Атқарылған жұмыстар сараланды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жоспарға сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін қарап, алдағы жоспарларды талқылауда.

Кестеге сәйкес, мәслихат төрағасы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айтнұр Мырзагелдінің есебін тыңдады.

Басқарманың мәліметінше, 2025 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер, «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» индикаторы және «Ауылдық елді мекендерді  сапалы мобильді интернетпен қамту» аумағы 95,2% пайызға, «Тұрғын үйлерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту» аумағы 39,8% пайызға жеткізу жоспарланған.

«Ақпарат және байланыс» саласында Түркістан облысында 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 8,8 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111,7 %-ды құрады.

Қазіргі таңда, облыс аумағында индикаторлардың мобильді интернетпен қамту аумағы 95,7% пайызды және үй жағдайындағы интернетпен қамту аумағы 42,7% пайызды құрайды.

Түркістан облысы аумағындағы жалпы 801 елді мекеннің 333 АЕМ 4G және 408 АЕМ 3G технологиялық ұялы байланыс интернет желісімен, 28 АЕМ 2G байланыс желісімен және 421 АЕМ-де талшықты оптикалық байланыс желісімен (бұдан әрі – ТОБЖ) қамтылған.

Қалған 32 АЕМ-де халық санының 250 тұрғыннан аз болуына және табиғи-географиялық күрделі жағдайларға байланысты байланыс және интернет желісімен қамтуға ұялы байланыс операторларының техникалық мүмкіндігі жоқ.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ұялы байланыс желісі жоқ 8 АЕМ ұялы байланыс операторларының жаңа базалық станциясын орнату жоспарына енгізіліп, жыл соңына дейін сапалы байланыс және интернет желісімен қамтылатын болады деп күтілуде.

Осы ретте, облыс аумағында 38 АЕМ халық саны 250-ден төмен болғандықтан министрліктің бекіткен критериіне сәйкес келмегендіктен ұялы байланыс операторларының міндеттемелеріне енбей қалған болса, халық саны 250-ден жоғары тағы 14 АЕМ сапалы мобильді интернет желісімен қамтуды қажет етеді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы облыс аумағында 79 елді мекенде ұялы байланыс және мобильді интернет желісінің сапасы артты. Атап айтқанда, 64 елді мекенде жаңа базалық станция іске қосылып, 15 елді мекеннің қолданыстағы базалық станциясына (2G немесе 3G) модернизация жасау жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, қолжетімділігі қиын ауылдық елді мекендерде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының №6 «КЖҚ қызметтерін ұсыну үшін ғарыш байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдық пункттерге дейін спутниктік арналарды ұйымдастыру» іс-шарасы шеңберінде облыс аумағындағы 8 ауылдық елді мекендерінде (Арыс қаласының Бұлақ, Ақтас, Дарбаза және Қазығұрт ауданының Өгем, Келес ауданының Тартоғай, Түлкібас ауданының Иірсу, Шардара ауданының Құйған, Отырар ауданының Қостерек ауылдық елді мекендері)  «Jusan Mobile» АҚ тарапынан заманауи OneWeb спутниктік жүйесінің станциясы орнатылып, қоғамдық Wi-Fi интернеті жергілікті тұрғындардың қолдануына берілді.

Жалпы, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар  жүргізілген. Алдағы уақытта бұдан қарқынды түрде жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысыТоқтар Усубалиевтың есебін қарап, алдағы жұмыстарды талқылады.

Басқарма басшысының айтуынша облыс бойынша коммуналдық салада жалпы ағымдағы жылы 220 нысан құрылысы іске асырылуда.

Осы нысандардың ішінде 121 нысанқұрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде. Атап айтқанда, басқарма тарапынан         1 нысан, аудан, қала әкімдіктері тарапынан 120 нысан тапсырылатын болады.

2025 жылы ауыз су саласы бойынша жалпы 66 нысанның құрылысына бюджеттен 45,8 млрд.  теңге бөлінді. Соның ішінде, ағымдағы жылы 38 нысанды аяқтап, пайдалануға берілсе, қалған                    28 нысан 2026 жылға өтпелі.

Жалпы ауыз су саласындағы құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда, облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен тұрақты штаб отырысында қаралуда.

Облыс көлемінде кәріз жүйелерімен қамту саласында 16 жобаның құрылысына 7,4 млрд. теңге бөлінген.

