Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы нормақосымша пысықталатын болады.

«Қазақстан заңгерлер одағы»республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі қолданыстағы құжатқа түзету ғана емес, шын мәнінде жаңа Конституцияны қабылдау туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді деген пікір білдірді.

Серік Ақылбайдың айтуынша, түзетулердің бұл жобасы конституциялық құрылыстың іргелі негіздерін қозғайтын нормалардың айтарлықтай жиынтығынан тұрады.

Атап айтқанда, жаңа институционалдық архитектура қалыптасуда: бір палаталы Парламент, Халық кеңесі, Үкімет қызметінің,сот жүйесі мен құқық қорғау тетіктерінің жаңартылған модельдері.

«Ұсыныстардың ауқымы мен тереңдігін саралай келе қолданыстағы Конституцияның жаңа редакциясы туралы емес, шын мәнінде жаңа Ата заң туралы айтқан жөн деп санаймын», – деді Серік Ақылбай.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекет пен қоғамның басқару тиімділігіне, құқық айқындылығы мен адам құқықтарын қорғауға қоятын талабы жоғары. Осыған байланысты республикада билікті ұйымдастыру негіздері өзгеріп, жаңа институттар қалануда.Осылайша, біз Қазақстанның конституциялық дамуының сапалы жаңа кезеңі туралы айтып отырмыз.

Сонымен қатар ол жаңа Конституция мемлекеттіліктің негізгі құндылықтарының толық сабақтастығын және жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардың дәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Серік Ақылбай Конституцияда дінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекіту бойынша жиынтық жобаға нәтижесінде енген ұсынысын еске салды.

«Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажет деп санаймын. Мұндай толықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», –деді ол.

Сонымен бірге ол адвокатураның мәртебесіне қатысты норманы қосымша пысықтаудың маңызын атап өтті.

«Тұжырымдамалар барынша салмақты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттеріне толық сәйкес келуі үшін әлі де жұмыс жасау керек», – деді Серік Ақылбай.

Жалпы, ол Комиссия дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатыр деген пікір білдірді.

Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында жүйелі диалогтың орнықты алаңына айналуға тиіс Халық кеңесін құру жөніндегі бастамалар талқыланды. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Владимир Бубенконың айтуынша, жаңа органның қызметі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, ашық талқылау және шешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

«Халық кеңесі заңнамалық бастама құқығына және республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Оның мәртебесі мен өкілеттігін Конституциялық деңгейде бекіту ұсынылады. Бұл оны бірден мемлекеттік биліктің жүйе құраушы институтына айналдырады», деп атап өтті Владимир Бубенко.

Ол Халық кеңесін құру конституциялық реформаның рухы мен логикасына сәйкес келетінін атап өтті. Бұл нормалар тіпті қоғамды мемлекеттік басқару процестеріне кеңінен тартудың құқықтық негізіне айналды.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, конституциялық құндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі де ерекше маңызға ие.

«Конституция деңгейінде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын бекіту орнықты дамуға деген қоғамдық сұранысты көрсетед іжәне өмір сүру жағдайын сақтауға дегенұжымдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Экологиялық қорғау өз мәні бойынша қоғамды және оның ұзақ мерзімді мүдделерін қорғаудың нысаны», деп атап өтті Мәслихат төрағасы.

Сонымен қатар, Владимир Бубенко Халық Кеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, ішкі саясат пен мемлекеттік идеология бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі функцияларын өз мойнына алатынына да тоқталды.

«Сайып келгенде, Халық кеңесі қоғамдық сенім институтына айналады. Ол азаматтармен мемлекет арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мүдделерін келістіріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығын арттырады. Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдаған жағдайда.

Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады», деді Владимир Бубенко.

Тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Түркістан облыстық мәслихатының Шымкент қаласындағы өкілдігінде облыстық мәслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар жеке шағын шаруашылықпен айналысатын азаматтарға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Өтініш иелеріне көтерілген мәселелерге байланысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді.

Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтар жер учаскесіне кезекке тұру және балалар ойын алаңшаларына қатысты мәселелерді көтерді. Аталған сұрақтар бойынша тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында толық ақпарат ұсынылды.

Айта кетейік, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы хабарлама

Құрметті жұмыс берушілер! ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы,

15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші: жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл жөнінде, Сіздерге enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жіберілген.

Осы орайда, Сіздерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз! Себебі, 2026 жылдың бірінші тоқсанында аталған сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарға тексеру жүргізу жоспарлануда.

ЕСКЕРТУ! ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талабына сәйкес, міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасаспауы мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне (4 325 000 теңгеге) дейін айыппұл салуға әкеп соғады (2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгеге тең).

Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Аталған сақтандыру түрін уақытылы рәсімдеу еңбек заңнамасының талаптарын орындауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетуге септігін тигізеді.

Сақтандыру шарты жасалған кәсіпорын жұмыскерінің сақтандыру компаниясынан алатын көмегі

КӨМЕК АЛУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(мысал ретінде)

Аты-жөні

Туған күні/жасы

23.07.1992 жыл/34

Жынысы

Ер

Мамандығы

Жүк тасушы

Отбасылық жағдайы

Үйленген

Шарт жасасу себебі (қайтыс болуы/кәсібиеңбек ету қабілетініңжоғалтуы)

Еңбек жарақаты;
Диагнозы: оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарыныңтравматикалық ампутациясы;
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленген күн: 01.11.2024 жыл;
Белгіленген мерзімі: 01.11.2024 – 23.07.2025 жыл аралығына;
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі: 55%;
Жұмыс берушінің кінәсі: 100%;
Мүгедектік тобы: 3.

Аннуитеттік төлемдер кезеңі: 01.11.2024 – 23.07.2025 жыл аралығы;

Орташа жалақы: 120 470,9 теңге;

Сақтандыру төлемі: (66 259 * 1,07) = 70 897 теңге (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);

Сақтандыру төлемі: 70 897 – 24 189 = 46 708 теңге;

Аннуитет факторы (индекстеуді ескере отырып есептеледі) = 330,87 (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);

Сақтандыру сыйлықақысы: 46 708 * 330,87 = 15 454 276 теңге.

ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауыл округіндегі 51 гектар аумақта жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Ecoculture-Eurasia» ЖШС құрылтайшысы Алмас Дауытовты қабылдады. Кездесуде тараптар жобаны іске қосу жайын кеңінен талқылап, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

– Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешені – өңіріміздің агроөнеркәсіптік дамуына серпін беретін маңызды жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағытта отандық ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және импортқа тәуелділікті азайту – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Осы тұрғыда «Ecoculture-Eurasia» компаниясының өнеркәсіптік жылыжай кешенін іске асыру жобасының маңызы ерекше. Жоба аясында жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өнімін өндіру арқылы өңір тұрғындарын жыл бойы сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге, ішкі нарықты тұрақтандыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға нақты үлес қосылады. Жергілікті тұрғындарды оқытуға, кадрлардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді. Бұл – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әрі ұзақ мерзімді дамуға бағытталған көзқарастың айқын көрінісі. Әкімдік тарапынан жобаға қажетті барлық ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі. Біз «Ecoculture-Eurasia» компаниясымен өзара тиімді, сенімді әріптестік орнайтынына сенімдіміз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

«Ecoculture-Eurasia» ЖШС құрылтайшысы жобаны іске қосу бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, қазіргі жағдайды баяндады.

– Өңір қарқынды дамып келеді. Біз жүзеге асырып жатқан ауқымды жоба да аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп сенемін. Қажетті инфрақұрылым толықтай жеткізілді. Бұл бағытта көрсетілген қолдау үшін ресейлік серіктестеріміз де ризашылығын білдіруде. Жастарды Ресейге тәжірибе алмасуға жіберу, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды жыл бойы, яғни жылдың төрт мезгілінде де тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар жылыжай кешенінің аумағын кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз, – деді Алмас Дауытов.

Облыс әкімі Келес ауданында шағын өндірістік парк құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған паркте өнімдерді қаптау, өңдеу және консервілеу цехтарын ашуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Бұл өз кезегінде логистикалық шығындар едәуір қысқартып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін берері сөзсіз.

Жобаны іске асыруға 42 млрд теңге инвестиция салынуда. Жылыжайда жылына 25 000 тонна қызанақ өсірілмек. Жоба толық іске қосылғанда, 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны «Қазақстанның Даму банкі» АҚ тарапынан қаржыландыру мақұлданған. 2023 жылы 23,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Жылыжай толық Нидерланд елінен алып келінген жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде кешеннің 40 гектар аумағында жылыжай блоктарының металл конструкциялары орнатылды. Сыртқы және ішкі желілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимараты, материалдық-өндірістік қоймалары, бақылау-өткізу пунктінің құрылысы жүргізілуде. Қазандық және төтенше жанар-жағармай қоймасының құрылысы аяқталды. 8 жылыжай блогы және техникалық дәліз орнатылуда. Оның 4 блогы мен техникалық дәлізі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуы көктемде өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы жалпы жылыжай көлемі 75 гектарға өсіп, 1715 гектарды құраған. Бұл жұмыстар өңірдің аталған саладағы үлесін 76 пайызға жеткізіп отыр. 2025 жылы жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон мен 13 мың тонна құлпынай өндірілді.