Төлеби ауданында оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты «Оңтүстік» негізгі орта мектебі КММ-сінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің және кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Мектептегі бала құқығы мен міндеті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шара барысында, Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округының әкімі, аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының инспекторлары, аудандық ішкі саясат бөлімінің » Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің қызметкерлері мен теолог маманы және психологы қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Түлкібас: Жастар жұмыссыз қалмайды

2023 жылдың наурыз айынан бастап,  “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Тастұмсық ауылының тұрғындары Эрметова Севара мен Алена Байназарова Түлкібас ауданындағы “Нұр бала” бөбекжайы — бала бақшасына жолданған болатын.
Қазіргі таңда, жас мамандар тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді. Олар, балабақша тәрбиешілерінің көмекшісі атанып, кішкентай балғындарды тамақтандыруға және уақытында демалуына көмектеседі.
Қос маманда, Мансап орталығының қолдауымен алғашқы жұмыс орынына орналасқандарына қуанышты. Олардың алға қойған мақсаттары да аз емес. Бастысы, ерінбей еңбек еткен адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартып, мол тәжірбие жинауына мүмкіндік алады, дейді Севара мен Алена.
Айта кетейік,  халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын, алайда биыл мемлекет үшін маңызды жоба 2029 жылға дейін ұзартылды. Яғни, үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақ­ты және мақсатты болуы керек. Әрбір бас­қару деңгейінде кедейлікті азай­ту­дың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақ­ты санын анықтау қажет» – деген болатын.

Перзиденттің дәл осы тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қам­тиды. Олар: өңірлік жұмыспен қам­ту карталары шеңберінде эконо­ми­ка­ның нақты секторында жұмыс орнын құ­ру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асы­ру шеңберінде ауыл тұрғындарының кі­рісін арттыру, табыс деңгейін арт­ты­ру­ды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау ша­ралары, бюджет қаражаты есебінен жа­­­лақыны көтеру бойынша мін­дет­те­мелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

Бүгінде статистикаға сүйенсек, елімізде жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істе­мей­ді екен.  Ал 40 пайызға жуығы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек тап­пай жүріп қалады. Осы орайда жастар ара­сын­да­ғы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған. Жас­тар­ды жұмыспен қамтуға арналған  «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар прак­тикасы», «Дипломмен ауылға» сын­ды бағдарламалар бар. Аталған бағ­дарламалар жастарды жұмысқа ор­на­лас­тырудың тетігін іске асыруды қам­ти­ды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұ­мыс табылуы қиын. Қолында дип­ло­мы болғанымен, тәжірибесі жоқ ма­ман­ды көп мекеме жұмысқа алғысы кел­мей­ді. Осы орайда мемлекет жастарға ты­­­­ғырықтан шығудың тиімді жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы» бағдарламасы мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы. Биыл да өз жалғасын тапқан  мемлекеттік жобаға жұмыс беру­ші­лер­дің өзі аса қызығушылық танытып келеді.

 

 

Айта кетейік, “Алғашқы жұмыс орнына“ — еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға ниетті  Түлкібас ауданының жастары мен оқу орынын бітірген түлектер Мансап орталығына жүгіне алады.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 46 жұмыс беруші мекемеден 140 бос жұмыс орыны ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішінде білім саласы мен аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға қатысты сұраныс көп болды. Атап айтқанда, қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімдеріне бос жұмыс орындары бар.
 
200-ге жуық азамат жәрмеңкеге келіп, әр түрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Жұмыс беруші мекемелердің басшылары мен өкілдері келген тұрғындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіріп, Мансап орталығының қызметкерлері жәрмеңкеге қатысушы азаматтарға мемлекеттен қарастырылған қолдау түрлері туралы ақпарат берді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша тапсырмасы да жүйелі түрде іске асып келеді. Биыл, бұл бағытта 7 айдың көрсеткішімен ауданда 600 ден аса азамат жұмысқа орналасқан болатын. Сонымен қатар, «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында өткізілген жәрмеңкеде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындары және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы да айтылды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.
Жалпы, Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясындағы барлық бағыттар бойынша 5588 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде Ұлттық жоба шеңберіндегі  жұмыстар өз деңгейінде орындалып келеді. Бұл бағытта 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылғандар қатарына қосылған. Оның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы мен «Күміс жас» жобасына,  «Ақылы қоғамдық» жұмысқа жолданған тұрғындар өз қызметтерін аброймен атқарып жүр. Ал, тұрақты жұмысқа  750 ге тарта азамат жолданып, еңбек етуде. Ауданда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантты алып, өз кәсібін бастаған тұрғындар да аз емес. Ол азаматтар өзінің табысын арттырумен қатар, аудандағы бірқатар тұрғындары да жұмыспен қамтуда. Олардың қатарында наубайхана, тігін шеберханасы, медициналық мекеме, әсемдік орталықтары мен шаштараз ашып, бизнесін өркендетіп отырған кәсіпкерлер де бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытында бірқатар азаматтар таңқурай, құлпынай, қияр өсіріп өнімдерін еселесе, ал мал шаруашлығында ірі қара және жылқы басын көбейтіп жүрген шаруа иелері де кездеседі.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 300 ге жуық  адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде  8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 тен аса азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданыпты.