ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

_________

ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ: НА УЧАСТКАХ ГОЛОСОВАНИЯ СОЗДАНЫ ВСЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ГРАЖДАН С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ

В Туркестанской области предусмотрены все возможности для голосования на референдуме граждан с ограниченными возможностями. В частности, установлены специальные пандусы, желтые полосы, ящики. Сегодня на участке голосования №23 в селе Акдала города Арысь свой выбор сделала ЛСИ — 18-летняя Толен Бибигуль.

Отметим, что сегодня на 1 территориальном и 34 участках голосования в Арыси свой выбор сделают 44 072 избирателя. Кроме того, на избирательных участках меры безопасности организованы в соответствии с санитарными требованиями.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: РЕФЕРЕНДУМДА ОРДАБАСЫЛЫҚ 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ДАУЫС БЕРДІ

Ордабасы ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 53 дауыс беру учаскесі құрылған. Олардың барлығында дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Өмірәлі Өтегенұлы №477 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.

«Елімізде болып жатқан маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара — ел болашағына әсер ететін маңызды шешім. Менің жасым 90-да болса да ешқашан саяси оқиғалардан тыс қалған емеспін. Дауыс беруге әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін», — дейді қария.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

____________

ТУРКЕСТАН: НА РЕФЕРЕНДУМЕ ПРОГОЛОСОВАЛ 90-ЛЕТНИЙ СТАРЕЦ

В Ордабасинском районе в целях проведения политической кампании создано 53 избирательных участка. Все они имеют полные условия для голосующих. Житель сельского округа Шубар Ордабасинского района старец старше 90 лет Омирали Утегенулы сделал свой выбор на участке голосования №477 и дал благословение молодежи.

«Я сделал свой выбор, в важной политической кампании, происходящей в нашей стране. Это потому, что голос каждого гражданина важен. Создание нового Казахстана – общая задача для всех нас. Сегодняшнее знаменательное событие — важное решение, которое повлияет на будущее страны. Я никогда не оставался в стороне от политических событий, даже когда мне за 90 лет. Считаю, что каждый гражданин обязан идти на голосование», — говорит аксакал.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ АРНАЙЫ ФОТОАЙМАҚТАР ОРНАТЫЛДЫ

Жалпыхалықтық референдум күні Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде келушілер үшін арнайы фотоаймақтар орнатылды. Фотоаймақта саяси науқанға келген азаматтар өз таңдауларын жасағаннан кейін естелік суретке түсуге болады.

Саяси науқан аясында дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша учаскелерде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

«ДАУЫС» ҚБК дауыс беру аяқталғанға дейін, дауыстар саналғанға дейін бақылауын жалғастырады

🔹 Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті.
Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп жатыр.

Таңғы сағат 6:00-ден бастап 9500-ден астам «Дауыс» бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде өзінің орындарын алды.

Қазіргі уақытта сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелмеген. Барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беру учаскелеріне жіберілді, ал дауыс беру процесі тыныш және дұрыс өтіп жатыр.

Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера орнаған, азаматтар сайлауға мерекелік көңіл-күймен келіп жатыр. Көпшілігі таңертең келіп, дауыс беру учаскелерінің ашылуын күтіп, сыйлықтар алды.

«ДАУЫС» ҚБК дауыс беру аяқталғанға дейін, дауыстар саналғанға дейін бақылауын жалғастырады. Біз бақылаушыларымызбен үздіксіз байланыста боламыз және қоғамды референдум барысы туралы хабардар етеміз.

Біз бірлескен күш-жігерімізбен дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ете алатындығымызға сенімдіміз.

Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы.

Сегодня с первых минут открытия участков республканская общественная организация «Коалиция общественных наблюдателей «Дауыс» вступил в режим повышенной бдительности.
Наш ситуационный центр работает в режиме непрерывного мониторинга, получая актуальную информацию от региональных штабов и координаторов со всех участков республики.

С 6:00 утра более 9500 наблюдателей «Дауыс» заняли свои посты на избирательных участках от самых отдаленных регионов до столицы.

Пока мы не зафиксировали никаких жалоб на работу избирательных комиссий или отрицательных отзывов. Все наблюдатели были допущены на участки в соответствии с действующим законодательством, а сам процесс голосования проходит спокойно и корректно.

На участках царит доброжелательная атмосфера, граждане приходят голосовать с праздничным настроением. Многие пришли с раннего утра и ждали открытия участков, получали подарки.
КОН «ДАУЫС» продолжит свой мониторинг до самого завершения голосования, вплоть до подсчета голосов. Мы будем на постоянной связи с нашими наблюдателями и информировать общество о ходе референдума.
Мы уверены, что совместными усилиями мы сможем обеспечить прозрачность и справедливость избирательного процесса.

Толеген Кунадилов, председатель РОО «КОН «Дауыс»

#Дауыс #Dauys
#Bagylau #Мынаблюдаем
#Референдум2024
#6октября #6қазан
#Байқаушылар #Наблюдатели
#Сайлау #Голосование
#Коалицияобщественныхнаблюдателей
#Қоғамдықбайқаушыларкоалициясы
#әділсайлау #независимоенаблюдение #тәуелсізбақылаушы #референдумаэс

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАНДА ЕҢ ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласында референдум аясындағы №133 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып, ең жас дауыс беруші келді. 18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады. Алғашқы үлкен таңдауын жасаған Несібелі ел тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жас дауыс берушіге учаске атынан арнайы сыйлық берілді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының халқы ел аумағында атом электр станциясын салуына қатысты ортақ бір шешімге келмек. Осыған орай, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелері өз қызметін бастаған болатын.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады. Мәселен, Созақ ауданы “Теріскей” сайлау учаскесіне келген Рысты Райымқұлова мен Сәуле Әбішбекова бүкіл еліміз үшін маңызды күні өз азаматтық үлестерін қосып, дауыс берді.
Айта кетсек, облыста 1 млн 180 мыңнан аса дауыс беруші бар. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде жылжымалы медициналық пункттер қызмет көрсетеді.

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ УЧАСКЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі.

Дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАУДА

Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетіп жатыр. Мәселен, облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдауда. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.

Айта кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын.