Белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы бір қызды өлімнен құтқарып қалды. (Видео)

Түркістан облысындағы үйлердің бірінде түнгі уақытта екі тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап ТАQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Тәртіп сақшыларының бірі белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы Бейбарыс Серікбаев болып шықты. Оқиға Төлеби ауданында болған. Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлайды. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, сол жерге жетеді.
Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.

Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермекші болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын анықтайды.
Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған жоғалған қызды табады.

Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырады. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастайды. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс алып, жедел жәрдем шақырады.
Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды осылайша құтқарып қалады.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мәнжайы әлі де анықталуда.
Анасы тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірімен қоштасуы мүмкін еді.

 

 

Полиция қызметкері Есенғали Асқарбеков 2006 жылдан 2007 жылға дейін Өскеменде әскери борышын өтеп, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ІІО-да жұмыс істейді. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.
Бейбарыс Серікбаев белгілі әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың ұлы. Маэстро өзінің туған қаласы Арыс қаласында 51 жасында жол апаты кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиғадан кейін жас жігіт өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруға шешім қабылдады. Бейбарыс 2022 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқаруда.

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLIX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.

Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық және қалалық саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
1. Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері;
2. Облыстық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының орындалу барысы;
3. Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары және алдағы кезеңдегі міндеттері;
4. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау;
5. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау.
Өз кезегінде облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев облыстық филиалдың 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, 2021 жылы 22 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 70%-ы оң шешіліп, 30%-ына заң аясында кеңес берілген.
Ал, 2022 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 17 мыңға жуық арыз-шағым келіп түссе, 53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген ,- деді А.Үмбетәлиев.
Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы 2023 жылға арналған партияның рөлін күшейту және халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бойынша міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, аманаттықтарға өңірдегі партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Түркістан облыстық партия филиалы Республика көлемінде партия мүшелері санынан бірінші орындағы ең ірі филиал болып саналады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 242 бастауыш партия ұйымы бар. «Жастар рухы» жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 17 филиал жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

”Балаларды мектепке даярлаймыз” қайырымдылық акциясы өтті

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Түркістан қаласына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты киелі өңірге сапарын алдымен балаларды қуантудан бастады. Оқушылар сарайында өткен
«Балаларды мектепке даярлаймыз» атты акцияға қатысты.

Игі шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы және БАҚ өкілдері қатысты. Акция мақсаты, мектеп жасындағы балаларды мектепке толық қамтуға жағдай жасау, жаңа қарқынмен, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялату.

Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен көпшілікті құттықтады.

— Біз балаларымыздың жайлы мектептерде оқып, білікті азамат болып шығуына бар күш-жігерімізді саламыз. Сайлауалды бағдарламамыз аясында бүкіл ел аумағында мектеп тапшылығын жойып, заманауи үлгідегі оқу ғимараттарының салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – біздің қасиетті борышымыз, — деді Е.Бейсенбаев.

Фракция жетекшісі акция аясында 30 бүлдіршінге мектепке қажетті құрал — жабдықтар табыстап, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлаймыз» атты қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Акция биыл «Балаларға көмек берейік» ұранымен жалғасып отыр. Елнұр Сабыржанұлы шара соңында оқушылар сарайын аралап, балалар қатысатын түрлі үйірмелердің жұмыстарымен танысты. Оқушылар сарайы алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: «Технопарк және IT Sana», «ЛингвоLand», «Спорт», «Ғылым қалашығы», «Шығармашылық», «Өнер» бөлімдерінде алпыстан астам үйірмелер бар.

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында Түркістан қаласының жастарымен кездесу өткізді.

Кездесуге “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы және ”AMANAT” партиясы Түркістан қалалық “Jastar Ruhy” ЖҚ мүшелері қатысты.

 

 

— Қашан да еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді. Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Әркім өз мамандығын сүйсе, сүйсініп жұмыс істейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Жаңылған жағдайда да жеңілмеу керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн, — деді Қ.Балабиев жастармен болған кездесуде.

Жастар тек өз деңгейінде шектеліп қалмай, ел дәрежесінде қызмет етуі тиіс. Бүгін, Қайрат Рахымұлы Түркістанда жастармен жүздесіп, ашық әңгімелесті.

 

Кездесу барысында Қайрат Рахымұлы қаламыздың жастарын өз өмір жолымен таныстырып, Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айтып өмірді өзгертуге арналған маңызды кеңестерімен бөлісті.