Созақтағы қарқынды құрылыс жұмыстары басшылық бақылауында

Биыл, Созақ ауданында әлеуметтік бағыттар мен жол және инфрақұрылыммен қамту саласында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тиісінше аталған нысандарға бақылау жүргізу жұмыстары да басты назарда. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жауаптылардың есепті баяндамаларынан бөлек, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстардың басына барып, құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі өз мерзімінде орындалуына өз бақылауына алған. Бұл бағытта аудан басшылығы бюджеттің игерілуі мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша да нақты тапсырмалар беруде. Атап өткеніміздей, теріскейде биыл бірқатар маңызды насандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Солардың бірі — «Шолаққорған-су» МКК мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстары. Бұл аудан тұрғындары үшін маңызды насандардың бірі болып есептеледі. Алдағы қыс мезгіліне дайындық барысын Мұхит Тұрысбеков бақылауға алды. Аудан басшысы сала мамандарына жылуға қатысты жұмыстарды сапалы атқаруды ескертті.

Сонымен қатар, кент ішінде жаңадан асфальт жабындысы төселіп жатқан көшелерді де аралады. Жолдың сапасымен танысты. Алдағы уақытта кент ішінде қосымша атқарылу керек жұмыстарды да саралап, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Айта кетсек, қазіргі таңда Таукент кентінде жалпы ұзындығы 10 шақырымға жуық 8 көшеге асфальт жабындысы төселуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің ішкі көшелерін аралап, жаңадан төселіп жатқан жолдың сапасымен танысты. Қазіргі таңда онда 3,345 шақырымды құрайтын Ш. Айманов, Кенесары және Әл-Фараби көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, 5 шақырымды құрайтын атауы жоқ № 1-ші көшесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Аудан басшысы аралау барысында салаға жауапты мамандарға жасалып жатқан жұмыстарға тиянақтылықпен қарап, бақылауда ұстауды ескертті.

Айта кетейік, биылғы жылы Жеткіншек елді мекенінен бөлек, аудан орталығының 5 шақырымға жуық ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, бірқатар көшелердің ажары арта түспек. Өткен жылы аудан бойынша 34,1 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт жабындысы төселген. 22,4 шақырымды құрайтын 18 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағадарламасы аясында, 11,6 шақырымдық 11 көше жергілікті бюджеттен жүзеге асырылған. Бұл бағытта жұмыстар биылғы жылы да қарқын алып, елді мекендердің ішкі 34 көшесіне асфальт жабындысы төселмек.

Сондай-ақ, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауына алды. Аудан орталығында орнатылып жатқан көше жарықшамдары мен тазалығымен танысты.  Аралау барысында Шолаққорған ауылдық округінің әкімі Әділ Елібаев округте көше жарықшамдарын орнату жұмыстарының барысына тоқталып өтті. Биылғы жылы аудан орталығының өзінен 30-дан астам көше жарықшаммен қамтылмақ. Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, келер жылы 100 пайызға жеткізу ісін қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымына салынып жатқан жолдың сапасымен танысты. Қазіргі уақытта «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейінгі 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымының жөндеу жұмыстары аяқталып, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жақын күндері аяқталады.

Созақ ауданында инвесторлар тарту және ел игілігіне қажетті нысандар мен тұрғын үйлерді салу жұмыстары да қарқын алған. Тиісінше, аталған жұмыстар сапалы және уақытында аяқталуы маңызды. Сондықтан, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығынан жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 24 тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатқан аумаққа барып, жұмыс қарқынымен танысты. Құрылыстың сәулеті мен сапасына баса мән беріп, мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесті.

Бұл бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеп, жұмыс барысын бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетейік, қазіргі уақытта онда жаңадан қосылған 2 пәтерлі 6 тұрғын үйдің қабырғалары тұрғызылып, қалған 2 пәтерлі 18 тұрғын үйлердің ішкі және сыртқы жұмыстары қатар жүруде. Ішкі қабырғаларына түсқағаздар жабыстырылып, едендері төселуде. Бұған қоса үйлердің сыртқы фасады травертинмен әсемделіп, суыққа төзімділігіне баса мән берілуде.

Жаңа үйлерде су, жылу сынды коммуналдық қызметтері мен ішкі жұмыстары толық жүргізіледі. Әр тұрғын үйдің жалпы алаңы 71,1 шаршы метр аумақты құрайды.

Кентауда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осыған орай өткен жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерген еді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттап берді. Осыған байланысты Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын таныстыру бағытында Кентау қаласы Д.Қонаев мектебінде ақпараттық оқыту семинары өтті. Аталған семинарды «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы жүргізіп құнды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, семинарға Кентау қаласы білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен сынып жетекшілер бірлестіктері, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері де қатысты.

« — Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті болып табылады. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы екені айқын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, сондай-ақ,халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін, әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. Жалпы, тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас жүйе. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Еліміздегі жаңа бастамада жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Біздің мақсатымыз жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Ал, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының міндеттеріне тоқталсақ, біріншіден ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Екіншіден ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. Үшіншіден жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. Бесіншіден табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу болып табылады. Осылайша бұл бағдарламаның нәтижесімен ата-анасын сыйлайтын, перзенттік парызын түсінетін, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалай алатын, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыру көзделеді. Сондай-ақ, отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санай білетін және ұлттық мәдениетті құрметтеп, салт-дәстүрлерді білетін, оны сақтайтын азаматтарды дәріптеуіміз қажет. Осындай тәрбиені бойына сіңірген ұрпақ әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.» — деді «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы.

 

Сондай-ақ семинарда ұстаздар әр бағыттар бойынша өз баяндамаларын жасады.Солардың ішінде  әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу бойынша таныстырылды. Бұл жобалар білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары «Қамқор» Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар, «Еңбегі адал — жас өрен» білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптейді. Ал, «SMART BALA» Инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу, «Шабыт» Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды насихаттау және «Ұшқыр ой алаңы» тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу жүзеге асады. Сонымен қатар, «Балалар кітапханасы» жобасы олардың кітап оқуға және білім алуға қызығушылықтарын қалыптастырады.

Жалпы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс. Ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту басты назарда. Сонымен қатар, ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере
отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру маңызды болып саналады. Кентау қаласында өткен семинарда осындай маңызды мәселелер айтылып, педагогтар өзара тәжірбие алмасуға да мүмкіндік алды. Бағдарлама бойынша, жасөспірімдерге отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту туралы да айтылды.

«- Тәрбиенің ең маңызды қадамында жастарды адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады. Яғни, «Адал азамат» идеясы. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді. Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді. Сондай-ақ, «Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады. Демек, қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті: балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.» — деді семинарда баяндама жасаған ұстаздар.

Кентау: «Тіл- бұлбұл, сөз-бұлақ» атты әдеби кеш өтті.

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының және қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылуы сапасын арттыру: мақсат,функционалдық сауаттылық,патриотизм» тақырыбындағы онкүндік іс-шарасына орай 2024 жылдың 15 қазан күні «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл- бұлбұл, сөз-бұлақ» алғашқы қазақ мектебінің құрылғанына 160 жыл толуына орай мәнерлеп оқу сайысы және әдеби сазды кеш өткізілді. Білім ордасындағы өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде өлеңді мәнерлеп жатқа оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Оқушылар және ұстаздар тарапынан ән шырқалып, би орындалып, сахналық қойылымдар қойылды.

Жалпы іс-шараның мақсаты: оқушыларға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, жастардың қазақ шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыру болды.

« — Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.» — деді облыстық білім беруді дамыту орталығының мамандары.

Сонымен қатар тағылымды шарада қазақ жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі — Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен еңбектері туралы баяндалды.

« — Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетіне тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алды. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оларды жүйелеп, жариялауға да Ы. Алтынсарин аз еңбек сіңірген жоқ. Оның шығармалары қазақ әдебиетін мазмұн жағынан байытты. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ халқының жазба әдеби және тілінде жазылған айрықша ескерткіш-мұра. Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері жалпы халыққа түсінкті қарапайым тілмен жазылған. Қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер, білім, техниканы игеруге шақырған «Кел, балалар оқылық!» атты өлеңінде малдың бір-ақ жұттық екені, ал оқыған адамның байлығы ешқашан жоғалып – жұтамайтыны, оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ыбырайдың «Өнер – білім бар жұрттар»деген өлеңі оның «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің жалғасы тәрізді. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңінде «Оқымасаң атаанаңды асырай алмай, надан болып, қолыңа құрық алып мал соңында жүресің» дегенді ескертіп, «Әй, жігіттер!» өлеңінде азған елден, зиянды кісіден үлгі алмай, жақсымен жанасуға шақырады, бақсы-балгерге сене бермеу керектігін айтады. «Өсиет өлеңдерде» және т.б. өлеңдерінде ақылнақыл, үгіт-насихаттар айтылады. Ы. Алтынсарин – орыс әдебиеті классиктерінің, атап айтқанда И.Крыловтың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың т.б. әңгімелерін тұңғыш рет аударып берген жазушы-аудармашы, оның үстіне соларды қазақ жастарына оқытып үйреткен ұстаз-педагог. Ы. Алтынсариннің орыс әдебиетінен үйреніп, қазақ поэзиясына енгізген тағы бір жаңалығы – табиғат лирикалары. Табиғат – тек байлық кені, адам баласы ризығының сарқылмас қазынасы ғана емес, көркемдік, сұлулықтың да әлемі. Табиғат көріністерін суреттеуге арналған «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері көркемдік келісім жағынан оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар. Олардың орыс 9 әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді. Бұл Ыбырайдың жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Көркем әдебиеттің күрделі жанры – әңгіме екені белгілі. Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді. Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Әңгімелерінің негізгі тақырыбы – еңбекті сүю, махаббатмейірім, перзенттік парыз, т.б. өмірдің өзекті мәселелерін қамтиды. «Бай мен жарлы баласы» әңгімесі сол дәуірдің өмір көрінісін дұрыс бейнелейді. Одан біз көшпелі қазақ ауылын, оның мал шаруашылығын, көшу кезіңдегі сапырылыс көріністерін, мал баққан кедейлердің суретін көреміз. Ыбырай «Бай мен жарлы баласы» әңгімесінде екі кейіпкерінің еңбекке екі түрлі қатынасын көрсетсе, «Қыпшақ Сейітқұл» шығармасында творчестволық еңбектің нәтижелерін суреттеді. Бұл әңгімеде Сейітқұл арқылы езілген халықтың толысқан өкілін бейнелейді, оның жүзеге асырған істерін көрсетеді.» — деді ұстаздар.

«Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінде ұймдастырылған шара Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат етіп, олардың асыл қазына кітапқа деген қызығушылықтарын да арттыра түсті. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып олардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру да басты назарда болды.

Кентау: Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті

2024 жылы 1-2 қазан күндері Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-10 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Ал Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп бойынша 4 оқушы өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, қалалық кезеңге қатысты.

1.Бориханов Азамат — 8«Б» сынып оқушысы. Тіл білімі секциясы бойынша. Жетекшісі:Шинтемирова Айсулу Шериевна

2.Идирис Раяна-9«Б» сынып оқушысы. Этномәдениеттану секциясы бойынша. Жетекшісі: Сатыбалдиева Мухаббат Асеновна

3.Камалова Севинч-10«А» сынып оқушысы. Әдебиет секциясы бойынша.

Жетекшісі: Аюпов Фархад Идирисович

4.Баянкулова Ясмина-10«Б» сынып оқушысы. Әдебиет секциясы бойынша.

Жетекшісі: Аминова Лутфия Маккамбайовна

Қалалық кезең қорытындысы бойынша 8«Б» сынып оқушысы Азамат Бориханов тіл білімі секциясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Шинтемирова Айсулу Шериевна

9«Б» сынып оқушысы Раяна Идирис этномәдениеттану секциясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Жетекшісі: Сатыбалдиева Мухаббат Асеновна.

Жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілердің жетісітіктеріне білім саласының мамандары алғысын білдіріп, шын жүректен құттықтады.  Сондай-ақ, облыстық кезеңге өткен оқуышыларға сәттілік тілеп, жүлделі орын алуға тілектестік білдірді.

«Көне тарих сырлары»

Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің «Көне тарих сырлары» атты көшпелі көрмесі Ақбастау ауылындағы мәдениет үйінде өткізілді. Көрмеге музейдегі темірден жасалған бұйымдар, яғни көне жәдігерлер қойылды. Он тоғызыншы ғасырға тиесілі құмыра, шелек, үтік, құман, тағы да басқа тұрмыстық үй шаруашылығында пайдаланған заттарды көрмеге келушілер қызыға тамашалады. Бірлескен іс-шарада мәдениет үйі мен кітапхана басшылығы алғыстарын жеткізді.

Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ғимараты Шаян ауылында орналасқан. Аппақ ишан мешіт-медресесі ХІХ ғасырдың сәулет өнеріне жатады. Жалпы музейдің өзін жәдігер деуге болады. Өйткені көне ғимарат-ерекше тарихи ескерткіштердің бірі. Ғимарат дәрісхана, мешіт, медресе секілді үш нысаннан тұрады. Ғимарат күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Мешіт-медресе пішіні жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады. 1886 жылдан 1926 жылға дейін мешіт-медресе орта діни оқу орны болған. Шаян ауданы 1928 жылы құрылған соң, бос тұрған мешіт-медресе ғимараттары түрлі мақсатта пайдаланылады. Кеңсе, банк, мектеп, кітапхана, тіпті түрме де болады. Елімізде 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланып, толық күрделі жөндеуден өткізілді. «Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны деп аталып,халыққа рухани тұрғыда қызмет көрсетіп келеді.

Музейде киелі мекеннің, шежірелі өлкенің тарихынан сыр шертетін қыштан, ағаштан, темірден жасалған бұйымдармен қатар, кілем және кілемнен жасалған қолөнер бұйымдарды тамашалауға болады. Он сегізінші ғасырда тоқылған жайнамаз, көне кітаптар, музейдің ашылуына тікелей еңбегі сіңген қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің Сыр өңірінен әкелген тықыр кілемі музейдің құнды жәдігерлері болып саналады. Бүгінгі таңда музейде 5612 жәдігер бар.

Бүгінде Аппақ ишан мешіт-медресесі мемлекет қарамағында, ешқандай мешіт қызметін атқармайды. Атауы  2000 жылы Бәйдібек аудандық сәулет-көркем мұражайы болып өзгертілген Аппақ ишан мешіті «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасына енген. Сол 2000 жылы аудандағы мекемелер асар әдісімен медресенің бөлмелерін қайта қалпына келтірді. Осы кезден бастап мұражай Бәйдібек ауданының тарихына қатысты жәдігерлермен толыға бастады. Мешіт-медресенің бүгінгі за­манымызға жетуіне үлкен үлес қосқандардың бірі –  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков еді. Атеизм өршіп тұрған сексенінші жылдары осында Ө.Жәнібековтің бастамасымен «Көркем-сәулет кілем және кілемнен жасалынған бұйымдар» мұражайы ашылады. Осылайша Шаян мешіт-медресесі алғаш рет тарихи жәдігер ретінде мемлекет қорғауына алынды. Аталған нысанда реставрация жұмыстары 2017 жылы басталған. Мешіт төбесіндегі 35 күмбез қалпына келтірілген. Бірінен-бірі биіктеліп, сатыланып жасалынған күмбездер мешіт ішінде дыбыс күшейткіш міндетін атқарған. Мешіттің үстінде биіктігі 11,5 метрлік бас күмбезі бар. 2018 жылы 29 құжыраның барлығы жөнделіп, қазіргі таңда мешіттің, дәрісхананың ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұражайдағы әрбір жәдігердің өзіндік тарихы бар. Халқымыздың ежелден тұрмыста қолданған заттары мен батырлардың жаугершілік заманда қолданған қарулары топтастырылған. Құжыралардың біріне этноауыл жасалып, киіз  үй  тігіліп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін арнайы экспозициялық бөлме дайындалған. Сонымен қатар мұражай ішінде ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға арналған көрме бөлмелері бар. Жалпы, мұражай он сегіз экспозициядан тұрады. Бастапқы есігі дәрісханадан басталады. Мұндағы кітапхана қорын Аппақ ишанның туыстары жинақтады. 2014 жылы абыз тұлғаның 150 жылдығына арналған жиында туыстары 40-қа жуық кітап өткізген болатын. Медреседе білім алған шәкірттердің пайдасына жараған кітаптар ескі шағатай, түрік тілінде түсірілген. Мұражайда сақталған ең құнды жәдігер – Аппақ ишан қолданған жайнамаз. Оны әжесі ХVIII ғасыр соңында, тықыр кілем әдісімен тоқыған. Жаратылыс кеңістігі бейнеленген қастерлі жайнамаздағы бейнелер жеті бөлім бойынша көрініс тапқан. Олар – жаннаттың сегіз есігі, бес парыз, кәлима, Нұх пайғамбар, рух әлемі, өмір тіршілігі, тозақтың жеті есігі. Бұл  жайнамаз мұражайдағы ең көне жәдігердің бірі. Сәулетті мұражай осылайша халық игілігіне қызмет етіп қана қоймай руханият әлемінде де өз қызметін үздіксіз жалғастыруда. Аппақ ишан мешіт-медресесінің қысқаша тарихы, мінеки, осындай. Бүгінде мешіт-медресеге саяхаттап келетін туристердің қатары өсіп, нысан туристік аймаққа айналуда. Сынын жоғалтпай, сырын ішіне бүгіп алыстан менмұндалап көрінетін Аппақ ишан мешіт-медресесі кезінде атағы алысқа кеткен, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан әйгілі білім ошағы болған. 1880 жылы бой көтерген Түркістан облысындағы бұл ғимарат ХІХ ғасырдың соңындағы сәулетті ескерткіштердің бірі саналады.

