жолданатын болады.