КӨГАЛДАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫ ЖАНДАНУДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағын көгалдандыру және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Шаһар басшысы алдымен Б.Саттарханов даңғылында атқарылып жатқан гүл егу жұмыстарын, Әуежай жолы бойындағы көгалдандыру шараларын, сондай-ақ С.Қожанов көшесінің абаттандырылу барысын бақылады. Сонымен қатар, айналма жол аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты.
Қаланың негізгі магистральды көшелері – Әуежай тас жолы мен Б.Саттарханов даңғылы бойында түрлі ағаш түрлері отырғызылуда. Ал аталған жолдардың қиылысына 21 791 шаршы метрді құрайтын «Лаванда алқабын» салу жоспарлануда.
Биылғы жылы Түркістан қаласы бойынша көгалдандыру жұмыстары жалпы 772 гектар аумақты қамтып отыр. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 238 мыңнан астам ағаш пен бұталарды егу көзделген. Оның ішінде көктемгі маусымда 80 375 түп ағаш пен 67 310 түп бұта отырғызылса, күзгі кезеңде қосымша 134 250 түп ағаш және 129 350 түп бұта егіледі.
Сонымен қатар, 128 гектар аяқжол аумақтарында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Кентау тас жолы бойындағы айналма жол құрылысы. Жалпы аумағы 17,8 гектарды құрайтын бұл нысанда 150 770 шаршы метр жерге көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы басталған жобаның мердігері – «GARANT STROY KZ» ЖШС. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталды. Жоба аясында айналма жолмен қатар желілік саябақ та салынып жатыр.

Кездесу барысында қала әкімі жауапты мекеме басшыларына көгалдандыру және құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге егілген ағаштар мен гүлдердің күтімін жүйелі ұйымдастыруды, абаттандыру іс-шараларын маусымдық жоспарға сәйкес жүргізуді міндеттеді.

ДЕПУТАТ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК БЕРДІ

«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан көлеміндегі жергілікті мекемелер, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтандырылған жылу жүйесі бар ауылдық округтер мен кенттердің алдағы жылу маусымына дайындығы мәселелері бойынша аудан басшылығымен талқылау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Созақ–Шу ауыл аралық жолдарының қазіргі техникалық жағдайына байланысты тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, шұңқырлы (ямалық) жөндеу жұмыстарының әлі толық аяқталмағанын айтты. Осыған байланысты, аталмыш жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау үшін қажетті қаржыны қарастыру және құрылыс жұмыстарын жүргізуге ықпал ету сұралып, тұрғынға жауапты басқарма басшылығымен байланыс жасалып, құрылыс жұмыстарының алдағы тоқсанда ұйымдастырылатыны жөнінде ақпарат берілді.

Халық қалаулысы қабылдау барысында әлеуметтік жағдайына байланысты өтініш білдірген көпбалалы анаға көмек берді.

Сонымен қатар, Созақ ауылындағы №1 колледж жатақханасының құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуына байланысты колледждің шаруашылық жөніндегі орынбасары қабылдауға келді. Мағауия Тұрысбеков бұл мәселе бойынша құрылыс нысанына барып, қазіргі жай-күйімен танысты. Тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасына тиісті ұсыныс хат жолданады.

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы                         8 қыркүйекте жасаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылышешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатындатұрғындармен кездесу өтті.

Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралыққұқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалықмәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арысқалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялармен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерінортаға салды.
Алғашқы сөзді Ермек Бекбосынов алып, Жолдаудың маңыздылығы мен оның қоғамөміріне әсері туралы жан-жақты баяндады. Одан кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс және Арыс қалалық татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Расиль Байков ойларын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.


Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Президент айқындаған жаңаша тәсілде жұмыс жасаудың  маңызды 7 міндетіне тоқталды.Нұралы Әбішов инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы және туризмді жаңаша дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті цифрлық дамыту, адам капиталын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталып, облыста және қалада атқарылып жатқан жұмыстарды тарқата айтты.

Сондай-ақ, Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.