Соның ішінде 14 жоба қалаларда іске асырылып жатса, 2 жоба ауылдық елді мекендерде іске асырылуда.

Газдандыру саласында 2025 жылы 80 нысанның құрылысына 20,0 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде ағымдағы жылы 46 жоба (43 елді мекен, 73 мың халық) құрылысы аяқталған. 34 жоба 2026 жылға өтпелі.

Нәтижесінде, газдандыру деңгейі облыста 88,9% құрайтын болады.

Электр қуатымен қамту саласында 2025 жылы жалпы саны 47 нысанның құрылысына 6,9 млрд теңге бөлінді (53 елді мекен, жалпы саны 110,4 мың халық).  

Оның ішінде 25 нысанның құрылыс ағымдағы жылы аяқталса, 22 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі.

Бүгінгі күнге, 19 нысанның құрылысы аяқталып, 16 елді мекенде тұратын 35,0 мың халық тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Қалған 6 нысан құрылысы ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларында аяқталмақ.

Жалпы бұл салада атқарылған жұмыстар айтарлықтай. Дегенмен, өзекті мәселелер де бар. Мәслихат төрағасы осы мәселерді шешу бойынша тиісті жұмыстарды үйлестіруді ұсынды.

Сондай-ақ, Нұралы Әбішов Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қуатжан Жұматаевты қабылдады.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырымды құрайды.

Басқарманың мәліметінше 2025 жылы облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 млрд.теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан н/е 1241,5 шқ. жолдар мен көшелер қамтылуда. Жыл қорытындысымен 233 нысан н/е 951,4 шқ. пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 94,7%-ге жеткізу жоспарлануда.

Есепті кезеңде басқарма, аудан, қала әкімдіктері мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТОФ-ның арасында 123,4 млн.теңгеге келісімшарт түзіліп, филиал тарапынан жалпы 1063 дана сынама алынып, 376 сынама сәйкес келмеді.

Жол құрылыс сапасын арттыру мақсатында облыс тарапынан жол құрылысының нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін сынамалары бойынша жауапты мердігер мекемелерге  40-қа  жуық  ескерту  беріліп,  жалпы 18,4 млн.теңге айыппұл салынып, мердігер мекемелер есебінен 52 920 м2 (10 шқ) немесе 421,4 млн.теңгенің асфальт жабындысы бұзылып, қайта салынды.

Алдыңғы жылдарға қарағанда жол құрылысының нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар саны 30%-ға азайып отыр.

Жалпы, мәслихат төрағасы қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін тиісті жұмыстарды жалғастыруды және қысқа дайындықты ұйымдастыруды ұсынды.  

Бұдан бөлек, мәслихат төрағасы Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму бақармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың есебін тыңдады.

Басқарма басшының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары қорытындысы бойынша 1 256,8 млрд. теңге өнім өндіріліп, негізгі көлем индексі – 113,4% құрады. Аталған салада 350 ден аса кәсіпорын жұмыс жасап, 36,2 мың адам жұмыспен қамтылған.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазуда 2025 жылы қаңтар – қазанда 574,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың қаңтар – қыркүйекімен салыстырғанда нақты негізгі көлем индексі – 115,1% құрады. Жыл қорытындысымен жоспарға қол жеткізу күтілуде.

Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Салада 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.

Ағымдағы жылға өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 58,7 млрд.тг
1 426 жұмыс орнын қамтумен 18 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен жалпы құны 38,1 млрд. теңгеге 1002 жұмыс орнымен 9 жоба іске қосылды.

Шағын өндірістік парктер құрылысы да жүзеге асырылуда. «Өндірістік парк» құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда электр энергия – 4,9 МВт, газ – 882 м3/сағ, су мен кәріз жүйесі, көгалдандыру және асфальт жолдары жүргізілген.

Одан бөлек, индустриялық аймақтарда жалпы құны 152,3 млрд теңге болатын, 6 017 жұмыс орнын құруды көздейтін 96 жоба орналасса, қазіргі таңда жалпы құны 39,5 млрд теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 2 609 адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы, барлық басқармаларда көптеген жұмыстар атқарылған. Өз кезегінде, мәслихат төрағасы осы жұмыстарды ары қарай жандандыруды ұсынды.

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстармен танысып,  алдағы жоспарларды талқылады.

