Түркістан облысында интернет алаяқтарға қарсы ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

Түркістан облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті тұрғындарды интернет алаяқтықтан қорғау және «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі ілгерілету мақсатында облыс бойынша бір уақытта бірыңғай профилактикалық шараларды жүргізді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға, халық көп шоғырланған орындарға келген азаматтарға сақтандыру шараларын түсіндірді, ал дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлер, аялдамалар және банк ғимараттарына ақпараттық жабыстырмалар орналастырылды.

Бұл шаралар интернет алаяқтық әрекеттерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының саны артқан

2025 жылдың 12 айында Түркістан облысы бойынша 1274 (2024 жылы 12 айы – 1065) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 15,4% – ға артты (1625тен 1876ғадейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1% – ға өсті (1356дан 1602ке дейін), қаза тапқандар саны 1,9% – ға өсті (269дан 274ке дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар,Сайрам – 183, Түркістан қаласы – 177, Жетісай – 175, Арыс – 84, Түлкібас – 72, Келес – 68, Шардара – 64, Төлеби – 52, Ордабасы – 52, Отырар – 52,Сарыағаш – 49, Созақ – 47, Сауран – 45, Кентау қаласы – 41, Қазығұрт – 39, Мақтаарал – 38, Бәйдібек – 36.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып қала береді, атап айтқанда: белгіленген жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуі, қашықтықты сақтамау және т.б.

Құрметті облыс тұрғындары, сондай-ақ қонақтар мен туристер жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https://qamqor.qov.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

 

#заң_және_тәртіп
#закон_и_порядок