Білім ордасында 130 жеке қауіпсіздік сабағы әзірленді

Кентау қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, сынып сағаттарында қауіпсіздік сабақтарын өткізудің әдіс-тәсілдері түсіндіру мақсатында әдістемелік кеңес өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие орынбасары А.Утеева сөз алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылы 31 тамыздағы №748 қаулы Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді, ол балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алгоритм мен нұсқаулықтарды әзірлеуді қарастырады. Осы жоспар аясында 130 жеке қауіпсіздік сабағы әзірленгенін атап өтті.

Сабақтардың мақсаты – балаларға күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларды үйрету; жеке басын қорғау мен айналасындағыларға саналы, жауапты көзқарас қалыптастыру. Сабақ міндеттері: жеке қауіпсіздігін қорғау шаралары туралы хабардарлықты арттыру; өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту; жауапты мінез-құлықты қалыптастыру; психологиялық дайындық; әлеуметтік құзыреттілік; ақпараттық қауіпсіздік.

Сабақтарды апта сайын сынып сағаттарында 10 минуттан өткізілуі керек. Сабақ мазмұнына мынадай элементтер енгізілген.

  1. Жеке адам құқығы мен бостандығының қорғалуы, зорлық- зомбылықтың физикалық, психологиялық және моральдық нысандарын қоса алғанда, балалардың құқығы мен бостандығын қорғауды білдіреді.
  2. Тұлғаға қажетті сапа мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, бұл балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі білім алуына, медициналық көмек, тұрғын үй және басқа да қажеттi ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
  3. Қоғам мен мемлекетте адамның тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, бұл балалардың білім алуға, мәдениетке, спортқа және өзіндік дамудың басқа да нысандарына қол жеткізуін қоса алғанда, жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауды білдіреді.

Сонымен қатар, негізгі бағыттары:

1–4-сыныптар үшін (40 сабақ):

  1. ТЖ кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері
  2. Үй-жайдағы қауіпсіздік
  3. Көшедегі қауіпсіздік
  4. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік
  5. Қауіпті заттар
  6. Судағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік
  7. Интернеттегі қауіпсіздік.

5–11-сыныптар мен ТжКБ үшін (70 сабақ):

  1. ТЖ кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері;
  2. Көшедегі, көліктегі үй-жайлардағы қауіпсіздік;
  3. Құқықтары мен міндеттері;
  4. Судағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік
  5. Интернеттегі қауіпсіздік
  6. Жасанды интеллект: қауіптер мен тәуекелдер;
  7. Қаржылық сауаттылық, жұмысқа орналасу кезіндегі қауіпсіздік;
  8. Салауатты әдеттер туралы негізгі бағыттарын түсіндіріп, қауіпсіздік сабағы мен бағдарлама бойынша пайдалы немесе қызықты деп санайтын нақты тұстарын көрсетті.

«Парасат биігінен ой толғаған ғалым»

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының және Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінде «Парасат биігінен ой толғаған ғалым» тақырыбындағы Немат Келімбетовтың – 90 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ғылыми-практикалық конференция мақсаты: Түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, жазушы Немат Келімбетовтың шығармашылығын насихаттау.

Көрнекті әдебиеттанушы, прозашы, аудармашы Немат Келімбетов 74 жасқа қараған шағында дүниеден өткен. Ол, өмір жасының тең жартысындай бөлігінде ауыр дертпен арпалыса жүріп, рух ерлігінің ерен үлгісін көрсеткен өнегелі тұлға. Немат Келімбетов 1937 жылы туған. 1953 жы­лы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес өңі­ріндегі Абай селосында орта мектеп бітірген соң, алдымен Ташкент қаржы-экономика инсти­тутын, одан кейін Қазақ ұлттық университетін аяқтаған. Еңбек жолын өзінің әуелгі ма­мандығы бойынша бастаған Н.Келімбетов кейіннен журналистика, әдебиет саласына ауы­сып, «Социалистік Қазақстан» , яғни қазіргі «Егемен Қа­зақ­­стан» газетінде әдеби қызметкер, одан кейін республика Министрлер Кеңесінде референт, Әде­­биет, өнер және сәулетшілік салалары бо­йынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі ко­мис­сияның жауапты хатшысы, «Қазақстан» бас­пасында редактор қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы, профессор көптеген жылдар бойы Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ­си­тетінің қазақ әде­биеті кафедрасында, Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлт­тық университетінің қазақ тілі ка­федрасында ұстаз­дық еткен.

​Ғылыми-практикалық конференцияда Кентау  қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова сөз сөйлесе, жас маман Ибадуллаева Дидара “Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан тұлға – Немат Келімбетов” тақырыбында баяндама оқыды. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, педагог-шебер Камал Гулмира «Тағдыр талқысы және талант тегеуріні» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.

« — Немат Келімбетов қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі жайында жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Орда бұзар отызында омыртқадан ауыр дертке ұшырап, ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған арда азамат өмірге құштарлықтың өнегесіндей, тағ­дырмен тартыстың тағылымындай «Үміт үзгім кел­мей­ді» атты монолог-хикаяты оның қаламгерлік қуа­тын да, күрескерлік күшін де келісті көрсетеді. Кітап­ты арқау етіп жазылған пьеса бойынша қойылған спектакль М.Әуезов атындағы академиялық театрсахнасында табыспен жүрді. Кейінгі жылдарда жарық көр­ген «Ұлы­ма хат», «Қариялар», «Күншілдік» сияқ­ты эссе­лері Немат Келімбетовті ойшыл суреткер ретінде де танытты. «Үміт үзгім келмейді» кіта­бы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, ЮНЕСКО аясын­дағы ең мерейлі марапаттардың бірі – Еуро­паның Франц Кафка қоғамының наградасын алып берген еді. Немат Келімбетовтің қазақ әде­биетінің байырғы бастау-бұлақ­тарын зерттеудегі еңбегі де ересен. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» , «Ежелгі дәуір әдебиеті» ,«Ежел­гі түркі поэзиясы жә­не қазақ әдебиетіндегі дәс­түр жал­ғастығы» , «Қазақ әде­биеті бас­тау­лары» , «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» сияқты көп­теген кітаптары ұлт­тық сөз өнері­нің түп-тамыры те­рең­де жатқанды­ғын даусыз дәлел­деді. Ғалымның бұл ба­ғыт­тағы ізденістері оны Күл­тегін атындағы сый­лықтың лауреа­ты атан­дырды, осы тақырыптағы кітап­тары бірнеше шетел тілдеріне аударылды. Немат Келім­бетовтің көркем аударма саласына қосқан үлесі де үлкен. Көрнекті ғалым, тамаша прозашы, өнімді аудар­машы, ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесі әрдайым халық жадында сақталатын болады.» — деді Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, педагог-шебер Камал Гулмира

Сонымен қатар, «Немат Келімбетовтың – 90 жыл» толуына орай ұйымдастырылған мектепішілік апталықтың нәтижесін педагог – зерттеуші Әметбек Тоғжан таныстырды. Жазушы галереясы көрмесін Дайрбекова Мөлдірдің жетекшілігімен жас суретшілер қылқаламынан салынған суреттерін көрсетті. Кітаптар көрмесінде жазушының еңбектері таныстырылды.

Ұстаздар білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі-сапалы білім беру болып табылады. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және инновациялық технологияларды меңгеру, оны өздерінің тәжірибелерінде тиімді қолдана білу міндеті тұр. 2024 жылғы 24 қазан күні Кентау қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Әдістемелік кабинеттің-10 күндігі» жобасы аясында Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында қалалық деңгейде «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Оқушыларды инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы тарих, география пәндерінен білім сапасын арттыру және білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасу.