Түркістан облысының Шаян елді мекеніндегі ірі медреседе оқу мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін созылып отырған, ал шәкірттер дәрісханада білім алып, құжыраларда тұрған екен. Жергілікті жерден ғана емес Шаянға білім іздеп Қарқаралы, Жетісу, Атбасар, Іле, Талас, Сарысу, Сыр өңірінен де шәкірттер келген. Тарихи деректерге қарағанда, осында білім алғандардың қатарында Ұлбике ақын, Кенесарының ұлы Садық сұлтан, өңірдегі атақты ақынның бірі, аты аңызға айналған Манат қыз да болған. Бұл мешіт-медресенің салынуына ерекше ықпал еткен Аппақ ишан деген кім? Ол қандай болған? Алдымен осы сұрақтарға жауап бере кеткеніміз жөн болар. Өңірімізге белгілі музейтанушы Гүлмира Серікбаева бізге берген сұхбатында Аппақ ишанның тарихтағы орны туралы түсіндіріп өтті.

– Тірісіндегі жасаған тірлігі өмірден өткеннен кейін ғасыр өтсе де, жалғасып ұрпақ тағдырына, ұлт мүддесіне қызмет жасап, ұмытылмай келе жатқан биік болмысты дара тұлғаның ғазиз аты Аппақ Мақсұм Сейдахметұлы, – дейді Гүлмира Серікбаева ханым. – Ол ел аузында Аппақ ишан деген атпен танылған. Облыс бойынша репрессияға ұшырағандардың ішіндегі биік тұлғалардың бірі, бірегейі. 1926 жылы Кеңес одағында діни наным-сенім бостандығы жойылып, дін ұстануға қатаң тыйым салынды. Сол кезде қожа-молдалар қуғын-сүргінге ұшырайды. Нақ осы саясаттың салдарынан Сейдахмет ұрпақтарының тоз-тозы шығып, олар Ташкент өңіріне бас сауғалауға мәжбүр болады. Заманында сопылық ағымды ұстанып, ғұлама атанған Аппақ ишанның өзі 1930 жылы Чимкентте (қазіргі Шымкент қаласы) тұтқынға алынады. Қызыл белсенділер оны және ұлы Бахабулла Аппақишанов пен інісі Сабыр Сейдахметовтерді «астық салығын өтей алмады, Антисоветтік насихат жүргізушілер, т.б.» деген сылтаумен тұтқынға алып, тергеу ісін жүргізеді.

