Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.
Марапатталғандар қатарында Шымкенттегі З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп директоры Жанар Тойлыбаева бар.
Президент еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Бізге таза, сарқылмайтын энергия көздері қажет. Бір даусыз факт бар: қазіргі уақытта атом энергиясының баламасы жоқ. Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы — бұл нақты жағдай мен бүгінгі күннің қажеттіліктерінен туындайтын бастама. АЭС экономиканың драйвері, оның қозғаушы күші болады. Мыңдаған жаңа жоғары білікті және жоғары жалақы алатын жұмыс орындары пайда болады. Атом электр станциясының құрылысы инфрақұрылымның дамуына әкелетіні анық: жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар мен оңтүстік тұрғын үйлер салынады.
Атом электр станциясын салу идеясы-жан-жақты түсінік пен талдаудан кейін қабылданған шешім. Бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі. Президент бірнеше рет атап өткендей, біздің нағыз арман-мақсатымыз – бай, Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүру. Осындай тарихи қадамдардан оған жету жолы басталады.
Егер атом станцияларының қызмет ету мерзімін экономикалық тиімділік тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда олар әдетте 60 жылға жобаланады. Осы мерзімнен кейін, кішігірім инвестициялармен, сіз 100 жылға дейін ұзарта аласыз. Осылайша, атом электр станциясы бір ғасыр бойы тұрақты қуат көзіне айналады. Керісінше, жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) орташа қызмет ету мерзімі шамамен 25-30 жыл, бұл жаңа нысандардың тұрақты құрылысын және айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажет етеді.
Жалпы тиімділік тұрғысынан, егер біз бүкіл қызмет ету мерзімінде бір киловатт-сағатқа электр энергиясын өндіру құнын қарастыратын болсақ, онда Атом энергиясы энергияның басқа түрлеріне қарағанда үнемді болуы мүмкін. Өз уранының болуын ескере отырып, бұл жанармай шығындарын одан әрі төмендетеді. Бастапқы инвестицияларды ғана емес, сонымен қатар бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жалпы шығындарды бағалау маңызды.
Сондай-ақ, құрылыс мерзімдерін ескеру қажет. Күн электр станциялары тез салынады — бір-екі жыл, жел электр станциялары-шамамен үш жыл, ал бірінші атом электр станциясының құрылысы 6-7 жылға созылуы мүмкін. Мысалы, жақында Араб Әмірліктерінде жаңа блок 5 жыл ішінде пайдалануға берілді. Энергия тапшылығы жағдайында ЖЭК құрылыс жылдамдығына байланысты шынымен пайдалы. Дегенмен, тұрақты электр энергиясын ұзақ мерзімді қамтамасыз ету үшін атом станцияларын қарастыру қажет.
Түркістан облысының ардагерлері мерекеге орай киелі шаһарда бас қосты. Облыстың аудан, қалаларынан келген 50 ардагерді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қарсы алып, қазыналы қарттарға жылы лебізін білдірді.
– Түркістан қаласына жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысына оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындалып жатыр. Түркістанымызда күн санап түрлі рухани-мәдени, туристік нысандар бой көтеріп, республикалық және халықаралық деңгейде іс-шаралар өтетін орталыққа айналды. Өндіріс орындары ашылып жатыр. Барлығы да өздеріңіздің көз алдарыңызда. Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен тағы да құтттықтаймын, – деді әкім орынбасары.
Алдымен өткен оқу жылында ғана өз жұмысын бастаған «Білім-Инновация» лицейін аралап, білім ордасының жұмысымен танысты. Жыл басында жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, лицей-интернат Кентаудан Түркістан қаласына көшірілген. Қазір мұнда 500-ден астам оқушы білім алып жатыр. Лицейде жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі.
Содан соң ардагерлер Мұз сарайын аралап көрді. Заманауи үлгіде жабдықталған кешенді Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова таныстырды. Мұнда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған. Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Сол арқылы мұз айдынында бір мезгілде бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мұрындық болған игі бастама өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркінде жалғасты. Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бастапқыда жалпы құны 96,9 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды.
Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Унгай. Облыстық бюджет есебінен демалыс орындарында 8 мыңға жуық қария демалып, денсаулығын түзейді. Сол демалыс орындарының бірі – «Ардагерлер үйін» Түркістан облысына көшіріп, келесі жылы ардагерлерді қабылдау көзделіп отыр.