Коучинг тренингті қалалық білім бөлімінің тарих және география пәндері бойынша әдіскері А.Сенбекова жүргізді. Тренингке Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында “Өрлеу” БАҰО АҚ Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен өтіп жатқан тарих-құқық пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстың Түркістан және Кентау қалалары, Бәйдібек ауданының тыңдаушылары және тәжірибелі тренер Кенжехожаева Ляззат Шакимардановна қатысты.

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, білім сапасы және оған әсер етуші факторлар туралы ақпарат беріп, мектеп тәжірибесіне Lesson stady әдісін енгізу арқылы білім сапасын көтеру жолдары бойынша презентациялық таныстырылым көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Исаева Мадина Қалдыбекқызы пән мұғалімдеріне сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді, заманауи білім беру платформаларды тиімді қолдану арқылы тарих, құқық, география пәндерінен білім сапасын көтеру жолдары бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісіп, практикалық сабақ өтті. Коучинг тренинг қызықты өтіп, мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Тренинг соңында мұғалімердер білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», — деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

«Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында семинар өтті

Білім берудегі жетістік тікелей мұғалімге, оның шығармашылық әлеуетіне және кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Қазіргі мұғалім-бұл инновацияларды іс жүзінде жүзеге асырудағы негізгі тұлға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білімдерін шығармашылық қабылдауға деген ұмтылысын дамытады, оның тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Ол үшін мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін үнемі арттырып отыруы керек. Мысалы: пәндік, әдістемелік, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени, құқықтық сауаттылық өте маңызды болмақ.

Авторлық оқу бағдарламасы – жалпы білім беру стандартына сай оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын, мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалатын, нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған, педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылық іс.

Дәл осы бағытта, Кентау қаласында орналасқан Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында қалалық деңгейде «Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Семинар мақсаты: мұғалімдерге авторлық бағдарламаның әзірлеу технологиясы, оның құрылымы, титул парағы және бағдарламаны рәсімдеуге қойылатын талаптар туралы ақпарат беру, авторлық бағдарламасы қала көлемінде таралған мұғалімдердің тәжірибесімен бөлісу.

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль «Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында баяндама жасап, презентациялық таныстырылым көрсетті. Білім беру саласындағы өзекті мәселені шешуде авторлық бағдарламаның маңыздылығы және мазмұны, құрылымының жаңашылдығы және өзектілігімен ерекшеленетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, авторлық бағдарламаның жаңашылдығын, инновациялық потенциалы бойынша бірнеше үлгілерін, түрлеріне рецензия беріліп, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асатындығын тәжірибе арқылы көрсетті. Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу үшін рецензия, апробация – эксперимент түрінде танысу қажеттігін атап өтті.

Авторлық бағдарлама — педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылық нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Авторлық әдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамтиды және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Семинарда авторлық бағдарлама әзірлеген пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, автордың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге алып келетіндігін айтты.

« — Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды жəне оларға зияткерлік құқығы беріледі. Бұл не алғаш рет енгізілетін курсты, не автордың дəстүрлі тақырыпты өзіндік тəсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен жəне өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дəлелді болуы қажет. Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс-əрекеттерді қамтиды. Жалпы рецензия, апробация жақсы нəтиже бергенде іске асады. Ішкі рецензия – əдістемелік кеңес, əдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми-əдістемелік ұйымдар, мамандардан алу. Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нəтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Себебі мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады. Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға əдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мəртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.» — деді Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль

Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылықтың нəтижесі. Ол оқу пəнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Авторлық əдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамтиды жəне нəтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Авторлық бағдарлама мазмұнының негізінде əдістемелік жүйені құрудағы мұғалімнің өзіндік тұлғалық тəжірибесі мен оның қызметінің даралық стилі жатыр. Алғашқы міндетті шарт –бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сəйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек: қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сəйкес келуі, жаңалығымен даралануы; оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен əлеуметтік бейімделуіне; жүйелілік талаптарына сай болуы; психологиялық-педагогикалық негізі болуы; басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондайақ оны жүзеге асырудағы əдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі тиіс

Ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдану маңызды

Кентау қалалық білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеттің 10 күндігі» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты: ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдануға әдістемелік көмек беру, кәсіби қолдау көрсету. Семинар ағылшын тілі бірлестігінің әдіскері Г.Нысанбаеваның кіріспе сөзімен басталды. Жасанды интеллектті сабақта қолданудағы тиімді тұстарын атап көрсетті.

