«AMANAT» партиясы және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Shymkent Half Marathon–2026» марафоны қала өміріндегі маңызды спорттық оқиғалардың біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттері аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға 3 мыңға жуық тұрғын мен қала қонақтары қатысты.
Іс-шараға Мұрат Жолдыхожаев, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, сондай-ақ елге танымал тұлғалар – Қайрат Түнтеков, Марат Достаев, «Миллион» жайдарман командасы, спорт саңлақтары Арман Оспанов пен Біржан Жақыпов, мәслихат депутаттары, еріктілер және қала тұрғындары белсенді түрде қатысты.
Марафонның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев бұл бастаманың қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті:
«Бүгінгі марафон – тек спорттық жарыс қана емес, бұл – салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру жолында осындай бұқаралық іс-шаралардың рөлі ерекше. Қатысушылардың әрқайсысына сәттілік тілеймін, бастысы – жеңіс емес, белсенділік пен денсаулық!», – деді ол.
Жарыс бағдарламасы барлық жас ерекшеліктерін қамтыды: балалар 500 метр қашықтықта бақ сынаса, ересектер 5, 10 және 21,1 шақырым аралығында жүгірді. Қатысушылардың спорттық әлеуеті 30 жасқа дейін, 40 жасқа дейін, 50 жасқа дейін және 50 жастан жоғары санаттары бойынша бағаланды. Нәтижесінде үздік шыққан спортшылар арнайы алғыс хаттармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Марафонда ерекше көзге түскендердің бірі – 11-сынып оқушысы Рамазан Өскенәлиев. Ол 5 шақырымдық қашықтықты небәрі 17 минутта жүгіріп өтіп, қарсыластарынан оза шауып, жеңімпаз атанды.
«Өте керемет көңіл күйдемін. Бұл марафонға алдын ала тыңғылықты дайындалдым. Бүгін сол еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұған дейін де қатысқанмын, бірақ бұл – алғашқы жеңісім. Осындай мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – дейді жас жеңімпаз.
Іс-шара барысында қатысушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. Жүгірушілерге су мен жеміс-жидек таратылып, көрермендер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнер жұлдыздарының өнер көрсетуі марафонның сәнін арттырып, қатысушыларға ерекше серпін берді.
Жалпы, «Shymkent Half Marathon–2026» – спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі ғана емес, қоғамды біріктіретін, белсенді өмірге ынталандыратын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалына қарасты «Ұлағат» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сейтжанов өткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында Шәуілдір және Шытты ауылдарындағы айналма жол мәселелері көтерілді. Аталған мәселеге қатысты халық қалаулысы Нұржан Серікжанұлы, жұмыстарды облыстық бюджет есебінен шешуге атсалысатынын жеткізді.
Сонымен қатар депутатқа аудан тұрғындары жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, тұрмыстық мәселелер бойынша өз өтініш-тілектерін білдірді. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, заң аясында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимовтің жетекшілігімен уақытша депутаттық комиссия жұмысы жалғасуда.
Комиссия мүшелері облыстық денсаулық сақтау мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына қарасты Түркістан қаласында орналасқан бірқатар мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысып, саладағы өзекті мәселелерді зерделеді.
Атап айтқанда, депутаттар Түркістан қалалық орталық ауруханасына, №1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін «Жігерлі жүрек» орталығына барып, мекемелердің материалдық-техникалық базасын, қызмет көрсету сапасын және мамандардың жұмыс жағдайын көрді.
Уақытша депутаттық комиссия құрамына енгізілген облыстық денсаулық сақтау мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары өздері жетекшілік ететін салалардағы өзекті мәселелер жөнінде баяндап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Алмкс Алтайұлы көтерілген мәселелерді жан-жақты талдап, тиісті ұсынымдар әзірлеу және оларды облыстық мәслихат деңгейінде қарау қажеттігін атап өтті. Комиссия жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.
