В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

В городе Туркестан состоялось масштабное и содержательное мероприятие в поддержку конституционной реформы. На фасаде жилого дома, расположенного на территории одного из главных туристических центров города – комплекса Керуен сарай, за счёт личных средств предпринимателей был создан специальный конституционный мурал.


Новый мурал стал художественным отражением процессов политической модернизации страны и смелых шагов на пути построения справедливого общества. В нём посредством современных художественных решений раскрыты смысл конституционной реформы, значение народной воли и единства, идеи верховенства закона и гражданской ответственности.


Данная инициатива реализована при активном участии гражданского общества и предпринимательского сообщества. Проект получил высокую оценку общественности как яркий пример социальной ответственности бизнеса и искренней заинтересованности в будущем страны.


В честь открытия мурала с участием молодежи был организован специальный флешмоб. В ходе мероприятия участники скандировали лозунги в поддержку конституционной реформы и запустили в небо воздушные шары, посвящённые тематике референдума. Этот символический жест стал выражением веры в светлое будущее страны и общей гражданской ответственности.


В рамках акции молодежь выразила своё мнение о значимости реформ и их влиянии на развитие государства, подчеркнув, что Конституция является прочной основой единства, стабильности и справедливости. Патриотическая акция под открытым небом подарила участникам особый эмоциональный настрой и стала запоминающимся событием.


Новый мурал придал дополнительный импульс развитию туристических объектов и ещё больше украсил облик города. Сегодня конституционный мурал на фасаде жилого дома уже стал популярной фотозоной среди молодежи. Это эффективный пример продвижения общественных ценностей через искусство.


Реализованный проект является одной из креативных и содержательных инициатив, направленных на широкое разъяснение значения и сути конституционной реформы. Данное событие в Туркестане — наглядное свидетельство общей гражданской позиции людей, неравнодушных к будущему страны.


Областная Общенациональная коалиция Туркестанской области

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің тұрғындармен кезекті бейресми кездесуі Шардара қаласындағы жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының өндірістік алаңында өтті. Зауыт жұмысшыларымен кездесуге коалицияның Түркістан өңірлік жетекшісі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен азаматтық ұйымдардың белсенділері, жергілікті қоғам белсенділері қатысты.

Жиында жаңа Ата заң өкілеттіктерді бөлу, мемлекеттік билік тепе-теңдігін орнату, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бекіту, еліміздің жаңа стратегиялық даму бағыттарын белгілеу екені айтылды. Бұл өзгерістер ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық сұраныстың және уақыт талабының заңды нәтижесі екеніне баса мән берілді.

Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы Конституция айқындаған әлеуметтік саясаттың басты мақсаты әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау екенін атап өтті. Мемлекет өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттерді атқаруда елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамтып отырғаны, жаңа мектептер мен балабақшалар салуды, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды, жаңа емдеу мекемелерін ашуды белсенді түрде жүргізіп жатқаны айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға, аймақтар арасындағы теңгерімді дамуға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қызмет ететіні жеткізілді.

«- Әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – мемлекет дамуының маңызды бағыты. Халықтың әл-ауқаты артпайынша, экономикалық өсімнің де, реформалардың да толық нәтижесі болмайды. Сондықтан мемлекеттің саясаты ең алдымен адамға бағытталуы тиіс екені Ата заңда нақтыланып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға деген басымдылық конституциялық деңгейде бекітіліп отыр», – деді Нұралы Әлмаханұлы.

Жаңа конституцияның басты ерекшелігі оның адамға бағытталуында екенін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Серманизов та атап өтті. Негізгі заңның әрбір нормасы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, оның өмір сапасын арттыруға және қоғамдағы орнын нығайтуға арналуы қазіргі конституциялық реформалардың өзегіне айналғанын жеткізді.

«- Конституцияның екінші бөлімінде азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері жүйеленіп, олардың әлеуметтік, саяси және экономикалық құқықтары нақты көрсетілген. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Әсіресе, еңбек ету, білім алу, медициналық көмекке қол жеткізу, әлеуметтік қорғау секілді маңызды бағыттар конституциялық деңгейде бекітілген. Сонымен қатар, Жаңа Конституция заманауи сын-қатерлерді де ескерген. Технологиялық даму, цифрландыру, жасанды интеллект дәуірі жағдайында адамның құқығы мен дербес деректерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де Ата заңның назарында болады», – деді Бақытжан Серманизов.

Сондай-ақ Негізгі заң мемлекет қызметінің стратегиялық басымдықтарын айқындап, адами капиталды дамытуға ерекше мән беретіні жеткізіліп, зауыт ұжымы жаңа Конституция нормаларына қолдауын білдіретінін атап өтті.

Коалиция мүшелерінің еңбек ұжымымен кездесу жиыны одан әрі «Қазкрахмал» ЖШС-нің өндірістік алаңында жалғасты. Кездесуде адам Конституция белгілеген мемлекеттің ең басты құндылығы екені айтылды. Бұл қағидат декларативті ұстаным ғана емес, нақты құқықтық тетіктермен бекітілген жүйе екеніне баса мән берілді.

«- Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер күшейтіліп, оларды қорғаудың тиімді механизмдері нақтыланды. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік айқындалып, құқық үстемдігі қағидаты берік орнықты. Негізгі заң мемлекет қызметінің стратегиялық басымдықтарын айқындап, адами капиталды дамытуға ерекше мән береді. Білім, ғылым және инновацияны қолдау азаматтардың әлеуетін ашуға бағытталған ұзақмерзімді саясаттың көрінісі. Себебі қуатты мемлекет ең алдымен білімді, дені сау, әлеуметтік қорғалған азаматтар арқылы қалыптасады», – деп атап өтті кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтындарын және ел дамуының негізгі бағыты – әділетті Қазақстан жолын таңдауға толық сенім білдіретіндерін айтты. Конституция азаматтар құқықтарын қорғаудағы негізгі құрал болып, елдің тұрақты дамуына жол ашатынына сенім білдірді.

Еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздікті күшейту

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттері туралы алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа мәжілісінде 2025 жылы еліміздегі еңбек қатынастары және өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалып, еңбек қатынастары саласындағы ахуалды, өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардың себептері мен оларды болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған негізгі басымдықтар мен стратегиялық міндеттер белгіленді.Өткен 2025 жылы еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздікті күшейту қолға алынған болатын. Сондай-ақ өткен жылы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және өндірістік қауіпсіздікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесі есебінде, еңбек қатынастарына мониторинг күшейтіліп, еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізілді.Жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар кеңейтіліп, кәсіпорындарда тәуекелдерді бағалау тетіктері жетілдірілді, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқыту, түсіндіру және әдістемелік қолдау жұмыстарыұйымдастырылды, әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы өзара жауапкершілік нығайтылды, еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау процестері цифрландыру элементтері арқылы жетілдірілді. Бұл тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік берді. Аталған шаралар еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетуге және еңбек дауларын азайтуға оң әсерін тигізді. Жазатайым оқиғалардың алдын-алу – басты басымдықтардың бірі. Талдау нәтижелері көрсеткендей, өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері – қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, технологиялық тәртіптің бұзылуы және қызметкерлердің жеткіліксіз оқытылуы. Осыған байланысты алдын алу шараларын күшейту, жұмыс орындарындағы қауіп-қатерді жүйелі бағалау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында нақты ұсынымдар әзірленді.

2026 жылға арналған негізгі міндеттерге келсек, алдағы кезеңде еңбек саласындағы мемлекеттік саясат келесі бағыттарға шоғырландырылатын болады:

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және өндірістік тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістерін енгізу;

Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі стандарттарын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру;

Еңбек саласын цифрландыруды жалғастырып, деректерге негізделген басқару шешімдерін енгізу;

Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігін арттыру;

«Еңбек шарттарының есепке алудың бірыңғай жүйесі» арқылы еңбек шарттарын электронды түрде енгізу;

Кәсіби тәуекелдерді бағалау бойынша бекітілген жоспарға қол жеткізу.

«Тұрақты еңбек – қауіпсіз қоғам негізі». 2025 жылдың қорытындысы еңбек қатынастарын реттеу мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетті.

2026 жылы бұл жұмыс жаңа тәсілдермен жалғасып, басты назар адам өмірі мен денсаулығын қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын жасауға және еңбек саласының тұрақты дамуына аударылатын болады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Түркістан облысындағы ақпараттық-түсіндіру жиындары бүгін Түлкібас ауданында жалғасты. Конституциялық реформалар жөніндегі қоғамдық кездесулерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, коалицияның жергілікті өкілдері – Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасы Серғали Сарсенбаев, партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов, ел жанашыры Асланбек Нұранов, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Коалиция өкілдерінің жаңа Конституция нормаларын аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары өңіріміздегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Түлкібас инновациялық кешені» ЖШС-нің өндіріс алаңында жұмысшыларымен бейресми кездесуінен басталды. Компания өңірдегі құрылыс индустриясына үлес қосып жатқан жаңа буын өндірісі орындарының бірі саналады. Мұндағы еңбек ұжымының отандық экономиканың дамуына қосып жатқан ауқымды үлесі бар.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен сөз болды. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер, еңбек адамының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы жөніндегі нормаларға ерекше назар аударылды. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, қауіпсіз еңбек жағдайларына, тынығу және жұмыс уақытының ұзақтығына Конституция бекіткен құқықтық нормалар жан-жақты түсіндірілді.

«Референдум – халықтың еркін таңдауын білдіретін шешуші саяси механизм. Жаңа Конституция азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара міндеттемелерді нақтылайтын, қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды саяси құжат. Жаңа Ата заңның кіріспесінде алғаш рет білім, ғылым және инновацияны дамыту міндеттемелері бекітілді. Бұл құндылықтар еліміздің ұзақмерзімді стратегиялық даму бағытын белгілейтін болады», – деді Сенат депутаты Әли Әбдікәрімұлы.