Енді Аппақ ишан мешіт-медресесіне тоқталайық. Ол Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан. Аппақ ишан күмбезі күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Жалпы табанының аумағы 6, 7х6,6 метр, ішкі көлемі 3,5х3,5 метр, биіктігі 6 метр. Қабырғаның ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбезбен жапқан. Күмбез – пішіні жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады. Күмбезінің ішінде екі сағана бар. Оның бірі – Шаян ауылындағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі – осы Аппақ ишан күмбезін салған шебердікі. Жылдар өте бұл дін орталығы жан-жақтан ағылған талапкерлерге тарлық еткен соң Аппақ ишанның әкесі Сейдахмет ишан патша ағзамның шенеуніктеріне қайта-қайта жүгініп, 150 мың рубль ақшалай қаражат бөлдіреді. Алғашқы жобада 40 құжыра салу көрсетілген екен. Бірақ қаржының жетіспеуіне байланысты 29 құжыра салынып, құрылысты 1883 жылы Аппақ ишан атамыз аяқтайды.

Шаян мешіт-медресесінің шамшырағы Аппақ ишан. Ол Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбарымыздың қызы Фатима мен Әзіреті Әліден тараған ұрпақтың 35-ші буыны Сейдахмет ишанның отбасында Аппақ ишан атамыз дүниеге келгенде бабасы Қосым ишан қатты қуанып, сәбиді төбесіне көтеріп тұрып «келдің бе, батыр екесі, келдің ғой. Мен сені қанша жыл күттім дейсің» деп жағасына түкіріпті. Сейдахмет әкесінің ойда жоқта көрсеткен оқыс мінезінің сырын сан жылдардан кейін ұққандай болды. Себебі бұл мешіт-медресені аяқтап кейінгі ұрпаққа аманаттайтын, сөйтіп бабалар арманын орындайтын осы сәбидің болатынын қасиетті Қосым ишан сол кезде көріп, білген болатын.

Мешіттің жанынан ашылған 100 орындық медресе мүридтер, яғни шәкірттер тәрбиелеген. 1927 жылға дейін мұнда Арқадағы Қарқаралыдан, Атбасардан, Жетісудағы Шу, Іле, сондай-ақ Талас, Сарысу өңірінен, Сыр бойынан, тіпті қырғыздың Ош аймағынан талапкерлер келіп шәкірт атанған. Осы географиялық ауқымға қарап-ақ бұл мешіт – медресенің сол кезде бүкіл Қазақстан көлемінде ислам мәдениетін қалыптастыру және діни білім тарату ісінде үлкен орталық болғаны байқалады.

Аппақ ишан Бұқарада медресе ашып, оны басқаруды өзінің ұлы Сағидоллаға (ишан) тапсырған. Бұл уақытта Бұқара әмірлігі қез келген дін өкіліне мешіт ашқыза бермегені әркімге белгілі. Соған қарап Аппақ ишанның дін өкілдері арасында қандай мәртебелі болғанын бағамдай беріңіз.

Бүгінгі ұрпақ мына бір шындықты да біліп өсуі тиіс. Аппақ ишанды және оның бауырлары мен ұлдарын өз ауылдарынан еріксіз кетуге мәжбүр еткен ол – отбасына түскен ауыр астық салығы еді. Бір қарағанға солай сияқты екені рас. Алайда, Аппақ ишанға туған жерін тастап, басқа өлкеге кетуге итермелеген жағдай бұл ғана емес-тін. Ол жөнінде ишанның тергеушіге берген алғашқы жауабында: «Мені ишан болғаным үшін тұтқындады»,- деген сөзінің астарында Кеңес Өкіметінің түпкі мақсаты жатқанын аңғарамыз.