«Қазығұрт», «Қапланбек», «Бауыржан Қонысбаев» және «Атамекен» – бұл жай ғана кеден бекеттері емес, Қазақстан экономикасының шекарадағы стратегиялық тіректері. Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары кеден бекеттерінде анықталған кемшіліктерді назарға алып, 16 ақпан күні осы салаға жауапты мекеме басшыларының баяндамасын Түркістан қаласында өтетін тұрақты комиссия отырысында тыңдайтын болады. Осыған орай, аталған мәселені зерттеу және дайындау бойынша Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтің Өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылды.
Комиссия төрағасы – облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков. Түркістан облыстық мәслихатының уақытша депутаттық комиссиясының мүшелері – Дулат Әбіш, Инара Намазбаева, Алтынсары Үмбетәлиев, Бекжан Айтқұлов, Нұржан Жамалбеков, Жәнібек Сүлейменов, Ержан Үсентаев шекаралық кеден бекеттерін аралап, өткізу жүйесінің жұмысымен, жаңғырту барысымен және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты.
Қазіргі таңда Түркістан облысының аумағында барлығы 8 кеден бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде бірқатары жаңғыртудан өтіп, заманауи техникалық құралдармен және цифрлық жүйелермен жабдықталған.
«Қазығұрт» – транзитке серпін берген қақпа. Кеден бекеті 2025 жылдың 12 желтоқсанында қайта іске қосылған. Облыстық мәслихат депутаттарынан құралған уақытша комиссия мүшелері алдымен жаңғыртудан өткен аталмыш бекетте болды. Еуропа мен Қытайды Орта Азия арқылы жалғайтын маңызды дәлізде орналасқан бұл нысан бүгінде өңір экономикасының тірегіне айналып отыр.
Жаңғырту нәтижесінде бекет аумағы 2,5 гектардан 4,8 гектарға дейін кеңейіп, жүк көліктеріне арналған жолақтар саны 2-ден 6-ға дейін артты. Заманауи сканерлеу, радиациялық бақылау және автоматтандырылған тіркеу жүйелері енгізілген.
Өткізу қабілеті тәулігіне 250 көліктен 1 000 жүк көлігіне дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2025 жылдың 11 айында экспорт көлемі 57 пайызға өсіп, бекет арқылы өткен жүк ағыны айтарлықтай артқан.
Депутаттар «Қазығұрт» кеден бекетіндегі жөндеу жұмыстарының кешеуілдеу себептерін нақтылап, нысан ішіндегі анықталған олқылықтарды мердігер мекеме қайта қалпына келтіріп жатқанын жеткізді.
Қазақстанның оңтүстік қақпасына айналған «Қапланбек» кеден бекеті – адам мен көлік ағыны ең тығыз нысандардың бірі. Жаңғыртудан кейін бекет тәулігіне 50 мыңға дейін жолаушы қабылдай алатын заманауи хабқа айналды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 10 мың адамды құраған.
Түркістан облыстық мәслихатының бір топ депутаты бекетке арнайы барып, жаңғырту жұмыстарының сапасын және шекарадан өту барысын бақылады. Бүгінде барлық рәсімдер толық цифрландырылып, «Бір терезе» қағидаты енгізілген.
«– Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін шекарадан өту уақыты 5 минуттан, ал жеңіл көліктер үшін 10 минуттан аспайды. 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап қайта жұмысын бастаған бекет халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, өңірдегі туристік және экономикалық қозғалысқа тың серпін беріп отыр. Дегенмен облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге өзекті мәселелерді де басты назарға алып отырмыз. Яғни, кеден бекетіндегі ашықтық пен адамдарға қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы маңызды. Сондықтан сала мамандарына бірқатар ұсыныстар да жолдадық.» — деді уақытша депутаттық комиссия төрағасы Мағауия Тұрысбеков.
«Бауыржан Қонысбаев» өткізу бекеті Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ететін маңызды нысандардың бірі. Ташкент облысындағы «Яллама» бекетімен түйісетін бұл өткел екі ел арасындағы сауда-саттық пен транзиттік тасымалдың негізгі буынына айналған.