Конституция бекітетін құқықтық нормалар мемлекеттік биліктің теңгерімді болуын қамту, адами капиталды дамыту, цифрлық экономикаға көшу, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселеллері бойынша Сенат депутаты Мұрат Қадырбек қысқаша айтып өтті.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде конституциялық бастамаларға қатысты азаматтық ұстанымдар білдіріліп, Ата заң жобасында ұсынылған құқықтық нормалардың қоғам үшін өзектілігі атап көрсетілді.

«- Жаңа Конституцияда мемлекет тұтастығы мен қоғам бірлігі ең басты құндылықтар ретінде айқын бекітілді. Негізгі Заңда адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріліп, азаматтардың құқықтары конституциялық деңгейде қорғалатыны нақты көрсетілген. Жалпы, азаматтарға тиесілі негізгі құқықтар, олардың бостандықтары мен міндеттері Конституцияның екінші бөлімінде жүйеленіп, барлығы 30 бапта қамтылған», – деді өз сөзінде Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев.

Елдің тұрақты дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндеттері, бүгінгі уақыт сұраныстарына жауап беретін сенімді құқықтық құжатты қабылдаудың маңыздылығы туралы қоғам белсендісі Асланбек Нұранов, коалицияның аудандық жетекшісі Ержан Жүнісов айтты.

Коалиция мүшелерінің конституциялық реформалар жөніндегі түсіндіру жұмыстары одан әрі «Sas-tobe Trade» ЖШС-нің өндіріс алаңында жалғасып, зауыт жұмысшыларымен бейресми кездесуі өтті. Еркін пікір алмасулар барысында Конституцияның жекелеген баптарында қамтылған құқықтық нормалар талқыланды. Қатысушылар Ата Заңның 3-бабында мемлекет қызметінің негізін құрайтын қағидаттар белгіленгеніне назар аударып, бұл – ел дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындайтын маңызды ұстанымдар екенін жеткізді.

«- Конституцияның 5-бабында азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтетін маңызды норма бекітілген: азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Бұдан бөлек, Конституцияның 8-бабында азаматтардың меншік құқығына кепілдік беріліп, жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілген. Осылайша, Жаңа Конституция мемлекет тұтастығын нығайта отырып, азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді және ұлттық байлықтың халық игілігіне қызмет етуін конституциялық деңгейде бекітіп отыр», – деп атап өтті Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев.

Конституция кепілдік беретін тұрақтылық пен заң үстемдігі өндірістік процестердің үздіксіздігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні туралы және Ата заңның еңбеккерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге ықпалы жөнінде Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Қадырбек пен Алишер Сатвалдиев ақпарат берді. Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев референдум мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерістеріне азаматтардың қатысуына жол ашқан демократиялық процесс екенініне назар аударды. Кездесулерде коалиция мүшелері жұмысшылар қойған сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты.

Жалпыұлттық коалиция алдағы референдумды еліміздің болашағына серпін беретін осы құндылықтарды саналы таңдауға мүмкіндік беретін тарихи сәт деп байыптап, азаматтарды ортақ іске күш біріктіріп, Конституциядағы білім мен еңбекке, әділдік пен тәртіпке сүйеніп, Қазақстанды қуатты, өркендеген, әділетті және жасампаз елге айналдыруға шақырады.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Түркістан өңірінде жаңа Конституция жобасын елге таныстыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жалпыұлттық коалиция мүшелері аудан, қалаларға арнайы барып, азаматтармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді. Осындай жиынның бірі Төлеби ауданындағы «Qazaq Bitum» ЖШС-да өткізіліп, коалиция мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев, облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай, Ханай Әшірбеков және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев еңбек ұжымына заңнамалық реформаның мән-маңызын айтып берді. Оның ішінде жаңа конституциялық өзгерістердің өндіріс саласын дамытудағы рөлі, адал бәсекелестікті қалыптастыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Коалиция өкілдері реформалардың басты мақсаты – экономиканың нақты секторын нығайту, отандық өндірісті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру екенін атап өтті. Әсіресе, адал бәсекелестік қағидаттарын күшейту арқылы кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, өндіріс орындарының тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы өзгерістерге ерекше тоқталды.

— Конституциялық реформа – бұл тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл – әділ экономикалық орта қалыптастырудың негізі. Өндіріс дамымай, ел экономикасы алға баспайды. Сондықтан жаңа өзгерістер адал бәсекеге жол ашып, еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейтеді. Әлеуметтік қолдау шаралары да нақты сектор қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы, – деді Әли Бектаев кездесуде.

Кездесу барысында өндіріс саласының мамандары да өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Коалиция мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформаның әрбір салаға тигізетін нақты тиімділіктерін түсіндірді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз