Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд мырза бастап келді.

Кездесу барысында елдің энергетика саласындағы инвестициялық климатты нығайту жолдары, жылу электр орталықтарын қоса алғанда, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары және мұнай-газ саласының даму перспективалары талқыланды.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан энергетикасындағы басымдықтарды айқындап, инвесторлар үшін ашық әрі қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.

— Халықаралық серіктестермен, соның ішінде ХВҚ-мен жүргізілетін конструктивті диалог бізге энергетика саласын орнықты дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыруға және үздік әлемдік тәжірибелермен үндестіруге мүмкіндік береді, – деді министр.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарды жаңғырту бағдарламалары болды. Әсіресе, жылу электр орталықтарын жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – сенімді энергиямен қамтуды қамтамасыз ету және заманауи, экологиялық таза технологияларға ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін маңызды негіз болып табылады.

Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасыӨңірлік кеңесінің төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Қозбеков Талғат Жапарханұлы, өңірлік кеңес мүшелері, Сайрам және Түлкібас аудандарының кәсіпкерлері және тиісті мемлекеттік органдар басшылары мен басқарма өкілдері қатысты.  

Отырыстың күн тәртібіне 3 мәселеқаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойыншаСайрам мен Түлкібас аудандары кәсіпкерлерінжеке-жеке қабылдап, тиісті орган өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кеңес отырысында«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестерін қалыптастыру және делегаттарды (мүшелерді)сайлау қағидаларына» өзгерістер енгізутуралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша директор орынбасары Ауелбеков Ербол Асфандиярұлы хабарлама жасады. Кеңес мүшелері бұл мәселені талқылап, ұсынысты Қазақстан РеспубликасыАтамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасынажолдау туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Өңірлік кеңестің маусым айында көшпелі отырысы өтетін аудандар айқындалды.

Өңірлік кеңес мүшелерінің шешімімен көшпелі отырыс Арыс қаласы мен Отырар ауданында өтеді.  

Алдағы уақытта Өңірлік кеңес кезегімен барлық аудандарды аралайтын болады.

Жиын соңында Н.Әбішов кеңес отырысына белсенді қатысқан кеңес мүшелеріне алғысын білдіре отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып,  жиында көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуіне және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік саласын барынша дамытуға атсалысуға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат төрағаларымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатында Н.Әбішовтың төрағалығымен аудандық, қалалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен келелі жиын өтті.

Мәслихат төрағасы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының төрағалығымен өткен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кезекті отырысында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.

Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту және Ассамблеяның саяси-тарихи рөлі жөнінде кеңінен түсіндірді.

Жиынның мақсаты да елдегі ауызбіршілік пен бірлікті сақтау, депутаттық корпустың қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестіктермен бірлесе атқаратын жұмыстарын талқылау және дұрыс үйлестіруді жүзеге асыру туралы болды.

Нұралы Әбішов бұл бағытта мәслихат төрағалары мен депуттарының маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

– Халықтың сенімі мен аманатын арқалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған немқұрайлы қарау депутатқа тән қасиет емес. Сондықтан халық қалаулылары барлық істе белсенді болуы тиіс. Себебі әр депутаттың артында оған сенім білдірген сайлаушылары бар. Бір ел – бір мүдде деген сөз тіркесінің өзі осы мағынаны білдіреді. Елдің бірлігі мен ынтымағын бекемдеу әрбір азаматтың парызы, міндеті деп есептеймін. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қаринмен болған кездесулерде қоғамдағы этносаяси ахуал, ішкі тұрақтылық, келісім, ынтымақтастық құндылықтарын арттыру туралы айтылды. Біз де бұл бағытта үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сондықтан осы бағыттарда жұдырықтай жұмылып бірге нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын, – деді Нұралы Әлмаханұлы.


Сонымен қатар, ж
иында елді мекендерге атау беру тәртібі, ескерткіштер қою тәртібі, депутаттардың этикасы туралы да айтылды.  Бұл бойынша облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Омар Жексенбаев және облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Исаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, кездесуде аудан, қалалардағы елді мекендерді сапалы электр энергиямен қамту бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру» атты семинар туралы, кіші футболдан турнир өткізу туралы мәселелер талқыланды.