 

« — Жасанды интеллект тез дамып келе жатқан сала және оның білім берудегі әлеуетті қолданбалары барған сайын айқын бола түсуде. Жасанды интеллект оқыту мен оқуды жақсарту үшін қолданылуы мүмкін және ол мұғалімдерге оқушылар үшін жекелендірілген оқу тәжірибесін жасауға көмектеседі. Бұл сабақта жасанды интеллекті білім беруде қолдануға болатын әртүрлі әдістер және оның ықтимал артықшылықтары қарастырылады. Жасанды интеллект әртүрлі салаларды, соның ішінде білім беруді жылдам өзгертеді. Білім берудегі жасанды интеллект интеграциясы біздің оқу, оқыту және бағалау әдісін өзгертеді. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құралдармен қолданбалар білім алушыларға жекелендірілген және бейімделген оқу тәжірибесін ұсынады, мұғалімдерге арналған әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырады және жалпы білім беру нәтижелерін жақсартады. Білім берудегі жасанды инетллектінің маңызды артықшылықтарының бірі, оның оқу тәжірибесінжекелендіру мүмкіндігі болып табылады. Жасанды интеллект алгоритмдері оқушылардың үлгерімін бақылау және оқыту әдістерін олардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл дәстүрлі сыныптағы оқыту әдістерімен күресетін немесе ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін әсіресе пайдалы.»-деді Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаева

Келесі болып №1 мектеп мұғалімі Жасұзақ Саябек пен Қалдарбек Аблайхан «Жасанды интеллект платформалары мен функциялары» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды, қатысушыларға теориясы мен қатар практикада өз ноутбуктеріне, қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған ұялы телефондарына қалай жүктеуден бастап, кұнделікті сабақта, өмірде қолдануға болатынын жеке жек жүктеп, түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріп отырды.

« — Жасанды интеллект нақты уақыт режимінде кері байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.  Бұл оларға оқу стратегияларын сәйкесінше жақсарту және түзету қажет аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект білім беруде қолданылуы мүмкін тағы бір сала интеллектуалды репетиторлық жүйелерді дамыту болып табылады. Бұл жүйелер қолданушыларға жеке репетиторлық қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланады.  Олардың үлгерімі туралы дереу кері байланыс бере алады, олардың жеке оқу мәнерлеріне негізделген қосымша ресурстар мен материалдарды ұсына алады және белгілі бір ұғымдармен күресіп жүрген білім алушыларға қолдау көрсете алады. Жасанды интеллект бағалауды жақсарту үшін де пайдаланылуы мүмкін.Машиналық оқыту алгоритмдері үлгілерді анықтау және орындағаны туралы түсінік беру үшін оқушы деректерін талдай алады. Бұл тәрбиешілерге оқушылар қиналып жатқан аймақтарды анықтауға және олардың оқыту әдістерін соған сәйкес түзетуге көмектеседі. Қорытына айтқанда, жасанды интеллект бағалау және есепке алу сияқты әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеуге және олардың оқуға және оқушыларменқарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен жасанды интеллект жеке білім алушылардың оқу қажеттіліктері мен қалауларын талдай алады және теңшелген оқу материалдары мен жаттығуларды ұсына алады. Білім берудегі бұл тәсіл оқушыларға өз қарқынымен оқуға мүмкіндік береді, бұл оқунәтижелерін жақсартуға және белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект бағалау процесін автоматтандыру үшін де пайдаланылады. Бұл мұғалімдердің көп уақытымен күшін үнемдеуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған бағалау жүйелері оқушы жұмысын бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланады.»-дейді ұстаздар.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Collaborative Learning Environments: Artificial Intelligence as a Partner in Education» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда алған мәліметімен бөлісті.

