ЖЕТІСАЙДА СУИЦИДКЕ ЖӘНЕ ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Жетісай аудандық Мансап орталығының қызметкерлеріне «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психолог маманының қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау және лудомания фактілерін болдырмау және оның алдын алу, қызметкерлердің мінез-құлқының тиімділігін арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мемлекеттік отбасы саясатының, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша орталықтың психолог мамандары кеңінен түсіндірді.

« – Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оны жүзеге асыру көптеген ведомстволардың күштерін бірыңғай алдын алу стратегиясына біріктіру кезінде ғана мүмкін болады. Суицидтің тәуекелін төмендету бойынша ДДҰ-ның жетекші стратегиясы осы топтардың әрқайсысына нақты проблемалар мен қажеттіліктерді анықтай отырып, халықтың өзіндік тәуекел топтарын сәйкестендіру болып табылады. Кейбір елдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу саласындағы жетістіктеріне қарамастан, мәселе шешімнен алыс және әлдеқайда белсенді күш-жігерді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, ДДҰ-ның өзіне-өзі қол жұмсау туралы алғашқы жаһандық баяндамасы жарияланған сәттен бастап бес жыл ішінде өзіне-өзі қол жұмсаудың ұлттық стратегиясы қабылданған елдердің саны артты. Алайда, мұндай елдер өте аз – тек 38 және бұл санды өсіруді жалғастыру қажет. Әрбір өзіне-өзі қол жұмсау – отбасы мүшелеріне, достары мен әріптестері үшін қайғылы оқиға.» – деп атап өтті,  «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психолог маманы.

Мамандардың айтуынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың ең жоғары көрсеткіштері жоғары табыс деңгейі бар елдерде байқалады, жастар арасында өлімнің негізгі себептері тізімінде өзіне-өзі қол жұмсау екінші орынды алады екен. Психикалық денсаулығында проблемалары бар адамдарда ұдайы депрессия, қаржылық қиындықтар, соғыс, апаттар, тұрмыстық зорлық-зомбылық суицидтік ойларды тудыруы мүмкін. Көмек алу үшін психикалық денсаулық сақтау маманына бару және оны қолдайтын отбасы мен достардың қоршауында болу жеке адамға суицид туралы ойлармен күресуге көмектесе алады. Өзін-өзі өлтіру – бұл өз өмірін қию әрекеті. Дүние жүзіндегі көптеген елдер суицидті қылмыс деп санайды және өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген адамды түрмеге қамауға алады. Суицидтік ойлар өзіне зиян келтіру немесе өлтіру туралы ойлар ретінде анықталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың 20% пестицидтерді немесе атыс қаруын қолдану арқылы немесе асылып өледі. Адамның өз өмірін қиюға әрекеттенуінің көптеген себептері бар. Оларға депрессия сияқты психикалық денсаулық мәселелері және қаржылық дағдарыс, отбасылық келіспеушілік, жақын адамынан айырылу және тағы басқалар сияқты мәселелер кіреді.

« – Суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілеріне мыналар жатады, олар: өлім туралы айтып, өлгісі келетін білдіру, өзін мазасыз ұстау, отбасымен және достарымен қоштасу, өзін-өзі оқшаулау ,әлеуметтік оқшаулану,алкоголь мен есірткіні шамадан тыс тұтыну,өмір сүруді жалғастыруға ешқандай себеп жоқ сияқты сезіну, ұйқының қиындауы, мылтық, таблетка және тағы басқа сияқты заттарды сатып алуы, тәбеттің жетіспеушілігін сезіну сияқты әсерлер. Егер адам өзіне зиян келтіруді, алкогольді шамадан тыс тұтынуды немесе өзіне зиян келтіретін әрекеттерді жасауды ойласа, сіз дереу өз-өзіне қол жұмсау туралы сенім телефонына қоңырау шалуыңыз керек немесе сізге ең жақын психикалық денсаулық маманына баруыңыз керек.Кез келген адамның өз-өзіне қол жұмсауының алдын алудың жолдары бар. Бұл жолдар мыналарды қамтиды: Суицидтік ойлардан зардап шегетін адамды қару, пышақ, таблетка, пестицидтер және т.б. сияқты қауіпті заттардан алыс ұстаңыз. Егер белгілерді ерте анықтасаңыз, дереу маманнан көмек сұраңыз. Адамды сүйетін және қамқор адамдармен қоршаңыз. Адамның өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлары бола бастаса, сенетін адамға қоңырау шалуын сұраңыз. Адамды өз сезімдерін жазуға шақырыңыз. Суицидтік ойлары мен мінез-құлқы бар адамды емдеудің алғашқы қадамы оны психикалық денсаулық сақтау маманына көрсету болып табылады.Когнитивті мінез-құлық терапиясы ең тиімді терапия болып табылады. Бұл терапияда психолог теріс ойлау үлгілерін таниды және оларды оң және ұтымдыға өзгертуге тырысады. Өз-өзіне қол жұмсау, онымен байланысты қауіп факторлары және оны емдеу туралы хабардарлықты арттыру адамды емдеуде ұзақ жолды алады. Ең бастысы, жанұя мен достардың күшті қолдау желісінің қоршауында болу, біреудің өзін жақсы көретінін сезінуге және емдеуге мүмкіндік береді.» -дейді психолог маманы.