Басты мақсат, басқармалармен байланысты одан әрі нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, мәслихат төрағасы бүгін бірнеше басқарма басшыларын қабылдады.

Атап айтқанда, Нұралы Әбішов облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Асановтың атқарылған жұмыстартуралы ақпаратымен танысып, алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында Түркістан облысы аумағындағы қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы сөз болды.

Басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Асанов  аудан, қала әкімдіктері тарапынан берілген мәліметтерге мониторинг жүргізіліп, 604 заңсыз құрылыс анықталғанын баяндады. Түркістан облысының қала, аудан әкімдіктерінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері өз бетінше салынған құрылыстарды болдырмау мақсатында ауыл, елді мекен тұрғындарына түсіндірме жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, заң талаптарын сақтамай салған құрылыстарды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына шара қабылдау үшін тұрақты жолдауда.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткізілетін «Сәулеттік жобалар бойынша» мәжіліс 9 айдың қорытындысы бойынша 8 рет ұйымдастырылып, 87 эскиздік жоба қаралған. Оның ішінде,     15 жоба Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан, 46 жоба сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан, құрылыс басқармасы мен жобалаушы мекеме тарапынан  3 жоба және «Тұран» арнайы экономикалық аймағы» тарапынан 23 жоба қаралды.

Жалпы облыс бойынша жалпы 801 елді мекен бар болса, соның ішінде, 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарларын жылдың соңына дейінәзірлеу жоспарланған. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы (Байжансай, Үсіктас е/м), Сарыағаш ауданы (Тыңтөбе, Бағыс, Дастан е/м), Арыс қаласы (Бұлақ, Дарбаза е/м) бас жоспарларын әзірлеу жұмыстары аудан, қала әкімдіктері тарапынан жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістан облысында қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сәулеттік келбеттің дизайнын (дизайн код) әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстар, әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Нұралы Әлмаханұлы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының есебін тыңдады. Басқосуда басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Жаңабергенов атқарылып жатқан жұмыс барысын айтып өтті. Түркістан облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаны жалпы сомасы 293,8 млрд. теңгені құраған.

Басқарма облыс көлеміндегі тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына талдау жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыс көлеміндегі мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілі арқылы жыл басынан Заң талаптарына сәйкес келмейтін жалпы соммасы 8,2 млрд. теңгені құрайтын негізсіз түзілген 263 келісімшарт анықталған.

Жүйелі жұмыс атқарылуы үшін Түркістан облысы әкімінің жыл басында берген тапсырмасына сәйкес,  Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі тапсырыс берушілерге ай сайын мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру үшін онлайн және офлайн түрде оқыту семинарлар тұрақты түрде өткізілуде.

Бұдан бөлек, басқарма және Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Электрондық коммерция орталығы ЖШС-і  ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» орталығында ағымдағы жылдың мамыр айында аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында 250 маманға семинар өткізілген.

Одан бөлек, облыстық мәслихаттөрағасына облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Дәулетқұл Тайшман өңіраумағындағы құрылыс нысандарын қадағалау бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.

Басқарманың мәліметінше, есепті кезеңде құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 613 өтініш қабылданып, 291-і қанағаттандырылды, 219-ы дәлелді бас тартылған. Оның ішінде, лицензия алуға қатысты 151 өтініш тіркеліп, 42 өтініш бойынша дәлелді бас тартылса, 109 өтініш қанағаттандырылған.

Облыс бойынша ағымдағы жылғы 10 айда 1282 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, бақылауға алынған.

Оның 212-сі бюджеттік, 216-сы инвестициялық жоба, 854-і жеке кәсіпкерлік нысан. Құрылысы аяқталып, заң талаптарына сай пайдалануға қабылданған нысандар саны – 958. Оның 279-сі бюджеттік, 679-ы жеке және инвестиция жоба.

Басқарма тарапынан өз бетінше салынған 30 заңсыз жеке кәсіпкерлік нысандарды мәжбүрлеп бұздыру туралы талап-арыздар сотқа жолданып, 5 нысанды бұзуға сот шешімі шықққан. 25 іс сотта қаралуда.

Жалпы басқарма басшылары атқарылған жұмыстарды хабарлай отырып, алдағы жоспарлары мен ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов басқарма басшыларының атқарған жұмыстарды атап өтіп, алдағы жұмыстарды тиімді жоспарлауды ұсынды.