« — Астана қаласында өткен жиын барысында «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың заманауи трендтері», «Ауыл мектеп­терінде оқыту үдерісін цифрлан­дыру», «Цифрлық мектеп – цифр­­лық мұғалім», «Мұғалімдердің цифр­лық құзыреттілігін дамыту», «Цифр­ландыру жағдайындағы инклюзив­ті білім беру», «Балалардың құқықта­рын қорғау саласындағы цифрландыру», «Біртұтас тәрбие және қосымша білім синергиясы», «Цифрландыру жағдайындағы білім беру мазмұнына тұрақты даму компонентін интегра­циялау», «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің бала­лар­ға әсері» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтіп, біз қазіргі қоғамға қажетті ақпараттармен және тың идея, жаңалықтармен танысып қайтқан болатынбыз. Ол жиында мамандар жасанды интеллектіні мұғалім оқушыдан да артық меңгеруге тиіс екендігі айтылды. Негізі болашақта оқу бағдарламасын жасанды зердеге негіздеп оқытатынымыз анық. Еліміздің астанасында өткен басқосуда да  үздік педагогтер пен шетелдік ғалымдар жасанды интеллектінің игі­лігін көрудегі тәжірибелерін бөлі­сты. Сол жиында «Бір мұғалім алты сы­ныпқа сабақ беретін болса, олардың әрқай­сысында отыз баладан болса, балалардың жұмыстарын аз уақытта тексеру мұғалімге үлкен күш екені» айтылды. Педагог олардың бәріне кері байланыс бере алады, бірақ 45 минут аздық етеді деді мамандар. Ал егер ұстаздар сабақ жоспарын жасаған кезде, емтихан жұмыстарын тексергенде жасанды зердені қолданса, жұмыстары едәуір жеңілдейді. Осылайша, мұғалім өзінің уақыты мен энергиясын үнемдейді әрі қазіргі заманауи оқушылардың талғамына сай болады. Оқушы­лар мұны сапалы қолданатыны рас, сол себепті мұғалім олардың шынайы білі­мін анықтай алмауы мүмкін. Сон­дықтан педагог заманауи тәсілдерді, жаңа әдістерді оқушылардан да жақсы меңгеріп алғаны абзал. Сондай-ақ  оқушыға жасанды ин­теллект орындай алмайтын, жеке­лей тапсырма беріп отырса, білім сапасын едәуір арттыра түсуге болады», — деді Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері тәжірибе алмасып, жасанды интеллектті ағылшын тілі сабағында қолданудағы тиімді тұстарын атап өтіп, ой бөлісті. Ғылыми әдебиеттерді талдау әдісі жасанды интеллект бағдарламаларын тілді оқытуда қолдануға арналған ғылыми мақалаларға, кітаптарға, журнал басылымдарына және басқа дереккөздерге шолуды қамтиды. Жасанды интеллект тақырыбына сәйкес әдебиеттерді талдау осы саладағы бар тенденцияларды, аталмыш бағдарламаларды қолдану кезінде туындайтын мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарламалардың тиімділігін терең зерттеуді, жаңа технологиялар мен құралдарды әзірлеуді, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектті қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдауды талап етеді, — деді ұстаздар қауымы.

Жалпы осындай семинарларда өзекті әдебиеттерді шолу және жасанды интеллект бағдарламаларын қолдану мысалдарын талдау негізінде жасанды интеллект технологияларын білім беру тәжірибесіне біріктірудің маңыздылығын және осы салада одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламаларды және оқу процесінде тиімді пайдалану үшін ұсыныстар ұсынады және олардың қазіргі білім берудегі маңыздылығы көрсетіледі.