Зерттеулер көрсеткендей, пестицидтер сияқты улы заттарды жұту, асылып қалу, атыс қаруын қолдану өз-өзіне қол жұмсаудың ең көп таралған әдістері болып табылады.

ТҮРКІСТАНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда интернет алаяқтық қылмыстарының кең таралуына орай Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, Полицейлер қоғамдық орындарда, көшелерде, орталық саябақтарда, банктердің жанында және адамдар көп жиналатын жерлерде алаяқтардың құрбаны болмас үшін адам өзін қалай ұстау керектігі жөнінде арнайы жадынамалар таратылды. Түсіндірме жұмыстары барысында тәртіп сақшылары айласын асырар алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге кеңес берді.

« – Алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі әдістерді қолданады. Ең көп таралғандардың бірі – белгілі компаниялардың, банктердің және крипто биржаларының атынан жалған сайттар жасау. Барлық байланыс онлайн режимінде жүзеге асады, соның ішінде мессенджерлер арқылы «менеджерлермен» және «брокерлермен» байланысу қызметі де бар. Кейбір алаяқтар үлкен сома жинау үшін бір реттік төлемдер жасайды, дивидендтер береді. Тағы бір кең тараған әдіс – банк пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан телефон соғу. Байланыс операторлары шетелден келетін алаяқтық қоңырауларға тосқауыл қояды, бірақ алаяқтар алдаудың жаңа жолдарын тауып жататыны жасырын емес. Қазір ең көп таралған алаяқтық әрекеттері шетелдік нөмірлерден қоңырау шалу және WhatsApp арқылы жасалады. Алаяқтар азаматтарды алдап, ақшасын ұрлау үшін түрлі айла-амалдарды жиі қолданады. Кең таралған әдістердің бірі – шот бойынша күдікті операциялар немесе несие алу әрекеті туралы хабарлау, сондай-ақ жосықсыз банк қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізу. Ақшаны қауіпсіз сақтаймыз деген желеумен алаяқтар азаматтарды қауіпсіз «сақтандыру» шотына ақша аударуға көндіреді, содан кейін ұрланған ақшаны одан әрі аударуға немесе қолма-қол ақшаға айналдырады. Кейде алаяқтар азаматтарды өздеріне несие алуға көндіреді, олардың кеңесі бойынша телефондарына қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатады және банктерден келетін SMS-хабарлама кодтары туралы хабарлайды, осылайша банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді. Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан жеке деректерді сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін түсіну маңызды.» – дейді полиция қызметкерлері.

Айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Мәселен, бір қылмыстық істе қаскүнем басқа өңірде, кейде тіпті басқа мемлекетте жүруі мүмкін. Сол себепті қылмыстың бұл түрін ашуға бірталай уақыт жұмсауға тура келеді. Өйткені өзге елде жүрген күдіктінің немесе жәбірленушінің жеке тұлғасы мен мекенжайын анықтау үшін шет мемлекеттегі құқық қорғау органдарына сұрау салу мен тапсырмалар жіберу міндетті болып саналады. Ал бұл іс-шараның барлығы бірден шешіле қоятын оңай шаруа емес.

Кейінгі кезде алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды» деп кез келген кездейсоқ абоненттік нөмірге қоңырау соғуы немесе SМS-хабарламалар жіберуі жиілеп кеткен. Арам ниеттілер ұтысты басқа қаладан алып кетуді немесе жеңіп алған тауардың құнын пластикалық картаға аударуды ұсынады. Ия расында мұның бәрі жалған екенін көпшілігі соңында біліп жатады және тиісті органдарға кештеу хабарлайды.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. «Уақыт талабынан олар да қалыс қалмай келеді», дегендей мамандар ғаламтордағы әккілердің, әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отырғанын мәлімдеді. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.

Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резерві – жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құруғабағытталған жоба.

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысу үшінpkrezerv.gov.kz сайтында құжаттардықабылдау басталды. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар.

Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Құзыреттерді бағалау;
Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
Ұлттық комиссияның отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

 

 

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда. Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, мәжіліс жұмысына аудан прокуроры Дастан Мырзағали, Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Төлеби ауданында өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында интернет алаяқтықпен күрес басты тақырыптардың бірі болды. Бұл қылмыс түрі – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның, әсіресе цифрлық сауаттылық деңгейі төмен азаматтар үшін үлкен қатерге айналып отыр.

 

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Төлеби аудандық аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Ғани Ермек интернет алаяқтықтың өсу деңгейі мен оны болдырмау бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлерінің көбейіп отырғанын айтып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді. Ресми деректерге сүйенсек, соңғы екі жылда интернет алаяқтық қылмыстары еселеп артқан. Алаяқтар:

— жалған банк қызметкерлері болып хабарласады;

— инвестициялық жобалар ұсынып, адамдарды алдайды;

— фишинг арқылы жеке деректерді ұрлайды;

— әлеуметтік желіде “лотерея” немесе “жеңіл табыс” ұсынады.

 

Жәбірленушілердің басым бөлігі – жастар мен зейнет жасындағы адамдар. Олар ұялып, қорқып, немесе үмітсіздікпен арыз түсірмей жатады. Ал алаяқтар көбіне шетелден әрекет етеді, бұл олардың жазасыз қалуына әкеліп соғады. Полиция қызметкерлері бұл бағытта қандай шараларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдап-арбаумен арам пиғылын іске асыратын адамдардан барынша алшақ болып, қандайда бір жағдай болмасын байланыс орнатпауға шақырды.

Мамандардың айтуынша: Біріншіден, цифрлық сауаттылықты арттыру – негізгі бағыт болуы тиіс. Мектептер мен колледждерде “киберқауіпсіздік” сабақтары енгізілуі қажет. Ауылдар мен еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуі керек. AMANAT партиясының аудандық филиалы тарапынан арнайы бейнероликтер, әлеуметтік желідегі ақпараттық посттар дайындалуы тиіс. Жергілікті БАҚ арқылы алаяқтық схемалары жөнінде ай сайынғы шолулар жариялануы қажет. Интернеттегі қауіп – виртуалды емес, нақты өмірімізге қатер төндіретін қылмыс. Сондықтан бұл мәселені жай ғана профилактикалық бағыт ретінде емес, ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек дейді мамандар.

Ведомствоаралық комиссия отырысында көтерілген бұл мәселе барлық мекемелер үшін де,олардың өкілдіктері үшін де басым бағыттардың бірі болуы тиіс. Егер сіздің үйіңізде немесе кеңсеңізде қосылған интернет желісі қорғалмаған болса, хакерлер оны дереу өз пайдасына асыратын болады. Олар компьютерде немесе желіде сақталған жеке деректерге қол жеткізу үшін сіздің қорғалмаған интернет желіңізді пайдалана алады.  Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты. Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.

 

Сонымен қатар жиында, Бөлім бастығының орынбасары Мақсат Сейдуалиев жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде адам өліміне алып келген жағдайлардың себептері мен оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға тоқталды. Ол жол қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі екенін еске салды. Төлеби аудандық пробация қызметінің инспекторы Ақылбек Кунусбаев пробация есебінде тұрған тұлғалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және олардың қайта қылмысқа бару деңгейі жөнінде баяндап, оларды қоғамға бейімдеудің маңызын атап өтті.

Жиын барысында көтерілген мәселелер кеңінен талқыланып, ұсыныстар берілді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде хаттамалық шешімдер қабылданып, барлық тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелді. Төлеби аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта да құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жалғастыра беретін болады.