Сөзіміздің басында айтқан Аппақ ишан мешіт-медресенің құрылысы ХІХ ғасырда басталып, ондаған жылдарға созылған. Тарихи деректерге қарағанда, ХІХ ғасырдың басында Шаян өңірін мекендеген жұрт өзара ақылдаса отырып, балалардың сауатын ашатын мешіт-медресе салу қажет деп шешеді. Осы мақ­­сатта олар Түркістаннан ағайынды Қосым және Құлатай де­ген араб тілін жетік білетін, дін­дар азаматтарды шақыртқан. Сөйтіп жергілікті халық асарлатып Шаянға қам кірпіштен мешіт салады. Мешіт-медресе ашыл­ғаны туралы хабар тез тарап, Қаратау, Теріскей, арысы Шу, Әулиеата өңірінің халқы ба­лаларын оқытуға алып келе бастайды. Асарлатып салынған шағын мешіт уақыт өте тарлық етеді. Осыдан кейін ХІХ ғасыр­дың бірінші жартысында Қосымның баласы Сейдахмет еуропалық үлгідегі күйдірілген қыштан мешіт-медресенің құ­рылысын бастайды. 1830-1840 жыл­дары басталған кешен ме­шіт-медресе, 29 құжыра, азан­хана, дәрісхана сияқты бір­неше бөліктен тұрған. Соңғы құрылысы 1906 жылы аяқталған мешіт-медресенің кейінгі тарихы ел аузында Аппақ ишан деген атпен танылған Сейдахметтің ұлы Аппақ мақсұммен тығыз байланысты. Әкелері Сейдахмет 1895 жылы өмірден өткен соң балалары атадан жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша бала оқытуға көшеді. Алайда 1926 жылы Кеңес Одағында дін ұстануға ты­йым салынып, қожа-молдалар қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы саясаттың салдарынан Сей­дах­мет ұрпақтарының тоз-тозы шығып, Ташкент өңіріне бас сауғалауға мәжбүр болған. Ал мешіт-медресе жұмысын тоқ­татқан.  Деректерде заманында сопылық ағымды ұстанып, ғұлама атанған Аппақ ишанның 1930 жылы тұтқынға алынғаны айтылады.

Кейінгі оқиға қалай өрбіді? Аппақ ишан 1931 жылы Ташкент түрмесінен Шымкенттегі абақтыға жеткізіледі. Содан кейін Алматы, кейіннен Павлодар түрмесіне ауыстырылып сол жылы 69-дар 70-ке қараған жасында түрмеде бақилық болады. Аппақ ишанның мүридтері, яғни ел таныған шәкірттерінің саны көп болған. Шәкірттері арасынан елге танылған білімімді молдалар мен имамдар өте көп шыққан. Сондай ел таныған шәкірттерінің бірі Шәді Жәңгіров. Оның әкесі Жәңгір Абылай ханның шөбересі. Кезінде Кенесары ханның жорықтарына қатысып ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен айтулы тұлға.

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады

Түркістан облысында полицейлер бір тәулік ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады.

Түркістан облысының аумағында 14-18 қазан аралығында өткізіліп жатқан «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады. Оның ішінде 229 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының 51 азаматы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен ҚР Көші – қон заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін-11 ҚР азаматына шара көрілді. Сайрам ауданында көші-қон саласының қызметкерлері ҚР Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған жақын шетелден келген 4 азаматты анықтады, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберілді.

Сондай-ақ халықтың көші-қоны туралы ҚР Заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 60 шетелдік азамат елден шығарылды. Өз кезегінде полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысында қар басу қаупі жоғары 22 аумақ бар

Түркістан облысында қар басу қаупі жоғары 22 аумақ бар. Оның 6-ы республикалық маңызы бар жолдар болса, 16-ы облыстық маңызы бар жолдар. Аталған аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қолға алынған шаралар жөнінде өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев брифингте мәлімдеді.
— Қазіргі таңда 2024-2025 жылдарға арнғалған қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық жедел штабтың құрамы бекітілді. Бүгінде департаменттің төтенше жағдайларды жоюға арналған техникалары дайындыққа келтірілді. Қар құрсауында қалып, қиындыққа ұшырған азаматтарға көмектесуге 191 жеке құрам мен 25 техника қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым жолға қар ұстағыш қалқандар орнатылған. Сондай-ақ, қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 11 жылыту пункттері есепке алынған,- деді Талғат Серікұлы.
Сондай-ақ, спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеттері орналасқанын жеткізді. Аталған 4 жылыту бекеттерін 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз ету жоспарлануда және тәулік бойына жылы күйде ұстайтын кезекші ұйымдастырылған. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни төсек орынмен қамтамасыз етілген.
Таулы аудандарды аэровизуалды зерттеу нәтижесінде 50-ден астам биік таулы көл анықталған. Бұл жайында “Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесінің филиалы Оңтүстік аумақтық пайдалану техникалық басқармасының басшысы Ербол Әлзақов мәлімдеді.

