2025 жыл мамыр айының 16-18 жұлдызы аралығында Астана қаласы «Aspan» спорт клубында дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған ұлдар және 2009-2011 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» турнирі өтті. Тартысы өткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 1000-нан аса боз кілем шеберлері бақтарын сынады. Ленгір қаласында орналасқан, еркін күрестен спорт шебері Катаев Алибек басқарып отырған Төлеби аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өз салмақ дәрежелері бойынша 1-алтын, 2-күміс медальді иемденіп өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда Тұрғынбек Хансұлтан 32кг І-орын және Аманқұл Нұрасыл 35кг, Тұрғынбек Бегасыл 55кг ІІ-орын алып «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» турнирінің диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Төлебидің спортшылары дзюдо күресінен «спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды. Шәкірттерін жеңіске жетелеген жаттықтырушылары Нұрғазиев Бекжан пен Сартаев Бекболат ауданнан чемпиондар тәрбиелеп жүрген азаматтар.
« – Әр жарыс біз үшін маңызды. Себебі шәкірттеріміз шыңдала түседі, жеңіске қарай ұмтылады. Мыңнан жүйрік шығып, жеңімпаз атануда оңай емес. Тұрғынбек Хансұлтан өз салмақ дәрежесінде алғыр екенін дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Нұрасыл мен Бегасыл да жақсы нәтиже көрсетті. «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Бізді қолдап жүрген барша жерлестерге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да спортшыларымыз талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.» деді жаттықтырушы Бекжан Нұрғазиев.