Ауқымды реконструкциядан кейін автомобиль жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылып, бақылау-өткізу рәсімдері жеделдетілді. Қазіргі таңда бекет арқылы тәулігіне 1000-ға жуық көлік шекарадан өте алады.
Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Атамекен» кеден бекеті – жаңғырту мен цифрландырудың жарқын үлгісі. 2023 жылдан бастап енгізілген инновациялық шешімдер нәтижесінде өткізу қабілеті 300-ден 500 автокөлікке дейін артты.
Электронды кезек, автоматтандырылған рәсімдер және 6 жолақты қозғалыс жүйесі кептелістерді азайтып, шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта мұнда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы мен «Атамекен – Дарбаза» теміржол желісінің іске қосылуы өңірдің инвестициялық тартымдылығын еселей түспек.
Мен өз басым егемендік алғаннан бергі Конституциялық өзгерістердің бәрін саралап шықтым. Әр өзгеріс пен толықтырулардың уақыт талабына сай орны бар. 2022жылғы Конституциямызда 9 бөлім , 99 бап болса, Жаңа жобада 11 бөлім 95 бап. Менің бүгін тоқталғым келетін жаңа Конституция жобасындағы VI бөлімдегі халықтың құлағына жағымды естілген Қазақстан Халық Кеңесі деп аталатын 70-ші және 71 баптар. Құлаққа жағымды дейтін себебім, халық әркезде билікке ойын жеткізгісі келеді, мәселенің шешілуін қалайды, биліктен кері байланыс күтеді. Халық Кеңесі ұғымының ұтымды тұсы дәл осы жүрекке жетуден басталады. Жүрекке жетсе әрине көңілге үміт ұялайды, нәтижеге қол жеткізілсе халық пен билік арасында сенім орнығып, билік пен арадағы алшақтық азайады.
Енді мен аздап өткенге шолу жасағым келіп отыр. Шынтуайттап келгенде Халықтық Кеңес шетелдік тәжірибе көрсеткен тиімді институт. Францияның «Азаматтық конвенциялар» жүйесі арқылы жинақталған ұсыныстар мемлекеттік шешімдерге негіз болды, Германияда қоғаммен кеңесу-міндетті процесс болып қалыптасқан. Швеция,Норвегия, Финляндияда мемлекеттік реформалар міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтеді,ал Ұлыбританияда ірі реформа пікірталас ашық жүргізілу арқылы ұсыныстар жинақталады. Бұндай халықпен кеңесу басқару мәдениетінің бір бөлігіне айналып, халықтың сенімі мен тұрақтылықтың артуына жақсы ықпал етеді. КСРО Жоғары Кеңесінің формалды жұмыс жасағаны бәрімізге аян. Жоғарғы Кеңесте небір мықтылар болды соған қарамастан заң қабылдайтын өкілетті билік құрамына сауыншылар не болмаса завод, фабрика жұмысшылары да сайланды. Әрине, еңбек адамын қадірлеген дұрыс, алайда олардың заң нормаларын сол кездерде талқылауға ой мүмкіндігі қаншалықты жете қойды екен?! Ал, егемендік алғаннан кейінгі елімізде құрылған Жоғарғы Кеңес Егемендік декларациясын және тәуелсіздік туралы заң мен 1993 жылғы бастапқы Конституциямызды қабылдағанмен, қабылданған Конституция ескі кеңес дәуірінің сарқыншақтығынан арыла алмай тәуелсіз елдің даму сұранысына толық жауап бере алмады. Содан барып 1995 жылғы Конституциямыз қабылданды. Өмір сынап сияқты. Ел, заман сұранысы да дәл сондай көз ілеспей өзгеруде. Осыған дейін Конституцияға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бірі 2022 жылғы 33 бапқа референдум арқылы өзгеріс енген Конституция. Ал, бүгінгі талқылап отырған жаңа Конституция жобасындағы жоғарыда айтып кеткен 70-ші баптағы Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Құрамы 126 адамнан құралатын Халық Кеңесі , этномәдени бірлестіктерден, мәслихаттар мен қоғамдық кеңес арқылы қоғамдық ұйымдардан тұрады,ал құрамын қалыптастыру тәртібі , өкілеттілігі , қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады, жоғарғы органы сессия болып табылады, сессия кемінде жылына бір рет шақырылатын болады. Төрағаларды Президенттің өзі тағайындайды. 71 бапқа келсек, Халықтық Кеңес мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтықты нығайту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар, Құрылтайға заң жобаларын енгізеді, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Қазақстан Халық Кеңесі халықтың сөзін ең бірінші еститін, оны билікке , заң шығарушы органға нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ашық алаң. Бұл құрылым қағаз жүзінде емес шынайы халықпен қоян-қолтық пікірлесіп өмірде жұмыс жасайтын алаң болады. Халық өз пікірінің, ұсыныстарының ескерілгенін көргенде әрине реформаны қолдайды. Келешекте Халық Кеңесі ел дамуына оң әсер ете алатын, стратегиялық шешімдердің дүниеге келуіне ықпал ететін институтқа айналады. Халық Кеңесі жөніндегі әлемдік тәжірибеге сүйенсек біз бұдан ұтпасақ ұтылмаймыз, өйткені Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы берілуі құрылымның саяси үдерістерге қатысуын барынша ілгерілетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай Халық Кеңесі құзіретіне Ұлттық Құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясының міндеттері өтетін болады. Халық Кеңесі жаңадан құрылатын мемлекеттік орган болады Кеңес өңірлерден түскен ұсыныстар мен пікірлерді жинақтап қана қоймай сараптап, басты бағыт басымдықтарымызды, негізгі жалпыұлттық күн тәртібіне енетін құндылықтарымыздың биліктің құлағына жеткізіп, мемлекеттік саясаттың оң қалыптасуына- ықпал етеді. Халық Кеңесі халықтың үнін естіп қана қоймай оның шешілуіне ықпалы зор құрылым болады, ал заң шығару құқығы жаңа Парламент -Құрылтайдың еншісінде қалатын болады. Жалпы айтқанда, Конституцияның жаңа жобасы бойынша Кеңестің құрылуы Қазақстанның жаңа басқару мәдениетіне қадам басқанының белгісі. Халық Кеңесі батыл нақты ой орталығына айналған тұста шын мәнінде саяси жүйе күшейе түсетін болады. Сонымен қатар, Кеңес маңызды идеологиялық құжаттарды түсіндірумен, насихаттаумен айналысатын болады. Енді тағы бір айта кететін мәселе жүйелі түрде Халық Кеңесінің жақсы жұмыс жасауы Кеңестің құрамының салмақтылығына байланысты, неғұрлым сөзі өтімді танымал тұлғалар енген сайын сапалы жұмыс болатыны сөзсіз. Менің ойымша бәріне «Сіздікі дұрыс» деушілер Кеңес мүшелігі қатарында болмауы тиіс. Кеңестің мықтылығы сапалы ойлы азаматтар құрамында болуына байланысты. Халық Кеңесі әлемдік және дәстүрлі діндер сьезін, мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу де Кеңестің құзіретіне кіреді» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Кеңес ел азаматтарынының үмітін үкілейтін билікке жеткізетін, шешімін табуға ықпал ететін құрылым, Әділетті Қазақстанды құрудағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеологиясының тамызығы. ал Конституциялық реформа- саяси жүйенің жаңғыруы.
ЖАНТӨРЕЕВА КАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының облыстық жетекшісі
Ел болашағы үшін жасалып отырған ауқымды реформа халыққа әділетті жағдай жасап, мәдени-рухани дамуға жол ашып, еліміздің дамуына зор серпін берері анық.
Әрине, аталған реформаларды жүзеге асыру – жаңа конституциялық үлгіге көшу деген сөз.
Осыған байланысты, қоғамдағы ұсыныстарды сараптап, қорытындылау және нақты өзгерістер жобасын дайындау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Конституциялық комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, өңірлердің мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандармен толықтырылды.
Жалпы, Конституция нормаларының шамамен 86 пайызына өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Өздеріңіз білесіздер, Жаңа Конституцияның жобасы 30 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, барлық комиссия отырыстары ашық өткізіліп, ресми ақпарат көздерінде тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сол комиссия отырыстарында талқыланған, жаңа өзгерістерді қысқаша түсіндіріп өтейін.
Конституция преамбуласы туралы
Конституция преамбуласы толығымен жаңартылып, ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам ретінде ұсынылды.
Преамбулада Қазақстанның біртұтас ұлт екенін көрсету, унитарлық құрылымын және аумақтық тұтастығын сақтау, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаттары да ұсынылды.
Сондай-ақ, табиғатты қорғау, экологияны сақтау, мәдениет пен рухани құндылықтарды, ғылым мен білімді, инновацияларды дамытуКонституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс тапты.
«Құрылтай» құру туралы
Заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган «Құрылтай»болып белгіленді.
Жұмыс тобы ұсыныстар негізінде Құрылтайда 145 депутат болуы тиісдеген шешімге келді. Депутаттарға қойылатын талаптар қазіргі Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптармен теңестірілді, яғни 25 жастан асу және соңғы 10 жылда Қазақстанда тұрақты тұру қажет. Депутаттар пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланады, бұл Мемлекет басшысының Жолдауындағы бастамамен сәйкес келеді.
Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытып, институттық рөлін күшейтеді және саяси жауапкершілікті арттырады.
Жаңа Құрылтай депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жылға белгіленді, бұл құрамды жаңартып отыруға және сайлау науқандарының жиілігіне тиімді.
Бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі үш оқылымда жүргізілуі ұсынылды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады, үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық дұрыстығын қамтамасыз етеді. Заң шығару үдерісінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін Парламент болмаған кезде бұл функция Президентке жүктеледі.
Парламенттегі квоталар бойынша тек әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақталады.
Қазіргі Конституцияға сәйкес, Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген.
Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесі Құрылтайдың келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсынысайтылды.
Бұған қоса Президенттің ұсынысы бойынша Жоғары сот судьяларын сайлау құзыреті де Құрылтай депутаттарына беру ұсынылды.
Вице-президент институтын енгізу туралы
Вице-Президентті Құрылтайдың көпшілік дауысы арқылы Президент тағайындайды, ал қызметтен босатуды Президент жүзеге асырады.
Ол Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастардағы мүдделерді білдіріп, Құрылтай, Үкімет және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда Президенттің атынан өкілдік етеді.
Сондай-ақ Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.
Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады, ал оның өкілеттік кезеңінде депутат болуға, басқа ақылы лауазым атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға және саяси партия мүшелігіне жол берілмейді.
Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормаларды алып тастау ұсынылды.
Халық Кеңесін құру бастамасы
Халық Кеңесі Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін мемлекетіміздің жоғары консультативтік органы екендігі туралы норманы көздеу және Конституцияда жеке бөлім ашу ұсынылды.
Ол халықтың бірлігін нығайтып, негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларынжалғастырады.
Құрамы Қазақстан Республикасы азаматтары қатарынан Мемлекет басшысы тарапынан қалыптастыру көзделген.
Халық Кеңесінің жоғарғы органы жылына кемінде бір рет шақырылатын Сессия болады.
Президент туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін жаңа өзгеріс бойынша Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі.
Қолданыстағы Конституцияда сайлау нақты күнге, яғни желтоқсан айының бірінші жексенбісіне бекітілген. Мұндай норма әртүрлі объективті жағдайларды есепке алуғамүмкіндік бермейді, әрі өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты Конституцияның 41-бабында Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғандаөткізіледі деп көзделеді.
Сайлау өткізу мерзімі мен тәртібін өзгерту Президенттің ант беру уақытына да тиісті түзетулер енгізуді талап етеді.
Осыған байланысты ант сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап, 1 ай ішінде беріледі. Бұл нормамен де нақты күнтізбелік күннен бас тартылып, ант беру күні сайлау нәтижелері жарияланған күнге байланысты айқындалады.
Президент туыстарының мемлекеттік қызметті атқаруға хақысы жоқ деген бап өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар, қазіргі қолданыстағы Конституциядағы «Қазақстан Республикасы – Президент басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деген норманы нақтылап, жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет, басқару үлгісі – Президенттік республика» деп нақты жазу ұсынылды.
Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер туралы
Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалары және Неке мен отбасы құндылықтары күшейтіледі.
Бұл дегеніміз адамның өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық пен «Миранда ережесінің», цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту болып табылады.
Сайлау және сайлану құқығы туралы
Ата заңға жемқорларды сайлану құқығынан айыратын норма енгізуқарастырылды.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтардың сайлауға және республикалық референдумға қатысуға құқығы болмайды.
Сондай-ақ, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе соттылығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған, сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзушылық жасауда кінәсі сотта дәлелденген азаматтардың да сайлануға құқығы болмайды.
Бұл норма қоғамның талабына сай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң талаптарды күшейтетін маңызды түзету болып саналады.
Адвокаттардың мәртебесі туралы
Ата заңға адвокаттардың мәртебесін нығайтатын нормалар енетін болады.
Қылмыстық процесте прокурормен тең дәрежедегі тарап ретіндеадвокаттардың құқықтық мәртебесіне арналған арнайы бап енгізіліп отыр.
Бұл азаматтың құқықтарын қорғауға нақты мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, сот шешімінсіз ұстауға жол бермеу кепілдіктері, құқық қорғау органдарының ұсталған азаматқа сол сәттің өзінде оның құқықтарын түсіндіру міндеті секілді түйінді сұрақтар қамтылған.
Адам капиталы туралы
Жаңа Констиуцияның орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияайқындалып отыр.
Конституцияның жаңа мәтінінде 1-бөлімнің 1-бабының 3-тармағында «Қазақстан Республикасы – адам капиталының, білімінің, ғылымының, инновацияның дамуын мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп жазылған.
Бұл мемлекеттік саясаттағы түбегейлі, маңызды бетбұрыс. Яғни мемлекеттің болашағы қазба байлықтарында емес, білім мен ғылым, адами капитал және азаматтардың жетістігінде дегенді білдіреді.
Жеке деректер мен хабарламалар құпиясы туралы
Жаңа Конституцияда жеке деректер мен хабарламалар құпиясы қорғалады.
Конституция жобасында сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне, зияткерлік меншік ұғымына қатысты ережелер ұсынылды.
Яғни, банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің және байланыс құралдарындағы өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалатыны ерекше көрсетіліп отыр.
Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін хабарламаларға да қатысты.
Жалпы, Жаңа Конституция жобасына жоғарыда аталған нормалар енгізілді.
Конституциясының алғашқы жобасы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты.
Сонымен бірге, «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімде мемлекеттің ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын ережелер қарастырылды.
«Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген.Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді.
Ұсынылған өзгерістердің барлығы еліміздің мемлекеттілігі мен саяси жүйесінің нығаюына үлес қосатын маңызды қадам деп ойлаймын.
Сондықтан, осындай ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру үшін баршамыз бірігіп, қолдау білдіріп, болашақ ұрпақ үшін әділ әрі өркениетті қоғам қалыптастыруға атсалысамыз деген сенімдемін.
СЕРЖАН БАЙСБАЕВ – САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы , тұрақты өсім мен халық игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар деп айтуымызға болады. Соңғы жылдары Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өңірдің экономикасы әртараптандырылып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция, инфрақұрылым және әлеуметтік салада нақты ілгерілеу байқалуда. Бұл өзгерістердің барлығы ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Сондықтан ауыл шаруашылығы өңір экономикасының тірек саласы болып қала береді. Соңғы жылдары егін және мал шаруашылығында өнім көлемі артып, су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде. Тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері егістік алқаптардың тиімділігін арттырып, шаруалардың табысын көбейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы қарқынды дамуда. Жаңа зауыттар мен өндіріс орындары іске қосылып, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері және қайта өңдеу салаларына басымдық берілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті бюджет кірісін ұлғайтты. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облыстық мәслихатындағы фракцияның кезекті жұмыс жиынында атап өткен болатын.
«- Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының маңызды саласы болып табылады. Жыл басынан өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрап, өсім 101,2 пайыз деңгейінде орындалды. Өндірілген өнім бойынша республикада көшбасшымыз. Мемлекет басшысы қайта өңдеу өндірісін дамытып, экономиканы әртараптандыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты облыста 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді: мақта өсіруден бастап – жіп, мата, джинсы сияқты дайын тоқыма өнімдерін шығарады. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд. теңге инвестиция тартылады. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші 60 центнерге жетеді. Нәтижесінде, 229 мың тонна мақта өңделеді. 2 мақта өңдеу зауыты және 2 су үнемдеу технологиясын шығаратын өндірісі іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталды. Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауытының құрылысы аяқталып келеді. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ет кластері бағытында 7 жоба іске асырылуда. Жоба құны 50 млрд.теңге, қуаттылығы 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады. Орталық Азияда баламасы жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда. Сонымен қатар, инвестиция және кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғарғы көрсеткіште. Түркістан облысы инвестиция тарту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құрылып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып, қызмет көрсету, сауда және өндіріс салаларында жаңа жобалар жүзеге асуда. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетін күшейтіп, кәсіпкерлік белсенділікті арттырды. Сонымен қатар, әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Ауылдарда жаңа мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері мен спорт нысандары салынуда. Денсаулық сақтау саласында фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет қолжетімді бола түсті. Ауыз сумен, табиғи газбен қамту көрсеткіштері де жылдан-жылға жақсарып келеді. Инженерлік инфрақұрылымның дамуы ауылдардың көркеюіне және халықтың өмір сүру сапасының артуына тікелей әсер етті. Жұмыспен қамту және халық әл-ауқаты да жақсара түсті. Жаңа өндірістер мен инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етті. Жастарды жұмыспен қамту, кәсіби даярлау және қайта оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл шаралар халық табысын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жүйелі түрде жүзеге асуда. Экономиканың өсуі, инвестицияның артуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсаруы – барлығы да халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын тауып, Түркістан өңірі тұрақты дамыған, өмір сүруге қолайлы аймақтардың біріне айналады деп сеніммен айтуға болады.» – деді өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлы.
Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 2023-2027 жылдарға 136 индикатор, 568 іс-шара жоспарланса, соңғы екі жыл, он айда кешенді жоспар 55 пайызға немесе 313 іс-шара толығымен орындалған. Оның ішінде ағымдағы жылға жоспарланған 121 іс-шараның 77-сі немесе 64 пайызы жүзеге асырылды. Қалған тармақтардың орындалуы жыл қорытындысымен әзірленетін статистикалық мағлұматтармен құрылымдалатын болады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat», «Turkestan Агро» және «Бесқара» ет өңдеу кешендері іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде, қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге жағдай жасалып отыр. Кластерлік бағыт, отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік бермек. Аталған үш кластерді дамыту есебінен 2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд.теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.
Айта кетейік, Мәжіліс жұмысына Әйелдер қанатының жетекшісі Шолпан Каринова, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева, облыстық мәслихат депутаттары –фракция мүшелері, басқарма, департамент және басқарма басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жұмыс жиынының күн тәртібінде 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың есебін тыңдау, облыстық мәслихаттың депутаты, Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреқызының атқарған жұмыстарының есебін және Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Мәжілісте Жол картасына енген барлық тармақтар бойынша нақты ақпараттар беріліп, бағдарламаларды жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асыру – өңірлік дамудың басты тетіктерінің бірі екендігі айтылды. Бұл бағытта облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың үйлесімді ықпалдастығы нақты нәтижелерге жеткізіп отырғаны айтылды.
Сондай-ақ, Қалыйма Жантөреқызы өзінің депутаттық қызметі жөнінде де есеп бере отырып, Кентау қаласындағы «Жұлдыз» бала бақшасын күрделі жөндеуге, Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына жеке ғимарат алуға қаржы бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы бастамаларға қолдау көрсеткен облыс басшылығына, депутаттық корпусқа, фракция басшылығына алғысын айтты. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша фракция депутаттары 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдап, бекітті. Жоспарда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, партияның Сайлауалды бағдарламасын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған іс-шаралар қамтылды.