16 адам балық аулау кезінде қайтыс болған

Түркістан облысы аумағында жалпы 19 балық аулауға арналған су айдындары бар. Бүгінде елімізде шомылу маусымы аяқталып, балық аулау кезеңі жүріп жатыр. Осыған орай, өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті және оның аумақтық бөлімшелері құзырлы мекемелермен бірлесіп, тұрақты рейд және профилактикалық жұмыстарын жүргізуде. Бұл жайында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен брифингте мәлімдеді.
— Жыл басынан бері 7 мыңнан аса рейдтік шаралар жүргізілді. Онда 202 рет халықпен кездесу өтіп, «Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары» тақырыбы бойынша әлеуметтік желілерде 13 бейнеролик орналастырылды. Сонымен қатар, аңшылық дүкендерде — 5 241, балық аулау орындарында — 9 550 нұсқаулықтар жүргізілді. Бұдан бөлек, 15 мыңға жуық үгіт-насихат материалдары таратылып, газет пен журналдарда – 49 мақала жарияланды. Профилактикалық іс-шараларға еріктілер тартылуда,- деді спикер.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан жыл басынан бері өңірде 1 қайғылы жағдай орын алған. Жалпы, 2018 жылдан бері облыс аумағында 16 адам балық аулау кезінде қайтыс болған.

Түркістан: 700-ден астам мектеп директоры басқару құзыреттіліктерін арттырады

Түркістан облысының 700-ден астам мектеп директоры министрлік мониторингінің қорытындысы негізінде басқару құзыреттіліктерін арттырады
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өткен жылдың қараша айындағы білім беру ұйымдарының қызметін кешенді талдау және бағалау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының, сондай-ақ Арыс және Түркістан қалаларының мектептерінде бұзушылықтарды жою және білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Түркістан облысында жүргізілген кешенді мониторинг сегіз негізгі критерийді қамтыды, оның ішінде білім ұйымдарының кадрлық құрамы да бар. Қазіргі уақытта «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы халықаралық сарапшыларды тарта отырып, өңірлерден 767 басшының біліктілігін арттыру және басқару құзыреттерін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Бұл шара білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді және білім беру процесінің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1000-нан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Сапалы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін міндетті нормативтік тізбе тиісті сәйкестікке келтірілді», — деді Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы Эльмира Кадимова.
Сонымен қатар, педагогикалық құрамның сапасын арттыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатылды. Комитет өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар оқушылардың академиялық көрсеткіштерін арттыруға, білім ұйымдарындағы жалпы ахуалдың жақсаруына және мектеп, ата-ана мен қоғам арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш өтті

Кентау қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин көшесінде, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тойшиев, қаламыздың жергілікті ақын- жазушылары М.Махажов пен Ж.Бекшораева, Әл — Фараби атындағы №14 мектебінің оқушылары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дала дауылпазы, атақты ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Кентау көшелері» жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште ұлы тұлғаның кітаптары қойылған көрме жасақталып, оны жастарға дәріптеу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ақынның өмір жолы, қазақ еліне сіңірген еңбегі де айтылды.

«Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары атты» әдеби кешке қош келдіңіздер.Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын — жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз — ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 — сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан — дүниесі болады. Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым — қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, мектебіміздің Сәкен есімімен аталуының өзі, шығармалары, өлеңдері бізбен бірге. Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазан айының 15 — інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған облысы Ағадыр ауданы) көшпелі кедей шаруасының семьясында туған. Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты.Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. 1937 — 1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С. Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығынға душар етті. Дәл осы кезде де өз басына қауіп — қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі — осы Сәкен Сейфуллин еді. Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24 — інде тұтқынға алып, 1938 жылғы ақпанның 25 — інде атып тастады.» — деді Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тойшиев

 

Сәкен Сейфуллин — қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси — қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстыру, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.