«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ- ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Заң клиникасы аясында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында студенттермен маңызды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Іс-шара барысында студенттерге:
– заң талаптары мен жауапкершілік түрлері,
– есірткі қылмысы үшін көзделген жазалар,
– құқық бұзушылықтың салдары және одан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Cеминарға Шымкент қаласының Әділет департаменті, Полиция департаменті, Адвокаттар алқасы, Жастар ресурстық орталығының өкілі және 300-ден астам студент қатысып, сала өкілдері жастармен ашық пікір алмасты.

Заңды білу – жауапкершіліктен қашу емес, керісінше өз болашағыңды қорғау. Әрбір құқық бұзушылықтың салдары бар екенін жастар ерте түсінуі тиіс. Құқықтық сауаттылық – құқықтық мемлекеттің негізі. Заңды білген жас – өз құқығын қорғай алатын саналы азамат екендігін жиын барысында мамандар баса атап өтті.

#ЗаңМенТәртіп
#ҚұқықтықСауаттылық
#ЖастарЖәнеЗаң
#ЗаңКлиникасы
#заңментәртіп Shymkent
Студенттер
ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*