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясына қатыстым. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін 18 мәселе қаралды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен салалық басқарма басшыларының есептері тыңдалып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімдігі жанындағы комиссиялар құрамына тиісті түзетулер енгізілді.
Сессия барысында алдағы жылдарға арналған облыстық бюджет пен өңірдің Даму жоспары бекітілді. Бұл құжаттар өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер болып табылады. Жиын соңында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы сөз сөйлеп, өңір экономикасының оң өсім көрсеткіштеріне тоқталды.
Алдымен баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мәслихат сессиясында маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Алдағы жылдарға арналған облыстық бюджет және Даму жоспары бекітілді. Бұл шешімдер облыстың дамуына оң әсерін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыруды және бюджет қаражатын үнемдеп, елге қажет нақты жобаларға жұмсау керектігін ескертті. Жоспарға сәйкес 2026 жылға облыстық бюджет көлемі 1,3 трлн теңгені құрап отыр. Бюджет шығыстарын қалыптастыру барысында бірінші кезекте міндетті әлеуметтік төлемдерді толық қарастырып отырмыз. Сондай-ақ құрылысы басталған нысандардың мерзімдерінің созылып кетпеуіне және бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында осы жобаларды аяқтауға басымдық бердік. Мемлекет басшысы биыл экономиканың өсімін 7 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағытта облыста атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде өңірдің экономикалық өсімі 114,8 пайызды құрап, республикада жоғары көрсеткішке ие болып отырмыз. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты. Экономикаға 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Жұмыс орындары, зауыттар мен кәсіпорындар ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға түсті. Бұл жетістіктерге өздеріңізбен бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткіздік деп санаймын. Өңіріміздің дамуы үшін әкімдік пен мәслихат ынтымақпен жұмыс істеуі тиіс. Бірлік болса, тірлік берекелі болады. Сондықтан халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында жоспарланған жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Ел мүддесі жолындағы бастамаларымыз сәтті болып, өңіріміз дами берсін! – деді Нұралхан Көшеров.
Өңір әкімі бүгінде Түркістан облысында экономиканы әртараптандыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әлеуметтік міндеттемелерді толық орындау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ әкімдік пен мәслихаттың өзара ынтымақтастығы өңірдің тұрақты дамуының негізгі кепілі екеніне ерекше назар аударды.
Сессия аясында қоғам дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар депутаттар мен еңбек ардагерлеріне ҚР Парламенті Сенаты төрағасының алғысхаттары табысталды. Алдағы кезеңде мәслихат депутаттары облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, экономиканың өсуін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған жұмыстарды бірлесе жалғастыра беретін болады.
Алтынсары Үмбетәлиев – «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты.
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде Зұлпыхар Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Бахыт Басымбек тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Кестеге сәйкес өткен қабылдауға келген тұрғындар “Сабыр” каналының уақытылы тазаланбауына байланысты шағымын жеткізді. Аталған жайт бойынша халық қалаулысы облыстық «Қазсушар» мекемесіне депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Каналдың қашан тазаланатыны жөнінде ресми жауап алынатын болады. Сонымен бірге алдағы уақытта канал бойынша электр бағаналарын орнату мәселесі «Оңтүстік жарық» мекемесімен бірлесе шешілмек.
Қабылдауға келген тұрғындар құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жолдың жабылуына қатысты мәселе де көтерді.
– Бұл туралы заңсыз қоршау қойған азаматтарға жер инспекциясы тарапынан әкімшілік шаралар қабылданған. Алдағы күндері инспекция басшылығымен қосымша кездесіп, ауыл тұрғындарына толық әрі нақты ақпарат беріледі. Бұл мәселе – менің жеке бақылауымда,-деді Бахыт Мүсірәліұлы.
Тұрғындармен тікелей жүздесу – нақты мәселелердің шешімін жылдамдатуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Әрбір көтерілген өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.